Просмотр содержимого документа
«"Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы" ашық сабақ»
Математика
Күні: 21.11.16 ж.
Сынып: 6
Cабақтың тақырыбы: Координаталық түзудегі екі нүктенің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: ойын - сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнектілері:Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс
Сабақтың құрал – жабдықтары: ИТ, тест, слайд.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
2. «Топтастыру стратегиясы»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІV. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
V. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
VI. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
VII. «Шешуші сәт.» Тест
VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:
Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тіңСол жағында
2. «Топтастыру стратегиясы»
Натурал сандар
Оң сандар
Қарама-қарсы сандар
Бүтін сандар
Теріс сандар
Рационал сандар
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:
Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?