Ж?ргізуші: ??рметті кафе ?она?тары! Біз сіздерге кафені? аспаздары ?зірленген с?ра?тар соусынан т?ратын «М??гі ?мтылмас» салатын ?сынамыз. Б?л салат сіздерді? бойлары?ыз?а жа?ымды сі?уі ?шін командалар?а кезекттесіп с?ра??а д?рыс жауап бере алмаса, онда бас?а команда жауап беру ???ы?ына ие болады. Д?рыс жауап 1 балмен есептелінеді.
1.Математиктерді? ойынша бір поезды? екінші поездан айырмашылы?ы неде? (номерінді)
Ол ?шін сіздерге сандар?а байланысты ма?ал-м?телдер ?сынады. Сіздер ма?ал-м?телдердегі сандарды д?рыс табулары?ыз керек. ?р д?рыс жауап 1 балмен ба?аланады.
І топ:
1. . (екі) жа?сы ?ас болмас,. (екі) жаман дос болмас.
2. Досы?ды. (?ш) к?н сынама,. (?ш) жыл сына.
3. Ж?мыс?а. (?ш) жылда ?йренеді, жал?аулы??а. (?ш) к?нде ?йренеді.
4. Білгені? бір. (9), білмегені? . (99)
5. Ер ?аруы-. (5) ?ару.
ІІ топ:
1. .(10) рет айт?аннан. (1) рет к?рсеткен арты?
2. . (6) жыл аш болса? да, ата?ны? салтын ?мытпа.
3. Болар бала. –інде (15) баспын дейді, болмас бала. (25)-інде жаспын дейді.
4.. (1) елі ауыз?а- (2) елі ?а?па?.
5. Жерді. (2) рет жырт?ан, ?німді. (2) есе ?нім алады.
ІІІ топ:
1.Біреуге. (5) к?н алдында келсе, біреуге. (5) к?н кейін келеді.
2.. (1) к?н т?зын тат?ан?а,. (40) к?н с?лем.
3. О?ыма?ан. (1) бала, о?ы?ан. (2) бала.
4. Жа?сы жігіт.інде (15) де жас емес,. –ге (100) келсе де п?с емес.
5.. (6)-ау ала болса ауызда?ы кетеді,.-еу (4) т?гел болса т?бедегі жетеді.
Просмотр содержимого документа
«"Математикалы? кафе" сыныптан тыс шара»
Тақырыбы: «Жұмбақасықтар» математикалық ойын-сайыс
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, сайыс барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Қиындық дәрежесі әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Ақыл, өнер, біліммен алысуға,
Бар өнерді салайық ортамызға,
Ал, кәне кім шығады сайысуға.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтада сұрақтар жазылады жинақтар, қоржындағы әр түрлі асықтар.
Ойын шарты: Ойын белгілі бір шарттар арқылы жүреді. Екі топ кезекпен қоржыннан асық алады.
Сары асық-ойынға жолдама (асық алып иіреді, сұрақ таңдайды)
Көк асық-сыйлық алады
Қара асық-күйіп кетеді
10-Алшы Тарих сериясы
9-Тәйкі Қызықты математика
8-Бүк Ойыншық сериясы
7-Шік Бақытты кезең
Тарих сериясы сұрақтары: (10 ұпай)
1.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 екенін қай жылы, қай елде анықталды? (көне Грекция елінде 639-548 ж.б.э.д. Фалес Милетский)
2.Пирамида термині ең алғаш қай елде туды? (Мысыр-Египет)
3. Арифметиканы тұңғыш рет ғылым ретіндк баяндаушы кімдер? (Герек математиктері: Евклид б.э.д ІІІ ғ, Диофант. ІІ ғ. Эратосфен)
4. Алгебра сөзі қай елдің сөзі? («Әл-жебр» араб сөзі)
5. Үтірді математикаға белгі ретінде енгізген кім? (айыру таңбасы ретінде-Кеплер енгізді)
6. «Ақыл ойды тәртәпке келтіретін Математика, сондықтан оны оқу керек» сөзінің авторы кім? (Г.Галилей)
7. «Табиғат математика тілімен сөйлейді. Бұл тілдің әріптері дөңгелектер, үшбұрыштар және басқа математикалық фигуралар» сөзінің авторы кім? (Г.Галилей)
8. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым, математик кім? (Әл-Фараби)
9. Математикадағы координаттар әдісін зерттеген француз математигі кім? (Рене Декарт)
10. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі? (Евклид)
Қызықты математика (9 ұпай)
1.Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Қанша жылдан кейін атасының жасы немересінің жасынан екі есе үлкен болады? (28 жас)
2.Екі адам 5 метрлік бөренені 1 метрге тең бес бөлікке кесті. Егер бір бөлікті кесу үшін 1,5 мин кетсе, бөренені кесуге қанша уақыт кетеді? (6 мин)
3. Жүз тауық 100 күнде 100 кг тары жейді, ал он тауық 10 күнде қанша тары жейді.(10 кг)
4.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады, ал Алматыдан Зайсанға дейін 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (1 сағ 20 мин = 80 мин)
5. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала? (6 бала)
6. Шаршы формалы шоколад 9 бөліктен тұрады. Осы кішкене шаршы бөліктерді бөліп алу үшін неше рет сындыру керек? (8 рет)
7. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (19)
8.Үш таңбалы 87 саны 5-ке де, 3-ке де бөлінеді? Осы санның соңғы цифрын тап? (870)
9. Әріптерді цифрмен ауыстыр.
АБ 91
А 9
БВВ 100
10. Қыңыр есепке құмар кісіден біреу одан жасын сұрапты. Сонда ол былай деп жауап беріпті:
-Менің үш жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, сондан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, алғашқыдан соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасыз. Ол кісі неше жаста?
3(х+3)-3(х-3)=х, х=18
11.Мынадай аңыз бар: Мұхамметтің көмекшісі білгіш Қазірет Әли атқа мініп жатқанда бір кісі – «қандай сан 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 қалдықсыз бөлінеді»- деген екен.
Сонда білгіш: «Аптаның күнін айдың күніне көбейт және оны жылдағы айдың санын көбейт»-депті.
ЕКОЕ(2,3,4,5,6,7,8,9,10)=2520
12. Самат екі балықтан, Марат бір балықтан ұстаған. Барлығы 12 балық болса, әрқайсысы қаншадан ұстаған? (8,4)
Ойыншық сериясы сұрақтары (8 ұпай)
1.Суреттегідей етіп орналастырылған 9 шырпының біреуінен бастап санағанда 9-шы шырпыны алып таста. Содан кейін келесі шырпыдан бастап санап тағы 9-шы шырыпын алып таста т.с.с. Сонда ең соңында басы ортаға қараған шырпы қалатын болсын.
2. Бір сызықтың бойымен 2 қайтара жұргізбей және қаламыңды алмай суреттегідей фигураны сал.
3. Тігінен де көлденеңінен де, қиғышынан да бір қатарда екі жұлдызша болмайтындай етіп тағы 7 жұлдыз сал.
4. Бір шырпыны қозғау арқылы дұрыс теңдік шығар.
ҮІ - ІҮ = ХІ
5. Төмендегідей шаршының бос бөліктерін 4,5,6,7,8,9 сандарын әр жолда тігінен және көлденеңінен қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.
9
1
5
4
8
3
2
6
7
Бақытты кезең сұрақтары (7 ұпай)
«П» әрпінен басталатын математикалық терминдерді атаңыз.
1.Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
4. Төртбұрыштың бір түрі (параллелограмм)
5. Санның жүзден бір бөлігі( пайыз немесе процент)
6. Ромбының барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
7. Катет пен гипотенуза туралы теорема кімнің аты мен аталады? (Пифагор)
8. Көпжақтың түрлерін ата.( Призма, Пирамида, параллелепипед)
9. Қосу амалын өрнектейтін белгі (Плюс)
10. Квадраттық функцияның графигі. (Парабола)
Қорытынды: Барлық балдарын есептеп, жеңімпаз топ марапатталады.