Б?тін дегеніміз бір т?тас затты б?тін дейміз.Ал жарты деп б?тінді екіге б?лгендегі затты айтамыз.Ал ширек деп бір б?тінді т?рт б?лікке б?лгендегі затты айтамыз.
.Баларды? алдында т?жірибе жасап к?рсетемін.
-О?улы?та?ы келесі берілген тапсырманы орындап шы?а кояйы?.
-Математика сабағын сендерге мен өткізетін боламын.Алдымен өзімді таныстырып өтейін.Мен Ақшұқыр ауылындағы М.Әбдіхалықов мектебінде сендер сияқты даярлық сыныпқа сабақ беремін.Есімім Өрбісінова Кенжегүл апайларың боламын.
-Бүгінгі сабағымыз ойын арқылы «Ойнайық та ойлайық!»тақырыбында өтетін болады. Ойнай отырып ойлана отырамыз.
-Бірінші ойынымыздың аты: «Сандарды ретімен тауып мақалды оқу»
-«Бірлік болмай тірлік болмас»
-Жарайсыңдар!
-Балаларға мақалдың мағынасын түсіндіремін.
-Енді осы макалаға сүйене отырып,бәріміз бірге бірігіп тапсырмаларды орындап отырайық.
- 1 10
-10 1
-Балалар тақтадан нені қөріп тұрсыңдар бұл сандар нені білдіреді?
-Кім маған енді тура және кері санап береді?
- «Дид/ ойын: «Көршісін тап»
-Қәзір мен сендерге бір санды көрсетемін,сендер сол санның көршісін тездетіп тауып айта қоясыңдар?
-Кәне бастаймыз.
-Неше саны 5- көршісі неше?- 6
-Келесі сан неше 7-көршісі-8
-Тағы 9-көршісі -10.Ойын ары қарай жалғаса береді.
-Жарайсыңдар!
-Келесі ойынымыздың аты «Не өзгерді»
Мен қазір тактаға әр түрлі пішіндерді іліп қоямын ішінен біреуін алып тастаймын ,сендер жасырылған пішінді тауып атап бересіңдер?
-Кәне ойынымызды бастаймыз.
-Жарайсыңдар балалар!пішіндерді шатастырмай дұрыс таптыңдар.
Келесі ойынымыздың аты «Өз үйіңді тап»
Мен тақтаға үш түрлі үйшікті іліп қоямын.Үш үйшікте үш түрлі сан жазылып тұрады.мен сендердің алдарыңа өрнек таратамын, сол өрнекті тақтадағы үйшікке әкеліп жапсырасыңдар.
Сергіту сәті: Видео ролик.
-Жақсы балалар шаршағанымыз басылса ары қарай тапсырмамызды орындай қояйық.
-Енді бәріміз оқулығымызды ашып берілген тапсырмаларды орындай қояйық.
-Оқулықпен жұмыс.
1-ші тапсырма: Суретте нені көріп тұрмыз?(тік ұшақ және машиналар)
Бұларды бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Мұнда 20 ға дейін тура кері сандар берілген арасындағы қалып қойған сандарды тауып жазып шығамыз?
20 17
15 18
-Келесі 2-ші тапсырма суреттерді бояп шығу.
-Балаларға бүтін, жарты,ширек сөздердің мағынасын түсіндіремін.
Бүтін дегеніміз бір тұтас затты бүтін дейміз.Ал жарты деп бүтінді екіге бөлгендегі затты айтамыз.Ал ширек деп бір бүтінді төрт бөлікке бөлгендегі затты айтамыз.
.Балардың алдында тәжірибе жасап көрсетемін.
-Оқулықтағы келесі берілген тапсырманы орындап шыға кояйық.
-енді астындағы суретті дәл сондай етіп карандашымызбен салып шығамыз?
ІІІ-Қорытынды бөлім
-Балалар бүгін біз не ұғындық?
-Не түсіндік?
-Сабақ сендерге ұнадыма?
Жарайсыңдар!Мана біз сабақтың басында «Бірлік болмай тірлік болмас»деген мақалаға сүйене отырып,бәріміз бірігіп тапсырмаларды орындап шықтық.Енді бәріміз орнымыздан тұрып бір бірімізге жүрегімізден шыққан жылы тілегімізді білдіре қояйық.
-Әрқашан бәріміз бірге тату болайық.Ұйымшыл болайық.Бір бірімізді ренжітпейік.