kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Тапқыр болсаң талас жоқ » атты математикалық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

                               Сайыстың шарттары:

  1. Топтың өзін-өзі таныстыруы, амандасу рәсімі
  2. Тапқырлық сайысы ( логикалық есептер)
  3. Біліктілік сайысы (есептерді теңдеу құру арқылы шығару)
  4. Жанкүйерлер сайысы
  5. Сергіту сәті
  6. Капитандар сайысы (жаңылтпаштар айту)
  7. Ойымды жалғастыр( мақал-мәтелдер)
  8. «Қас қағым сәт» сайысы
  9. Кім шапшаң ойыны
  10.  Қорытынды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Тапқыр болсаң талас жоқ » атты математикалық сайыс»

Тақырыбы: « Тапқыр болсаң талас жоқ » атты математикалық сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, тапқырлыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» М.В.Ломоносов

Барлық тур слайд тапсырмалары арқылы көрсетіледі.

«Алғырлар» тобы, « Тапқырлар » тобы болып екі топқа бөлінеді, әр топтан 6 оқушы қатысады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар сайлап алайық.1) мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі: Джапакова Майра Хайрлиевна 2) мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі: Сарбаева Жайнагуль Жанатовна

Сайыстың шарттары:

  1. Топтың өзін-өзі таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. Тапқырлық сайысы ( логикалық есептер)

  3. Біліктілік сайысы (есептерді теңдеу құру арқылы шығару)

  4. Жанкүйерлер сайысы

  5. Сергіту сәті

  6. Капитандар сайысы (жаңылтпаштар айту)

  7. Ойымды жалғастыр( мақал-мәтелдер)

  8. «Қас қағым сәт» сайысы

  9. Кім шапшаң ойыны

  10. Қорытынды

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі оқушылар, ұстаздар , ата-аналар, қонақтар! Баршаңызда « Тапқыр болсаң, талас жоқ » атты математикалық сайысқа қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Басталық ақыл-ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші,

Математика ғылмына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

1-жүргізуші: Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,-дей отырып кезекті амандасу рәсіміне береміз

I топ: «Алғырлар»

Ұраны: Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым ,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Дос ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

«Алғырлар » тобынан «Тапқырлар» тобына жалынды сәлем!

II топ: «Тапқырлар »

Үраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске

Сәлемдесуі: Құлақ түріп тыңдаңыздар, жарандар

Кеудемізде толқындаған жыр, ән бар

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз

Тобымыздың бәрі алғыр қырандар

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз!

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз!

«Тапқырлар » тобынан «Алғырлар » тобына жалынды сәлем!

1-жүргізуші: Мықты болсаң , алдағыны басып оз,

Мықты болсаң , арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң , тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң , бөгеттерді бұзып өт-деп « Тапқырлық » сайысына кезек берейік. (Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі)

I топқа:

1.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20мин ұшады, ал кері қарай 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (тең)

2. Үстел беті төртбұрышты , оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ , неше бұрыш калады? (5 бұрыш)

3. Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде: Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,-деді. Балықшы неше балық ұстады?(10 балық)

II топқа:

  1. Ағаштың бес бұтағында бес торғай. Әр торғайға қарсы төрт торғайдан қонақтаса, сонда ағаш бұтағында барлығы неше торғай қонақтап отыр?(9)

  2. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?(60км)

  3. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті? (электр пойызында түтін болмайды)

2-жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды.

Айыра біл соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы –деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз. (тапсырма карточка бойынша беріледі)

I топқа: Жүз қаз

Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы Ассалаумағалекум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: Салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын , оған өзіңді қоссақ, бәріміз 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу? (36)

II топқа: Ертедегі есеп:

Баласы әкесінен: «Сіз неше жастасыз?»-деп сұрайды. Әкесі оған: «Егер менің жасыма оның жартысын және ширегін, сонан соң 1-ді қоссаң, 134 болады» -деп жауап берді. Әкесі неше жаста?

Уақытты тектен-текке жоймайық-дей келе топтар тапсырмаларын орындағанша біз сайысымызды жанкүйерлермен жалғастырайық.Енді әр топтың бір жанкүйерін ортаға шақырамыз.

