kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сандар ?лемі: Жал?аубекке к?мек» ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Сандар ?лемі: Жал?аубекке к?мек».

Білім беру саласы: Таным, Шы?армашылы?, Дене шыны?тыру

Б?лімдері: ?МТ?, дене шыны?тыру, сурет, жапсыру, ??растыру

Ма?саты: 5 к?лемінде санды? есептеу мен да?дысын дамыту, сандарды тура ж?не кері санау?а, сандар к?ршісін атауды ?йрету. Заттарды санау ар?ылы логикалы? ойлау ?абілеттерін, ?са? моториканы дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сандар ?лемі: Жал?аубекке к?мек» ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті»

Тақырыбы: «Сандар әлемі: Жалқаубекке көмек».

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық, Дене шынықтыру

Бөлімдері: ҚМТҚ, дене шынықтыру, сурет, жапсыру, құрастыру

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеу мен дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды үйрету. Заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, ұсақ моториканы дамыту. Ұжымдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат сабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,салыстыру , ой-қозғау,

Көрнекіліктер: 1-5 сан карточкалары, хат, арал картасы, бөгеттер, тапсырмалар, қыстырғыштар, түсті балауыз қарындаштары, туннель, әуен.

Сабақ барысы:

Жылулық шеңбері

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын алайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу салайық

Мейірімділік шоғын алайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

Ұйымдастырушы-ізденушілік:

Тәрбиеші: - Балалар, бізге Жалқаубек хат жіберіпті (ашып оқу)

Хатта: «Балалар, мен Жалқаубек сандар аралында әбден шаттастым. Маған көмектерің қажет. Келу үшін, сандар аралының картасын табу керексіңдер. Достар, сендерді күтем. Жалқаубек.»

-Балалар, Жалқаубекке көмектесеміз бе?

-Сандар аралына қалай барамыз?

Балалар: Көлікпен барамыз.

Т: -Қандай көлікпен барамыз. Дұрыс, су көлігімен. Су көліктерін атаңдар( кеме, қайық). Ендеше кемеге жайғасайық! Балалар кеменің пішінін келтіреді.

Тәрбиеші қағаз тығылған бөтелкені тауып, ішіндегі қағазды оқиды: «Балалар, сандар аралының картасын бірнеше сұрақтарға жауап бергеннен кейін таба аласыңдар!»

-1 аптада неше күн бар?

-Бүгін нешінші күн балабақшаға келдіңдер?

-Бесінші күнді қалай атаймыз?

- ертен аптаның нешінші күні болады?

-демалыс күндері қалай аталады?

Санамақ:

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар

Біріншісі – Дүйсенбі

Екіншісі – Сейсенбі

Үшіншісі – Сәрсенбі

Төртіншісі – Бейсенбі

Бесіншісі – Жұма

Алтыншысы – Сенбі

Жетіншісі- Жексенбі

Тәрбиеші қағазды ары қарай оқып: «Жарайсыңдар, барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Сандар аралының картасын жағалауда жатқан сандықтан табасыңдар»

Тәрбиеші: -жақсы балалар, сандар аралына да жеттік. Сендер сандар аралында міндетті түрде сандарды және санауды білу керексіңдер. (сандықтан картаны алып шығып, тақтаға іледі)сандар аралы толған бөгеттер екен. Мына бөгеттерден өту үшін онда берілген тапсырмаларды дұрыс орындау керек. Дымбілместің сендерден көмек сұрағаны белгілі болды. Ол берілген тапсырмаларды дұрыс орындамаған екен. Ал, балалар, сенде дұрыс орындаңдар!

-балалар, алдымен нешінші тапсырмадан бастаймыз?Дұрыс 1-тапсырмадан.

1-тапсырма картада берілген: 1-5 дейінгі сандардың араларын сызықшамен байланыстырыңдар.

  1. 1-5 сандардың араларын қосады

  2. Тура және кері санайды

  3. Ағылшынша санайды.

Балалар, сендер тапсырманы дұрыс орындаған сайын «сан» жазылған карточканы алып отырасыңдар.

Сандар аралындағы 2-бөгет – орман. Орманнан өту үшін 2-тапсырманы дұрыс орындау керек.

2-тапсырма. Әр суретте қанша зат бар екенін анықта. Олармен сәйкес санды белгіле.

3-бөгет –Батпақты жол. Бұдан өту үшін 3-тапсырманы дұрыс орындау керек.

3-тапсырма. Салыстыру. Қоржыннан заттарды алып санап, , = таңбаларын қойып салыстырады.

Сергіту сәті:

Секір, секір, секір, деп

Ойнаймыз біз секірмек

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 көп тіпті

бір мүдіріс жоқ тіпті

қайта-қайта секіріп

шынығамыз жетіліп

десекте, ойын жайдағы

секірмек шын пайдалы


4-бөгет – көпір. Көпірден өту үшін 4-тапсырманы дұрыс орындау керек.

4-тапсырма. Есеп шығару

5-бөгет – тунель. Одан өту үшін 5-тапсырманы дұрыс орындау керек.

5-тапсырма. Қыстырғыштардан цифрларды құрастыру.

психогимнастика

Бойды сергек тік ұста

Емін-еркін тыныста

Деміңді ішке тез алда

Өз қолыңды соз алға

Қол ұшына қарада

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қолда бос тұрмасын

Жасасын ол да таңбасын.

Көпірден өткеннен кейін Жалқаубек шығып, балалардан көмек сұрайды:

-Балалар, келгендерін қандай жақсы болды. Мен сандар үй салып берейін десем үйді қандай түске бояйтынды білмей тұрмын. Мүмкін сендер білетін шығасындар?

Балалар 5-қабат үйді қарындашпен бояйды.

Жалқаубек: -Балалар, сендер санды, санауды жақсы біледі екенсіңдер. Сандар аралына келіп, маған көмектескендерің үшін көп , рахмет! Сендерге сыйлықтарым бар.

Қорытындылау:

-балалар, біз кемемен кайда саяхатқа шықтық?

- сандар аралында біз кімге көмектестік?

-жалқаубекке бару үшін, қандай бөгеттердің тапсырмаларын орындадық?

-бүгінгі саяхатта сендерге не ұнады?









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Сандар ?лемі: Жал?аубекке к?мек» ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

Автор: Мусулманкулова Тогжан Казбековна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325659


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства