kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қасиетті сандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандар туралы және олардың касиеті макала сандар 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қасиетті сандар»

Тақырыбы: «Сандардың өмірмен байланысы»

Мақсаты: Қатысушыларды сандардың өмірмен байланысы туралы ақпараттармен таныстыру ,Танымдық ,тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіруге ықпал жасау.
Сайыстың барысы:
1«Білгенге маржан»

2. Сандарға қатысты мақал – мәтел айту

3) «Жалғасын тап»

4)«Кім көп біледі?»(Логикалық сұрақтар)

5) «Көңілді сұрақтар»

«Білгенге маржан» қазақ халқының ежелден қасиетті ,киелі деп санаған сандар туралы мәліметтер мен таныстыру.

Сандар туралы бейнеролик «Фибоначчи саны».

Сандар туралы мәліметтер слайдтар арқылы беріліп отырады.

Қазақ халқы тілге бай .Әр сөзін талдай білген ,әр сөзіне мән берген халық.Қазақ үшін әр сөздің ғана емес ,әр санның өзінің қасиеті ,шариғатқа қатысы ,тәрбиелік мәні ,саналы орны болған.Әр санда өзіндік кие болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын сезе түйсіне білген.

1-Әлемнің бастауы

1-Алла жалғыз.Алладан басқа тәңір жоқ

Қай тілде болсын бірлік сөзінің түбірі саналады.

Адам өмірін басқаратын ,әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі

1 саны шыршамен теңестіріледі.Баяу болсада басқалардан биік ,көркем болып өсіп,ұзақ жыл сақталып,кез келгеннің көзіне жоғарыдан,алыстан-ақ ілінеді.

2-Күні түні демалмайтын екеу Ай мен Күн ,жақсы мен жаман,ақ пен қара,ер мен әйел

Қазақ халқының көзқарасына сай жер мен аспан ,адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы ,ақ пен қара ,жарық пен қараңғылық ,күн мен түн ,жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия ұғымдарын білдіреді.Бамбук ағашына теңеледі,өсу жылдамдығы өте тез ,қолданылу мүмкіндігі өте кең .

Ұлықпан хакімнің өсиеті «насихат үшін үш мың ауыз сөз жаздым,үш мыңнан үш ауызын таңдап алдым.Оның екеуін есте сақта ,ал біреуін ұмыт,яғни Құдайды һәм өлімнің хақтығын жадыңа тұт,жасаған жақсылығыңды естен шығар

Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық-ақ жаулық

Үшінші байлық –он саулық

Үш бастау-Аспан,Жер,Адам

Үш қуат-ақыл,жүрек,тіл

Үш ғайып-ажал,несібе,қонақ

Үш даусыз-ажал,көрік,мінез

Үш жамандық-нақақ қан төгу,кісі малын нақақ алу,ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Үш тоқтам-ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық

Үш қуаныш-Алғыс айту,өзіңді көптен іздеуі,ісіңнің өшпеуі

Үш тәтті-жан тәтті,бала тәтті,жар тәтті

Үш биік-билік,дәулет,даналық

Үш мақсат-сауда мақсаты ұту,дау мақсаты шешу,жол мақсаты жету

Үш алыс-жер мен көк алыс,кәрі мен жас алыс,жақсы мен жаман алыс.

Үш жұрт-Өз жұртың –күншіл,қайын жұртың –міншіл,нағашы жұртың -сыншыл

Үш із-бала,байлық,бақыт-білім

Үш арсыз-ұйқы,күлкі,тамақ

Үш қадірлі-ырыс,бақ,дәулет

Үш қадірсіз-жастық,денсаулық,жақсы жар


Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды.

Берсең жағасың

Бермесең дауға қаласың

Өз жұртың –ағайын,

Бар болсаң көре алмайды

Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң күндейді,

Жаман болсаң жүндейді.

Нағашы жұртың

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді.

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді

4 –санының қадір-қасиеті

4 тұлға-от,су,жер,жел.

4 түлік-Түйе пірі –Ойсылқара,жылқы пірі- Қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгі баба

Қой,ешкі пірі –Шопан,Шекшек аталар.

4-асыл-иман,намаз,ілім,мейір-шапағат

4-күнә -Аллаға күмін келтіру,нақақтан қан төгу,өтірік куі болу,ата-анаға тіл тигізу

4-нәрсе Адам атаны жаратқанда жіберілді:Өлім,нәпсі,ләпсі,ашу

5-қару:садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта

5-қатер:от ,жау,борыш,ауру,сөз

5-жаратылыс: күн,ай,жұлдыз,күндіз,түн

5-парыз:иман,намаз,ораза,зекет,қажылық

5-намазт:аң,бесін,екінті,ақшам,құптан

5-өсиет :топасқа сенбе,жауға иілме,әрқашан сақ жүр,жарлыдан сый алма,аш үйге қонба

Абай атамыз айтқандай 5 жаман мен 5 асыл

Бес жаман мен бес асыл :

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек ,өтірік,мақтаншақ,

Еріншек ,бекермал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап,еңбек терең ой,

Қанағат,рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

6-Асқар: ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шыншылдық,кең пейіл

Адамдардың бір-біріне 6 парызы бар:Бір-біріне сәлем беруге,шақырса баруға,кеңес сұраса ақыл қосуға,сұрағына жауап беруге ,қайтыс болса жерлеуге қатысуға, ауырып қалса көңіл сұрауға.

7саны туралы

1.Апта 7күннен тұрады.Аптаны 7күнге бөлу Ай фазасының 7күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе

2.Қазақта әлденеге қуанса ,қорықса әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып құран оқытады.7 теңге садақа тастайды .

3.Қазақ 7 атаға толғанша қыз алыспайды.Сондықтан 7 атасын білуге міндетті.7 атасын білмеген жетесіз.

4.Қарғыс 7 атаға кетеді деген ұғым бар.

5.Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары 7 күннен кейін арнайы жетілік садақасын береді .

Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты-жігіт қаны,қанаты

Қыран бүркіт-қарым күші,қуаты.

Құмай тазы –бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы –сөнбес оты ,серігі

Алмас кездік-жігіт сусы,һәм мысы

Ау жылымы-амал,айла,әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

7 амал-күннің тоқырауы,қарашаның қайтуы,үркердің батуы,мұздың қатуы,киіктің матауы,айдың тоғамы,қос тоқсанның кіруі.

7 жұт-құрғақшылық,малжұтау,оба(індет),өрт,соғыс,тасқын,жер сілкіну

7- жоқ –Аллада бауыр жоқ,құста сүт жоқ,жылқыда өт жоқ,аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ ,тасбақада талақ жоқ,жерде өлшеуіш жоқ.

Халқымызда 9 санында қасиетті деп санаған.

Тоғыз ай тоғыз күн бала көтеру ,

Тоғыз жолдың торабы

Тоғыз қабат торқа кию

Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде кепті-деген аталы сөздер де бар.


Жасаған Ием,Жаратушы Құдірет-Алла тағалланың 99 аты бар.Таспих моншақтары -99,Жамбыл Жәкең -99 жыл өмір сүрді .

12 саны

Бұрынғы қариялар мектепке баратын балаларға тілек-бата айтатын: «Хатты тез танып , кітапты көп оқып,Лұқпандай хакім,Атымтайдай жомарт ,12 ғалымның тілін білсін»деп.

Ораза айын 12 айдың сұлтаны дейді,өйткені осы айда дау-дамайдан,ұрыс-керістен,ұрлық-қарлықтан арылып,тек денсаулықты,тазалықты ,жақсы мінезді қалыптастыру керек.Киіз үйдің 12 қанатқа дейін болуы,сағаттың тілі де 12 санымен аяқталуы,ертеде халықтың санын көбейту үшін қыздарды 12-13 жастарында ұзатқан.

12 ай,12 жыл,12 мүше,12жілік.

40-көп жағдайда кез-келген өлшемнің (уақыттың кеңістіктің) ең шеткі ең соңғы межесі ,шебі ,шекарасы. «Қырық сөзі абақ таңбадағы шеңбер сызығын білдірген.Сандық көрсеткіш бойынша берсек 40 дегеніміз кіндік нүкте.Қазақ халқында «Қырқынан шығару» дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге шейін «әлі тумаған болып есептеледі- ол өлі тек 40 күн өтіп,41 ші күн болғанда ғана ол дүниеге келеді.Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді,тіл көзден сақтайды.Арнайы жоралғы жасап «қырқынан шығару», «ит көйлек» өткізіп баланы «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке » сыйлық беріп бұ дүниеге шығарып алады.

Жас сәбиді алғаш рет күміс салын суға шомылдырғанда мынадай тілек айтады:

«30 омыртқаң бекісін ,

40 қабырғаң қатсын»

40 күн бойы ешкімге көрсетпеу,шашын және тырнағын алмау әдетімізде бар.

Қырқын беру –өлген адамның жаны 40 күн бойына бұл дүниеде де жүреді де тек 41 ші күн болғанда ,ғана о дүниеге өтеді,яғни ит күзеткен қақпадан ,көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді » «ит көйлегін қайта киеді».

2.Сандарға қатысты мақал – мәтел айту(қатысушылар өзара мақал –мәтел айтып жарысады әр мақал айтылған сайын ұпай беріліп отырады)

3. «Жалғасын тап» сандармен берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айтады

1.7 жұрттың тілін біл... (7 түрлі білім біл)

2. Екі баланың ортасындағы шал бала болады..... (Екі шалдың ортасындағы бала дана болады)

3. 2 жақсы қас болмас...(2 жаман дос болмас)

4. Досыңды 3 күн сынама .... (3 жыл сына)

5. 100 теңгең болғанша .... (100 досың болсын)

6. 30 тістен шыққан сөз...(30 рулы елге тарайды)

7. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99)

8. 1 кісі қазған құдықтан .....(1000 кісі су ішеді)

9. 40 кісі 1 жақ... (қыңыр кісі бір жақ)

10. 4-еу түгел болса төбедегі келеді.....(6-ау ала болса ауыздағы кетеді)

4)«Кім көп біледі?»(Логикалық сұрақтар)

1.Қандай сан рим цифрымен жазылмайды (0-саны)

2.Сәске кез болатын.Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды.Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды.Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды.Неліктен деп ойлайсың (қант құрғақ шәй үстіне түсті)

3.Үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады ? (5)

4.Ағаш үстінде 10 торғай отырды.Аңшы бір торғайды атып алды.Олардың қаншасы қалды? (1 торғай қалды,қалғаны ұшып кетті)

5.7 майшам жанып тұрды ,үшеуін сөндірсе нешеуі қалады?(3 ,4 сөндірмегесін жанып кетеді.)

6.Сәуледе бір бүтін,екі жарты,төрт ширек алма болды.Сәуледе неше алма болды?(3)

7.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі

8.Қай сан кез-келген санға қалдықсыз бөлінеді?(0)

9.Бір үлкен үйде 100 пәтер бар .Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20 рет)

10.Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (бос ыдыстан)

5) «Көңілді сұрақтар»(қатысушылар шар ішіне жасырылған сұрақтарға жауаптар береді)

1. «Қызды 40 үйден тию»деген мақалды түсіндіріңіз

2.25,550,1000 сандары арқылы бір сөйлем құру

3.Шынтақтан саусақ ұшына дейінгі аралық қалай аталады?

4.Өмірлік ұстанымыңыз?

5.1,100,1000 сандары арқылы бір сөйлем құру

6.Мектеп мұғалімдерінің біріне пародия салу

7. Қайрат Нұртастың «Жаса Қазақстан» әнін шырқау.

Сайыс соңында қатысушылардың ұпайлары саналады,ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңіске жетеді.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қасиетті сандар

Автор: Бердиханова Демиткен Сарсанбаевна

Дата: 07.03.2017

Номер свидетельства: 398306

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Конспект урока "?асиетті сандар" "
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt-uroka-k-asiietti-sandar"
    ["file_id"] => string(6) "180441"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425197009"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? ??ымында?ы ?асиетті сандар сыры"
    ["seo_title"] => string(34) "kazakugymyndagykasiiettisandarsyry"
    ["file_id"] => string(6) "333928"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465551045"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?асиетті сандар сыры"
    ["seo_title"] => string(19) "kasiiettisandarsyry"
    ["file_id"] => string(6) "333930"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465551337"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Сандар сыры" ?ылыми ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(27) "sandar-syry-g-ylymi-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "151109"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420636888"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Сандар ??пиясы"(интеллектуалды? ойын)"
    ["seo_title"] => string(35) "sandarkupiiasyintielliektualdykoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "329535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463947850"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1390 руб.
1980 руб.
1450 руб.
2070 руб.
1860 руб.
2660 руб.
1310 руб.
1870 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства