Егембердиева Салтанат Аханқызы , № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, математика пәнінің мұғалімі
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сабаққа деген белсенділігі мен ынтасын есептеу есептерімен қоса логикалық есептер шығару арқылы дамыту, дүниетанымын кеңейту.
3. Оқушы бойында өз ісіне деген тиянақтылық пен жауапкершілікті, шешім қабылдай білетін, өз шешімін тұжырымдап, дәлелдей білетін жан – жақты тұлға баулу.
р/с | Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ескермелер мен бөлінетін уақыт |
1 | Ұйымдастыру кезеңі: | сәлемдесу, түгендеу, жағымды көңіл –күй тудыру. | сәлемдесу, түгендеу, жағымды көңіл –күй тудыру. | |
2 | Үй тапсырмасын тексеру | Бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын қою.( мақсаты натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табу тәсілін үйрену, есептер шығаруда тиімді пайдалану, анықтамасын тұжырымдап, қорытындылай білу) | Тексеруде белсенді жауап беру, талқылау, баллдық жүйемен бағалау шкалалары бойынша Оқушы консультанттар тексеріп шығады. | |
3 | Оқушы білімін өзектілеу (алдын-ала дайындық тапсырмасы) | Натурал сандар дегеніміз не? Натурал сандардың ең кішісі ... Ондық санақ жүйесінің цифрлары: 250 : * = 50, жұлдызшаның орнындағы сан не деп аталады? (* сан бөлу компоненті бойынша бөлгішті білдіреді.) 250 саны – бөлінгіш болса, осы сан 50-ге, 25-ке,10-ға, 5-ке қалдықсыз бөліне ме? (ия) 250 : 5 =50, 250 : 10 = 25, 250 : 25 = 10, 250 : 50 = 5. Демек, 250 саны осы сандарға қалдықсыз бөлінсе, ол санды осы сандарға еселік деп айтуға бола ма? (ия) | | |
4 | Жаңа сабақты меңгерту | Тапсырма Барлық натурал сандар бөлінетін натурал санды атаңдар; 24 саны бөлінетін натурал сандарды жазыңдар. 45 саны бөлінетін натурал сандардың ең үлкенін жазыңдар. 3 санына қалдықсыз бөлінетін алғашқы төрт натурал санды жазыңдар 37 санының бөлгіштерін жаз Нені байқадық? Әрекеттерді орындау барысында қандай сұрақтар немесе тұжырымдама пайда болды? Өйткені қазақ тілі сабағында сендер жай және күрделі сөйлем дегенді өттіңдер, математикада соған ұқсас жай және құрама сандар бар. Бұл «жаңалықты» сендер бүгін ашып, таныс болдыңдар. 37 саны сияқты сандар көп, олар қалай аталады? Бөлгіштері екіден артық сандарды қалай атасақ болады? Осы орындалған тапсырмаларды қорыта келе қандай тұжырым жасауға болады? | 1 1,2,3,4,6,8,12,24 1,5,9,15,45 3,6,9,12,... 1,37 24 және 45 сандары – бөлінгіш, олар қалдықсыз бөлінетін сандар бөлгіштер , 45 саны өз бөлгіштерінің ең үлкені, 3 санына бөлінетін сандар осы санға қалдықсыз бөлінеді және еселік болады, 3 саны өзіне ең кіші еселік болады. Бөлгіштер саны шектеулі, еселіктер саны шексіз көп. 37 саны бөлгіші екеу ғана жай сандар: бөлгіші 1 және сол санның өзі Құрама сандар Тұжырымдама 1: Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтамыз Қорытынды: Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең; 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады. Тұжырымдама 2: Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтамыз. Қорытынды: Кез келген натурал санның еселіктері шексіз көп; Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең. | Оқушылар өздері ізденіп, орындап, нәтижені байқауы, көз жеткізуі керек. Жұмыс нәтижесі бойынша өз пікірлерін айту, жазып көрсету әрекеттері орындалады. |
Оқушылар өз сөздерімен айтып, соны математикалық қысқаша тұжырымдама жасауға үйренеді |
5 | Оқулықпен жұмыс | Сыныпта: № 147, 150,151, 152,154,156 | | |
| Сергіту сәті | «Математикалық футбол» теориялық сұрақтар | Оқушылар өзара сұрақ – жауап арқылы теориялық білімін пысықтайды. | |
6 | Үй тапсырмасы туралы мәлімет | № 148, 153,155,161,164 ; ереже жаттау. | | |
7 | Сабақты қорытындылау | № 146 есеп(ауызша), математикалық кроссворд шешу(слайд), электронды оқулық | Оқушыларды жеке жауап беруі(№146), кроссвордты есептеу техникасы қарқынын дамыту үшін тездікке беріледі. | |
8 | Рефлексия | Сабақта не үйрендік? Қалай түсіндік? Алдарыңда жатқан түрлі гүлдердің қызылы – түсінбедім және нені, сарысы жартылай түсіндім, нені түсінбедім; алқызылы – жақсы түсіндім, қандай пікір түйдім | Оқушылар өз ой – пікірлерін жазып қалдырады. | |
9 | Оқушы білімін бағалау | Әркім сабақ барысында жинаған баллы бойынша қандай бағаға лайық екенін айтады және мұғалім өз бағалауымен ортақ баллды қояды . | | |