Көрнекілігі: Ребус, кесте, қояндар суреті, анаграмма, гүлдер, бес саусақ суреті
Пәнаралық байланыс: Еңбек, музыка, қазақ тілі
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Психологиялық дайындық
Әл – Фараби деген есімді естулерің бар ма?
Ол Отырардан шыққан ұлы данышпан, ғалым, математик
Әл – Фараби өз білімділігімен, ғұламалығымен айналасындағы жұртты таң қалдырған адам екен. (1 - слайд)
Бір күні оны естіген Мүтәліп есімді бала Әбунасырдың алдына сәлем бере келеді. Ғұлама баланы еркелете жылы жүзбен қарсы алады. (2 - слайд)
Келе ғой, балам! Ал енді келген шаруаңды айт, - дейді.
Ұстаз, мен қайткенде ғұлама боламын? – дейді.
Бұл шын ниетің бе?
Иә, шын ниетім, ұстаз!
Ғылым жолы өте ұзақ, әрі қиын. Шаршап шалдығасың. Жалықпауың керек. Соған төзесің бе?
Мақсатыма жету үшін бәріне де дайынмын, - дейді бала.
«Ғылым – теңіз, білім - кеме» деген дана сөз бар сен соған лайық болуың керек, - деп баланың арқасынан қағады. Әбунасыр Әл – Фараби баланың өтінішін қолдап, ілім – білім үйрете бастады. Уақыт өтіп, өсе келе Мүтәліп аса дарынды ғалым, Әбунасырдың ісін жалғастырушы ғұлама атанады.
Міне, балалар өздерің көріп отырғандай Мүтәліп өзінің арманына жетеді.
(3 - слайд)
Ол үшін не істеуіміз керек?
Сабақты 4 пен 5 – ке оқуымыз керек
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, мына бейнелі сөзді шешіп көрейік (үш қатарға үш түрлі тапсырма)
Жауаптарын айтайық
Бес, жеті, үш деген сөздерді оқыдық
Бұларды қандай сандар дейміз?
«Киелі сандар»
Олай болса, осы сандардың байламдарына тоқталайық
Қазақ санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Бес парыз: Иман, Намаз, Ораза, Зекет, Қажалық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты (Мағыналарын сұрау)
Жаңа сабақты хабарлау
Бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарға шолу жасаймыз.Сондықтан сабақтың тақырыбы «Қайталау»
Онға дейінгі сандардың ішіндегі тақ және жұп сандарды атаңдар
Әріпті және санды өрнектер. 1.(9 – слайд екі бағанға жазу)
(а+8, 5+2, а-7, 10-5, с-6, 9-с т.б)
- Кестені толтыру
а
1
0
4
5
а+5
2.
9 саны мен а-ның айырмасын жаз. а=2; а =0; а=5; а=7; а= 1; а= 8 деп алып, өрнектің мәнін тап.(тақтада орындау)
3. Жұлдызшаның орнына ,
6 + 4 * 9 8 – 2 * 109 – 6 * 7
10 – 3 * 4 + 3 0 + 3 * 5 + 110 – 7 * 9 - 7
Сергіту сәті: «Бес саусақ» өлеңі бойынша (14 - слайд)
- Ал, балалар, ендігі кезекті есепке берелік
4. Есеп құрастыр және шығар: Шешуі: 4 + 3 = 7 Жауабы: 7 қоян
ІІІ. «Көршісін тап» ойыны
9
5
Кіші көршім оң жақта,
1
Үлкен көршім сол жақта.
3
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі
- Қандай құбылыстар болады?
- Жаңбыр жауып, бұлттар тарап, күннің көзі күлімдеп, кемпірқосақ шығады, жерге шөптер шыға бастайды
- Алғашқы көктемде шығатын гүлдерді атайықшы
- Жауқазын, бәйшешек
- Енді, осы бәйшешектердің өсіп шығуына көмектесейік
5. Теңдеу шешеміз
6
.- Мына сандарды қандай екі санның қосындысынан алуға болады?Керекті сандарды тауып жаз. Санның құрамын анықтау
7.
4 см кесінді сыз. Осыдан 3 см қысқа кесінді сыз. Осы кесінділердің қосындысына тең үшінші кесінді сыз.Оларды салыстыр.
- Қорытынды:
Қосу менен азайту –
Ойды анық, таза айту.
Сөз қысқа да, ой нұсқа,
Нәтижесін дәл айту.
- Міне, балалар, осы амалдарға байланысты көп – көп тапсырмалар орындадық
- Қандай тапсырмалар орындалды?
- Сабақ сіздерге ұнады ма?
- Үйге тапсырма: № 9 Пішіндерден сурет салу
- Бағалау:
- Балалар, Әл – Фараби балаға қандай сөз айтып еді?
- Ғылым – теңіз, білім – кеме . Осы дана сөзді қалай түсінеміз?
Данышпан ғылымды теңізге балайды.
-Ал теңіз дегеніміз не? Көз алдымызға елестетейікші. Ұшы – қиыры жоқ, түпсіз терең, шексіз, көкжиекпен астасып қана жатқан тұңғиық. Міне, осы тұңғиық – ғылым. Сен сол тұңғиыққа кемелерге мініп сапар шекпесең, саған беймәлім, жұмбақ күйінде қала береді. Біздің кемеміз – білім. Сол кемелерімізге мініп, ғылымның ашылмай жатқан жаңалықтарын ашып, жұмбақтарын шешу біздің міндетіміз. Толқындары тулаған теңізге кішкентай ғана кемемен сапар шегуге екінің бірі тәуекел ете бермейді. Ал біздің білім кемемізге де тек сыныбымыздың мықтылары ғана міне алады. Енді осы мықтыларымызды анықтайық.
(Оқушыларды бағалау)
Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рамет! Алдағы уақытта да осы оқушылар сияқты жетістікке жете берулеріңізге тілектестік білдіремін!