kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойнайық та, ойлайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Зейінін, есте сақтау, байқағыштық қабілетін, тілдік қызметін дамыту. Балалар бір-біріне қарым қатынас туғызу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойнайық та, ойлайық»

Ойнайықта ойлайық!


Мақсаты: Балаларды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауға, оларды ажырата білуге үйрету. сан- дардың көршісін, жыл мезгілдерін, апта күндерін атауға, геометриялык пішіндер жайлы білімдерін бекіту, жұмбақтар шешуге.

Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Зейінін, есте сақтау, байқағыштық қабілетін, тілдік қызметін дамыту.

Тәрбиелік: Балалар бір-біріне қарым қатынас туғызу. Шыдамдылыққа,досының жауабын күтіп тыңдай білуге тәрбиелеу. .

Көрнекілігі: Суреттер, таякшалар, үлестірме карточкалар, геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар кәне шеңбер жасаймыз. Бүгін бізге көп қонақтар келіпті барлығымыз сәлемдесейікші.

Сәлемдесу:

Қайырлы таң, алтын күн.

Қайырлы таң, көк аспан.

Қайырлы таң, қонақтар.

Қайырлы таң,

Қайырлы таң, достарым.


Тәрбиеші:

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезілін де неше ай бар?

-3-ай бар.

-Қазір қай ай? Қаңтар.

-Бір аптада неше күн бар?

-7 күн бар (Айтып шығу апта күндерін)

  • Ельнұр:

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық қалада.

Сәрсенбіде серуен құрдық сәнденіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде бір жиналып демалдық,

Осылайша, өте шықты бір апта.


Тәрбиеші:

  • Балалар, бізге қонаққа қоян келіпті. Оның колында қорапшасы бар екен. Көтере алмай келе жаткан соң, мен көмектестім. Ал, қоян, бізге не үшін келе жатыр едің?

Қоян:

  • Мен келесі жылы мектепке дайындалып барғым келеді. Сол үшін маған мына қораптағы тапсырмаларды орындауға көмектессеңдер ме?

Тәрбиеші:

  • Ал, қане, балалар, қоянға көмектесеміз бе?

Балалар:

  • Иә.

Тәрбиеші:

  • Ендеше, қоян, сенің тапсырмаң не жайлы?

Қоян

  • Математика сабағы туралы: «Ойна, да ойлан.».

Тәрбиеші:

  • Тапсырмаң түсінікті, қоян. Онда біз сенің тапсырмаңды орындауға көмектесейік.

Қоян:

  • Алақай, менің тапсырмамның шешуін балалар қалай шешеді екен?! Мен тамашалап отырайын. Ендеше, тапсырмаларды үстел үстіне қоямын. Әрі қарай қалай орындайтындарынды өздерің білесіндер.

Тәрбиеші:

  • Қане, балалар, осы сандардың құпиясын шешейік!

Бір бала шығып, қорапты айналдырады. Тәрбиеші қолындағы қорапқа қолын салып, 1 санына түссе, 1-тапсырманы орындайды. Сұрағын алып оқу.

1-тапсырма.

1-ден 10-ға дейін тура және кері сана. Санамақтар

Сандар туралы санамақ айту.

  • бала: Бір дегенің — білеу,

  • бала: Екі дегенің — елеу,

  • бала: Үш дегенін — үскі,

  • бала: Төрт дегенің — төсек,

  • бала: Бес дегенің — бесік,

  • бала: Алты деген — асық,

  • бала: Жеті деген — желке,

  • бала: Сегіз деген — серке,

  • бала: Тоғыз деген — торқа,

  • бала: Он дегенің — оймақ,

Он бір — қара жұмбақ.

Дид.ойын: көрші санды ата.

Көрші 2, 4, 6, 8 сандарының көршісін тауып; орнына қой.

2.тапсырма.

-Бір тәулікте неше мезгілі бар? Жұмбақты оқу.

Тәрбиеші: Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын (тәулік мезгіліне).

Слайд көрсету

Нұрға толып бар аймақ,
Күн шығады арайлап.
Ұйқымыздыдан тұрамыз,
Беті-қолды жуамыз.
Көкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
Айта қойшы ал еркем!
Бұл қай мезгіл.
(Таңертең)

Ыстық қайтты, түс ауды.
Жер тершиді, бусанды.
Ұйқыдан біз тұрамыз.
Ойнаймыз, ән айтамыз.
Жеңіл тамақ ішеміз,
Бұл қай кез деп білеміз.
Қане, қайсың білесің?
(Бесін)

Көлеңкелер ұзаптып,
Күн батады қызарып,
Шешемізді күтеміз,
Көкемізді күтеміз.
Апай сау бол! дейміз де
Бет түзейміз енді үйге,
Бұл қай мезіл, бұл қай кез?
Айта қойшы.
(Кеш)

3-тапсырма.

Геометриалық пішіндерді атаңдар:

Неге ұқсайды, түстерін ажырат.

Слайд: фигуралар.

Серіту сәті: «ойын өз орныңды тап» ойын.

Сергіту сәті

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда — бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Оң аякта — бес башпай,

Сол аяқта — бес башпай,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он башпай.

4-тапсырма.

Логикалық тапсырма:

1.Бағдаршамда неше көз бар? (3)

2. Қонжық екеу – табаны нешеу? (8)

3. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)

4. Ағашта отыр 5 торғай, ұшып келді 1 торғай болады барлығы неше торғай? (6 торғай )

5. Адамда неше көз бар? (2)

6. Үш қоянда неше құлақ? (6)

5-тапсырма.

«Ойна да ойлан» Құрастыру ойынын ойнайық.

Пішіндерді құрастыру.

Қорытынды.

Қоян: Ал, балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар! Менің кетуім керек. Сау болыңдар!

Тәрбиеші:

Міне, балалар, сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Ендеше коян сендерге силық беріп кетті.Сабақ осымен аяқталды. Сау болындар







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ойнайық та, ойлайық

Автор: Кенжебаева Сандыгуль Кайыровна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375896

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ойнайы? та, ойлайы?"."
    ["seo_title"] => string(17) "oinaiyktaoilaiyk2"
    ["file_id"] => string(6) "319275"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460792451"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "" Ойнайық та, ойлайық " ашық сабақ балабақшада"
    ["seo_title"] => string(44) "oinaiyk_ta_oilaiyk_ashyk_sabak_balabak_shada"
    ["file_id"] => string(6) "464416"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522489326"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Іс-тәжірибе. "Ойнау отырып тәрбиелеу""
    ["seo_title"] => string(38) "is_t_zhiribie_oinau_otyryp_t_rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "365282"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480760342"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс жұмыс "Кел, ойнайық!""
    ["seo_title"] => string(33) "synyptan_tys_zhu_mys_kiel_oinaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "388777"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486431338"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты: "ойнайы? та, ойлайы?" "
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-oinaiyk-ta-oilaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "169162"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423380366"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства