Просмотр содержимого документа
«Математика пәнінен ашық сабақ»
«Інжу» мектеп –гимназиясы
Тақырыбы: «10-ға,100 -ге көбейту және бөлу»
3 «Б» сынып
Сыныпжетекшісі: Мақсұт Гүлнара Мақсұтқызы
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: 10-ға, 100-ге көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту. Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту. Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері : топтастыру, іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, слайд, билеттер,үлестірмелі дидактикалық материалдар. Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Ү. Қорытындылау, бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. М: балалар, қазір қандай сабақ? О: Математика М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар? О: Шығайық М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма? О: Дайынбыз. М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар? О: Поезбен М: Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын. - Бірақ поездге міну үшін біздерге не қажет? О: Билет қажет М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар .Қандай нөмерлі билет алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып отырыңдар Құрметті жолаушылар сіздерге : «Сәт сапар!» тілейміз Жолаушы, азаматтар «Інжу» мектеп- гимназия бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр,сақ болыңыздар!
Поезд «Іргетас» бекетіне келді. «Іргетас» бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл-күйлеріңізді көтеріңіздер. Кел,балалар, ойнайық. Ойнайық та, ойлайық. Қандай есеп болса да. Шешпей оны қоймайық. Алға қарай самғайық, Екілікті алмайық. ІІІ.Жаңа сабақ
1.Поезд жүріп «Қабырға» бекетіне келді. М: Балалар,бүгін 10-ға, 100-ге көбейту және бөлуді үйренеміз. Бірінші тапсырма : Амалдарды орындау.
№1 тапсырма үш вагонға бөліп беріледі. «Қабырға» бекетінің тапсырмаларын орындайды І-вагон (27+15) :6+8*5= ІІ-вагон (82-74):2*7+7*4= ІІІ-вагон (91-83)*3:4= Әр топтан бір оқушы орындап, дұрыс жауабын слайдтан тексеру. М: Енді келесі бекетке жылжып көрелік. 3.Поезд қозғалып келесі «Терезе» бекетіне келеді. 10-ға, 100-ге көбейту және бөлуді үйренеміз.
М: Терезе бекетінде не істедік? О: 10-ға, 100-ге көбейту және бөлуді үйрендік 4.Поезд жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезды» «Есік» бекетіне келіп тоқтады
Сергіту сәті: «Пішіндер» әні «Есік» бекеті алғыс айтуда. 5. «Тәуелсіздік поезды» математика әлеміне саяхатты жалғастыруда. Поезд қозғалады келесі «Шатыр» бекетіне келеді.
7. Поезд қозғалып «Ағаш» бекетіне келіп тоқтады. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару. Бір оқушы тақтаға а-нұсқасын, екінші оқушы тақтаға б-нұсқасын орындайды.Орнында отырғандар ә, в-нұсқасын ауызша орындайды Келтек ағ- 10см
Тақта-400см ? есе ұзын
Ш: 400:10=40 8.Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз «Білімді балалар» бекетіне келіп тоқтады. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару. Қайтты-10 ав
Қыз-15
Ұл-23 ? бала оралды.
Ш: (15+23)*10=380
9. Поезд қозғалып «Күн» бекетіне келіп тоқтады.
Амалдарды орында
Поезд мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поездымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық. 1-бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік. 2-бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық 3-бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік. 4-бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық 5-бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық 6-бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық 7-бекеттен Жайқалған жасылелді көріп, ағаш ектік. 8-бекетте Білімді балаларды көрдік. 9-бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік 10-бекетте Жарқыраған күнді көрдік. Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй құрастырдық. Мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып, оқушыларды бағалайық. ҮІ.Үйге тапсырма: 63бет №5 ә есепте.