1-ші жанкүйер тапсырмасы:Берілген тапсырмада сіздер тез арада тізбектес сандарды көрсетіп шығуларыңыз керек, уақыттарыңыз өлшенеді. Кім тез орындай алады сол жаекүйер өз тобына 5ұпай әкеледі.

Ортаға 2-ші топтың жанкүйерін шақырамыз.

2-ші жанкүйер тапсырмасы: Қазір сіздерге сөздер оқылады, сол сөздердің қайсысын есте сақтадыңыздар соларды қағазға жазасыздар..Кім көп сөз жазады сол жанкүйер өз тобына 5 ұпай әкеледі.

Сөздер: бұрыш, сызғыш,транспортир, коэффициент, азайтқыш, сәуле, алпыс, радиус, шеңбер, қосынды, теорема, бөлшек, пропорция, қатынас, анықтама, аксиома, көбейтінді, циркуль, кесінді, түзу, икс, синус, диогональ, периметр, көлем.

Сергіту сәті:

Экранда математикалық термин көрсетілген. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы және математикаға қатысы болуы керек. Қай топ көп жазады сол ұтады.

I-топ: Гипотенуза-

II-топ: Катет

1-жүргізуші: Мәңгі-бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,-деп келесі кезекті «Капитандар» сайысына береміз.

Капитандар сайысы: Жаңылтпаштар айту:

Iтопқа:

Рационал сан,иррационал сан

Иррационал сан, рационал сан

Біріккен сан, болған соң

Нақты сан деп аталған сан

II –топқа:

Шеңбер, шеңбер доп емес

Доп сияқты, доп емес

Доп деп, доп деп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес

2-жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр---» сайысы(Әр топ шапшаң жауап беру керек)

I-топқа: 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Екі жақсы қас болмас,(екі жаман дос болмас)

3. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)

II-топқа: 1. Жүз сомың болғанша,( жүз досың болсын)

2. Алтау ала болса ауыздағы кетер,( төртеу түгел болса төбедегі келер)

3. Әке тұрып ,ұл сөйлегеннен без,(шеше тұрып қыз сөйегеннен без)

1-жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп, кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп-келесі сайыс «Қас қағым сәт» (бұл сайыста әр топ тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)

2-жүргізуші: I –топқа:

  1. Бұрышты өлшейтін құрал?( транспортир)

  2. Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)

  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш ( шаршы)

  5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда ( диаметр)

1-жүргізуші: II –топқа:

1. Координаталық түзуді кім енгізді? (Р. Декарт)

2. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

3. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

4. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айда)

5. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут? (15 мин)

2-жүргізуші: Келесі кезекті «Кім шапшаң?»ойынына берейік «Алғырлар » тобына

« Кім шапшаң?» ойыны

Сен 30-ға дейін санауды білесің бе? 30-ға дейінгі санды айт, бірақ 3-ке бөлінетін санның орнына «мен білем» деп айтып ,шапшаң санап шық.

«Тапқырлар» тобына

30-дан кері санап 3-ке бөлінетін санның орнына «жаңылыспаймын» деп айтып, шапшаң санап шық.

1-жүргізуші: Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

2-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділқазы , көрермен сау тұрыңыз

Күтеді бізді жақсы күндер әлі.

Осы сайысқа қатысқан баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Хош сау болыңыздар




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
« Тапқыр болсаң талас жоқ » атты математикалық сайыс

Автор: Ихсанова Кулайман Касиденовна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406862

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Тап?ыр болса?, талас жо?» атты    математикалы? сайыс  саба?ы."
    ["seo_title"] => string(50) "tapkyrbolsantalaszhokattymatiematikalyksaiyssabagy"
    ["file_id"] => string(6) "278139"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453040217"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Кім жылдам? сайысы"
    ["seo_title"] => string(16) "kimzhyldamsaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "296132"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455911763"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«Қызықты математика»"
    ["seo_title"] => string(23) "k_yzyk_ty_matiematika_3"
    ["file_id"] => string(6) "404212"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490703815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства