kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ГККП ясли - сад "Балдырған "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий на 1 мая День единства народов Қазахстана. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ГККП ясли - сад "Балдырған "»

Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта


Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.


Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата- аналар,тәрбиешілер және балалар! Қазақстан халқының бірлік күніне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекелік іс – шарамызға қош келіпсіздер!


Бірлік пен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарасқан жарық күн

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!


(Музыка әуенімен ортаға балалар кіріп, орындарына барып жайғасады.)

1.Жұлдызша – орыс халқы

2.Көгершін – Қазақ халқы

3.Гүлдер – украин халқы



Жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

Мамырдың бірі, достық күні

             Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.- дей келе «Жұлдызша » тобын

«Топ- топ балақан »әнін қабыл алыңыздар!


(Топ – топ балақан әні «Жұлдызша» тобы)

 

Жүргізуші: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Олай болса сахнаға «Гүлдер» тобын украин биімен қарсы алыңыздар!


(«Гүлдер » тобы Украин биі)


Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. 
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!

Ал ендеше «Гүлдер» тобының дайындаған тақпақтарына кезек берейік.



(«Гүлдер» тобы ТАҚПАҚТАРЫ)



Жүргізуші:Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе «Ақ көгершін» әнімен «Гүлдер» тобын қыздарын қарсы алайық!


(«Ақ көгершін» әні «гүлдер» тобы)


Жүргізуші: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

                Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

               Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.- дей отыра «Көгершін» тобын қазақ биімен қарсы алыңыздар!


(«Көгершін» тобы Қазақ биі)



Жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір 
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл, 
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ 
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. – дей келе «Гүлдер» тобының балаларын « Қазақстан туы» әнін қабыл алыңыздар!



(«Қазақстан туы» әні Гүлдер тобы)


Жүргізуші:Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер! 

Ортаға кішкентай «Жұлдызша» тобының қыздарын «Неваляшки» биімен қарсы алыңыздар! 

(« Жұлдызша» тобының қыздарынын «Неваляшки» биі)


Жүргізуші: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.
Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.


«Көгершін» тобының қыздарын «Туған өлкем» әнімен қарсы алайық!


Жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Осымен шағын мерекелік іс – шарамыз осымен аяқталды. Келіп көңіл бөлгендеріңіз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!























 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
ГККП ясли - сад "Балдырған "

Автор: Касымова Акмарал Алимхановна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416226

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Статья «Экологическое воспитание дошкольников в процессе ознакомления с природой родного края»"
    ["seo_title"] => string(80) "stat_ia_ekologhichieskoie_vospitaniie_doshkol_nikov_v_protsiessie_oznakomlieniia"
    ["file_id"] => string(6) "422993"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1498218385"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Статья «Воспитание бережного и заботливого отношения к природе»"
    ["seo_title"] => string(72) "stat_ia_vospitaniie_bieriezhnogho_i_zabotlivogho_otnoshieniia_k_prirodie"
    ["file_id"] => string(6) "423176"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1498470212"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Статья «Всестороннее развитие ребенка средствами музыки и ритмических движений»"
    ["seo_title"] => string(80) "stat_ia_vsiestoronnieie_razvitiie_riebienka_sriedstvami_muzyki_i_ritmichieskikh_"
    ["file_id"] => string(6) "423385"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1498674057"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства