Мақсаты: 10 ға дейінгі сандармен таныстыру. Сандарды тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру;
Әрбір санның көршісін дұрыс атай білуге үйрету. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Белсенді тақта, тақырыпқа сәйкес суреттер.
Шаттық шеңбері: Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.
Тәрбиеші:
-Балалар, белсенді тақтаға көңіл бөлейік!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Балалардың жауабы тыңдалады)
-Қыс мезгіліне сипаттама беремін.
Балаларға белсенді тақтадан сандар туралы бейнежазба көру ұсынылады.
сипатттама беріп, әрбір есігінің ішінде сұрақтар бар екенін айтамын. Балалар сұрақтарға жауап беріп,қыс мезгіліне сипатттама берңп, апта күндерін,жыл мезгілдерін айтып, ғажайып қобдишаны ашамыз.Сол сәтте балалардың назарына бейнебаян ұсынылады.Бейнебаянда сандар жайында айта отырып,
7 мен 10 ға дейінгі сандардың құрамына тоқталамыз.
Балаларға белсенді тақтадан тапсырмалар беріледі. Ол үшін топты екіге боліп, топбасшы мен топ атын қоып аламыз.