kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика еліне саяхат" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика еліне саяхат. Қарапайым математика түсінігін қалыптастыруға арналған ашық сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика еліне саяхат" ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы : Математика еліне саяхат

Бөлімі : Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.



1. Көлем жайлы (үлкен-кіші) түсініктерін қалыптастыру және кеңістікті бағдарлай алу (оң-сол)

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қимыл-қозғалысын дамыту, ой-қиялдарын жинақтау, сөздік қарым-қатынастарын молайту.

3.Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұжымшылдықпен мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: шаттық шеңбері ,сұрақ-жауап, көрсету, сергіту сәті, дидактикалық ойындар

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, үлестірмелі материалдар, атрибуттар, демонстрациялық материал « хат», сандықша



Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мотивациялық қозғаушы кезең

-Балалар көңіл күйлерің қалай?(бас бармақпен көрсету)

-Балалар біздің тобымыз қалай аталады?

-«Қыран» тобы деп аталады.



Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық!

Күннің нұрын шашайық,

Таза ауаны алайық.

Жүрек жылуына салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Апайларға сыйлайық!

- енді, балалар , бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айтайық!

-Денсаулықтарын мықты болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Бүгінгі күн сәтті болсын!

-Бәріміз бақытты болайық !

-Балалар, бүгін мен столдың үстінен мына бір хатты тауып алдым. Ол хат біздің тобымызға жіберілген екен.

-Қанеки ашып көрейік, бұл хат кімнен екен? Оқып көрейік, сосын бәрі белгілі болады.

« Қымбатты балалар, біздің математика патшалығында қиын жағдай болды. Зұлым сиқыршы осы патшалықтың тұрғындарын сиқырлап қатырып тастады. Мені патшалық қамалына қамап қойды. Тек сендер ғана математика сабағынан алған білімдерінді көрсете алсандар және барлық тапсырмаларды орындаған кезде ғана сиқырдың күші жойылады».

«Математика ханшайымы»



-Балалар , біз математика ханшайымына көмектесе аламыз ба, құтқара аламыз ба?

-Ол үшін біз математика патшалығына немен шығамыз?

-Пойызбен

-Қанеки, кеттік ендеше ( музыка әуенімен « Паровоз» әні) оң жағымызға қараймыз, енді сол жағымызға қараймыз.

-Ой, балалар, пойызымыз неге тоқтап қалды?

-Қане, балалар, сыртқа шығып не болғанын көрейікші! Қараңдаршы , бұл өзен ғой. Естимісіңдер, біреу жылап жатқан сияқты. Бұл мысық қой.

Мысық:өзеннен өте алмай, үйіме жете алмай тұрмын.

-Қанеки, балалар, мысыққа көмектесейік!

-Балалар, мына 2 өзеннен мысықты өткізу керек.

1 тапсырма: 1-ші өзеннен аттап өту ( жіңішке, әрі ұзын)

2-ші өзеннен көпір арқылы өту (жалпақ, әрі қысқа)

Мысық орманға жол көрсетеді. (орманға кіру)

-Балалар, мынау тұрған кімнің үйі?

-Бұл үш аюдың үйі екен ғой. Аюлар өте ашулы.Біз аюлардың ашуын басу үшін, олардың тапсырмасын орындауымыз керек.

2-ші тапсырма: Үш аюдың ыдыстарын көлеміне қарай орналастыру. (тақтамен жұмыс)

- Енді, балалар, біз тауға да жақындап қалдық. Таудың арғы жағында математика патшалығы бар. Ол жаққа өту үшін, біз бүркіттің тапсырмасын орындауымыз керек.

3-ші тапсырма «Сиқырлы шелектер»

Мақсаты: түрлі-түсті шелектерді көлеміне, түстеріне қарай топтастыру. (балалар 2 топқа бөлінеді)

Сергіту сәті. Ойын « Көңілді дөңгелектер»

Шарты: Шеңбердің ішінде әр түрлі көлемдегі дөңгелектер жатады.Музыка ойналады. Музыка тоқтаған кезде, балалар дөңгелектерді алып, үлкенінен кішісіне қарай ұстап тізбектеле тұрады. Сосын керісінше, кішісінен үлкеніне қарай ұстап тұрады.

Балалар, біз математика патшалығына да жақындадық. Кірпіні жолықтыру.

4-тапсырма : Кілтті табу үшін, кірпінің тапсырмасын орындауымыз керек.

Алға қарай екі қадам , солға қарай екі қадам, оңға қарай бір қадам жүреміз. Кілтті табу.

Кілтпен қамалды ашу. Математика ханшайымымен кездесу.

Ханшайым балаларға алғысын білдіріп, соңғы тапсырманы береді.

Бекіту. Ханшайымның тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Ағаштарды өсірейік»

Әр түрлі биіктегі түрлі көлемдегі орман ағашын құрастырайық. Балалар көлеміне қарай ; 1-ші жолаққа кішкентай ағаштарды

2-ші жолаққа үлкен ағаштарды орналастырады.

Өте жақсы, балалар, бәріміз бірлесе отырып, мынандай ғажап орманды құрастырдық. ( слайдтан орманды көрсету)

Ханшайым алғысы ретінде, балаларға тәттілері бар сандықшасын сыйлап, олармен қоштасады.

- Енді, балалар, пойызбен өз үйімізге қайтайық.

Қорытынды.

Сұрақ- жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау. Балаларға математика ханшайымының тәттілері бар сандықшасын тапсыру.






.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Математика еліне саяхат" ашық сабақ

Автор: Жаппаркулова Мира Кульбаевна

Дата: 19.12.2016

Номер свидетельства: 371443

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Математика  еліне  саяхат"
    ["seo_title"] => string(27) "matiematikaieliniesaiakhat1"
    ["file_id"] => string(6) "296103"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455907152"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Математика  еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(30) "matiematika-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "162596"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422373125"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Конспект занятия  на тему " Математика еліне  саяхат" "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-zaniatiia-na-tiemu-matiematika-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134575"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416759907"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Саба?ты? та?ырыбы: «Математика – еліне саяхат» "
    ["seo_title"] => string(48) "sabak-tyn-tak-yryby-matiematika-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "110981"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406870706"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Математика еліне саяхат 1 сынып "
    ["seo_title"] => string(36) "matiematika-ielinie-saiakhat-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208113"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430741133"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства