Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы
сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуымен таныстыру.
б) Тірек білімдерін жетілдіру.
в) Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Ойын «үндемес».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№4. Ауызша тексеру.
Математикалық диктант
Оқушылар есептің жауабын ғана жазады.
-Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды.Көлікте неше адам қалды? - -Айсәуле 9 жаста, Әзиза 6 жаста. Айсәуле Әзизадан қанша жас үлкен?
-Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?
-Араның 6 аяғы бар, ал шаянда 4 аяқ артық.Шаянның неше аяғы бар?
-Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы неше қарға болды?
-Сұлтанда 6 шар бар. Ол 4 шарды досына сыйлады. Сонда Сұлтанның қанша шары қалды?
-Құмырада 6 раушангүл бар, ал қалампырдың одан 3-еуі кем. Құмырада қанша қалампыр бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1-мысал санағыштарды пайдаланып орындауға болады.
- Санағыш таяқшаларды санап шығыңдар. 10 таяқшаны басқаша қалай айтуға болады? Оқулықтағы суретке қараңдар. 10-ға дейін санай отырып, біз бірліктердің санын атаймыз. Бірінші суретте қанша бірлік берілген? 1 (2,3,4) бірлік қандай цифрмен берілген? 10 таяқшаны бір бума етіп біріктіріңдер. 10 таяқша- бір ондық. Бір ондықта қанша бірлік бар?
- Әрбір суреттегі бірліктер санын цифрмен жазыңдар.
- 11,12,13,14 және басқа сандардың қалай жазылатынына көңіл бөліңдер. Оң жақта бірліктер саны, сол жақта ондықтар саны жазылады. 11 санында қанша бірлік және қанша ондық бар? Қай жерге бірліктер, қай жерге ондықтар жазылады? 11 санын жазыңдар. 20 санын жазыңдар. Жазылған сандарды оқыңдар.
№1Сандарды ретімен жаз.
Өсу: ______________
Кему: ____________
10 + _ = 12 14 - _ = 10 17 - _ = 10
10 + _ = 16 11 - _ = 10 13 - _ = 10
10 + _ = 19 18 - _ = 10 15 - _ = 10
№ 3. Бос орындарды толтыр.
6 + 4 + _ = 14 8 + 2 + _ = 15 15 - _ - _ = 9
7 + 3 + _ = 13 9 + 1 + _ = 16 13 - _ - 4 = 6
14 – 4 –_= 9 12 – 2 - _ = 7 10 + _ - _ 10
№4. Есепті шығар.
А) Ағашта 14 алма болды. Оның 4 – еуі үзіліп жерге түсті. Ағашта неше алма қалды?
Ә) Ағашта 10 алма, ал жерде 4 алма болды. Барлығы неше алма болады?
Сергіту сәті: Балапан әні, биімен.
№5. Өрнектің мәнін тап.
а
3
5
8
6
0
9
а + 10
ІV. Қортындылау.
Бағлау. Мадақтау.
Үйге тапсырма. №6. Қосуға және азайтуға осындай 6 өрнек құрастыр.
10 + 6 = 10 + 9 = 17 – 7 =
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт