kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?асиетті сандар сыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы? ?азынасыны? тере?іне бойлап, ?асиетті сандар жайында ма?л?маттарды к?пшілік ?ажеттілігіне жарату. Сандарды? ?асиеттілігі неде екенін ай?ындау. О?ушыларды? танымды? ой-?рісін ке?ейту, салт-д?ст?рлік ?ибраттар сырына ?аны?тыру, хал?ымызда ?алыптас?ан ?асиетті ??ымдарды? т?рбиелік м?ніне к?з жеткізу, тап?ырлы??а, ?тымды жауап айту?а, шешендік ?нерге, адамгершілікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?асиетті сандар сыры»

Тақырыбы: «Қазақ ұғымындағы қасиетті сандар сыры »

Мақсаты: Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.Сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындау.Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту,салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру,халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәніне көз жеткізу,тапқырлыққа,ұтымды жауап айтуға,шешендік өнерге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік: Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.

Дамытушылық: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың ерекшелігін көрсету. Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, ой-өрісін шыңдау, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдаланып, ұрпақ бойында адамгершілік, ұлттық қазына – ұлттық таным, ұлттық рухани сананы қалыптастыру, тәрбиелеу.

Өткізілу формасы: Ауызша журнал

Өткізілетін орны: М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің

Акт залы

Мерзімі: 3.03.2016жыл

Уақыты:15:30

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, роллап, кітап көрмесі, декорациялар (сандар формасында безендірілген ою-өрнектер)

Қолданылатын әдебиеттер:

Тәрбие сағатының құрылымы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Кіріспе бөлімі

А)Тәрбие сағатының мақсат, міндеттерін жариялау, өткізілу формасы мен тақырыбының мәнін ашу.

Ә)Журнал беттері мен айдарларына шолу(анонс).

3.Негізгі бөлім. (Ауызша журнал беттері мен айдарларымен танысу)

Өткізілу барысы:

Ауызша журналдың:

1 бет. Ақпараттық бет:«Сандармен саяхат» айдары

2 бет. «Нумерология ғылымы.Сандар сөйлейді» айдары

3 бет. «Қазақ халқындағы киелі сандар» айдары

4 бет. «Ақылдың кілті» айдары(Шарықтау шегі)

5 бет. «Сыр сұхбат» айдары

6 бет. «Сен білесің бе?» айдары

7 бет. «Өнер» айдары

Қорытынды

Рефлексия

Өтілу барысы:

I.Кіріспе бөлім.

Жүргізуші: Құрметті М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ұстаздары және студенттері, 306 «ә» тобының «Қазақ ұғымындағы қасиетті сандар сыры » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың өтілу түрі ауызша журнал. Қазақ ұғымындағы қасиетті сандар сыры тақырыбында оқырмандарға жол тартқан журналымыз «Ұлт қазынасы».

Журналымыздың бүгінгі санында:(слайд-фон)

1 бет. Ақпараттық айдар: «Нумерология ғылымы.Сандар сөйлейді»

2 бет. «Сандармен саяхат» айдары

3 бет. «Қазақ ұғымындағы киелі сандар» айдары

4 бет «Ақылдың кілті» айдары

5 бет. «Сен білесің бе?» айдары

6 бет. «Сыр сұхбат» айдары

7 бет. «Өнер» айдары

Өткізілу барысы:

Жүргізуші:

Сөйлесе сандар сөйлесін

Қасиетін оның білейік,

Құрметтеп әркез жүрейік,

Нумерология ғылымын көрейік.

Ауызша журналымыздың бірінші беті: Ақпараттық айдар: «Нумерология. Сандар сөйлейді»

Жүргізуші: Шартарапқа саяхат жасап,сандар туралы мәлімет жинақтап келген, жиһанкездеріміздің құнды ақпараттарына назар салсақ.Келесі айдарымыз «Сандармен саяхат» айдарына кезек берсек.

"Сандармен саяхат" айдарында біз жалпы әлемдегі сандар туралы наным-сенімдері жайлы айтып өтсек.

Меруерт:Кейбір елдерде 13 санын жайсыз деп есептейтіндер бар. 13-ті олардың не үшін ұнатпайтыны белгісіз. Ал аңыз әр түрлі. Еуропа елдерінде аптаның жұмасы айдың 13-іне тап келгенін ұнатпайды. Өйткені бұдан екі мың жыл бұрын қасіретті бір оқиғаның дәл осы күні жүзеге асқаны тарихта жазылып қалғандықтан да аптаның айтулы күні осы санға сәйкес келсе, жақсылыққа жорымайды. Бірақ 13 санының не үшін қатерлі екенін ешкім де тап басып айта алмайды. Сол 13 саны қазаққа жат емес. «Он үште отау иесі» деп, ол санды әспеттеп жатамыз.

Толқын: Британдық Ллойда фирмасы жұманың 13-не сәйкес келген күні түрлі қасірет жиі кездесетіні туралы деректерді іздестіріп көріпті. Нәтижесінде олар бір ғасырдан астам уақыттан бері мұхиттағы кемелердің апаты көбіне айдың 13-і, жұма күніне тура келгенін анықтаған.Ал енді кейбір елдің сенім-нанымында жұма күнге тап келген айдың 13-і жын-шайтандардың ел кезетін күні деп саналады екен. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде 13 санын қолданбайтындар баршылық. Яғни осы нанымға сенетіндер 13-ші пәтерді, 13-ші үйді қаламайды, кезекке 13-ші болып тұруды да қатерлі деп санайды. Германия, Швецария, Скандинавия мен Австрияда сондықтан үйлер мен пәтерлерде бұл сан мүлде жазылмайды, яғни 12-ден кейін бірден 14-ші нөмір көрсетіледі. Тіпті ұшақ салондарында, жолаушылар автобусында, кинотеатрларда, пойыз вагондарында, ауруханада 13 деген орын болмайды. Себебі – жұма айдың 13-не тап келген күні «қара мысық» кірпік қақпай, аяқтан шалатын адам аңдитын көрінеді.Британияда айдың 13-і күні жедел болмаса, дәрігерлер мүмкіндігінше операция жасамауға тырысады екен. Ал егер айдың 13-і жұма күнге тура келсе, онда тағдыр осылай деп шешті деген сеніммен өлім аузындағы адамға да операция жасалмайды.

Меруерт: Бұл саннан қорыққан адамдар көпқабатты үйдің 13-ші қабатын 12А деп ауыстырады, кейде тіпті мүлдем атамайды да екен. Шығыстағы сандар туралы көзқарастар. Күншығыс елдерінде 4 саны "Өлім" дегенмен бірдей, сондықтанда көп қабатты үйлердегі мұндай қабаттар мүлдем жоқ.

Толқын: «Жұп немесе тақ?» гүлдерге қатысты қорқыныштар.ТМД елдерінде қыздарға гүл сыйлағанда оның саны міндетті түрде тақ болуы шарт, ал АҚШ пен еуропалық елдерде бұл жайт керісінше. Ал өзіміздің қазақ ұлтымызда барлық сандар жүрегімізге жақын, сәттілік әкелетін жайлы сандар деп саналады.

Жүргізуші:

Қасиетті қазақтың сандарымен,

Құндылықтар ұштасып арманымен,

Сандардың да сапалы сырлары бар,

Арайлаған күн нұры таңдарымен.

«Қазақ халқының киелі сандары» атты айдарын ұсынамыз:

1.оқушы: 3- Санына ұлтымыз салмақпен қараған. Қазақ қауымы ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтергенде отбасылық үштікті негізге алған. Әке мен шеше және бала. Үштікті халық бірігудің негізіне жатқызған. «Үйірімен үш тоғыз», «Үш жүздің баласымыз», «Ер кезегі үшке дейін» деген тіркестер кездеседі.

3 санына байланысты байламдар:

Үш

Жүз:

Үш тәтті:

Үш

Қуат:

Үш

Қадірлі:

Үш

Тоқтам:

Ұлы жүз

Орта жүз

Кіші жүз

Жан

Мал

Жар

Ақыл

Жүрек

Тіл

Ырыс

Бақ

Дәулет

Ой

Ақыл

Шешім


2.оқушы:4-саны.Сандармен сырласа білген халқымыз «4» санына да ерекше көңіл бөліп қастер тұтқан. 4 санына қатысты:

Төрт тұлға: От, Су, Жел, Жер.

Төрт құбыла: Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік.

Төрт асыл: Иман, Намаз, Ілім, Мейір-Шапағат.

Төрт кітап: Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран.

Төрт тілсіз жау: Өрт, зілзала, жұт, сел.

Төрт түлік пірі: Зеңгі баба, Шопан ата, Ойсылқара, Шекшек ата.

Төрт жыл мезгілі: Күз, Жаз, Қыс, Көктем

Атақты Майқы би «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - дегендей, төрт саны толу, бірігу, толысу дегенді білдірсе керек. Төрт құбыла тең болса, бақыт та, береке де болады деген сөз.



3.оқушы: 7-саны.Басы ашық дәлелді қажет етпейтін, өзінің киелі мағынасы мен ұлттық ұғымға орныққан сан «ЖЕТІ». Бұл санмен байланысты идея халық арасында қалыптасып салт, заң болып кеткендігін толық дәлелдейтін, бір мысал –ол «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы.

Бертін келе алыс-жақындықтың өлшемі де осы «жетімен» өлшеніп, ең болмағанда әр рудың адамы жеті атасын – бергі шежіресін білуге міндетті болған. Осыдан барып, «жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз қалған.

«Жеті» санын халық негізгі бір желі етіп, кей уақыт өмірге керек зат не басқа бір түрлі амалды, істі осы жетінің шеңберіне сыйғызады.

Аңшылық, ит жүгірту, құс салуға құмар қазақ «ит – жеті қазынаның бірі» деп келеді.

Ол жеті қазына мыналар:

1.Жүйрік тазы,

2.Қыран бүркіт,

3.Берен мылтық,

4.Сұлу әйел,

5.Жүйрік ат,

6.Ер жігіт,

7.Білім – ілім Жеті санына қатысты пайымдар

Жеті қат көк:

1. Ай.

2. Күн.

3. Шолпан.

4. Есек – қырған.

5. Қызылжұлдыз.

6. Сатурн.

7. Юпитер.

Жеті қат жер:

1. Тұңғиық.

2. Жылан.

3. Су.

4. Қос балық.

5. Қаратас

6. Көкөгіз

7. Жер.





4 .оқушы:

7-саны. Бала дүниеге келіп жеті күннен кейін ат қойылады. Бесікке бөлеп, ырымдап бесікке жеті жабу жабады. Бірінші, бесік көрпе, одан кейін шапан, ебенек, тон, жүген және қамшы сияқты бұйымдар. ХVІ ғасырда өмірге келген «Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек. Наурыз мерекесінде де наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылатыны белгілі.Жеті санының қасиетіне барша халық мән береді, кие тұтады. Апта жеті күнге жіктеледі. Еліміздің өткен жылғы жетістіктері мен атқарылған жұмыстарды және мақсат – межелерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақтың қасиетті саналатын жеті саны аясында жан-жақты талдай отырып, жеті кезеңнен тұратын мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды.

5.оқушы:

9-саны. Тоғыз саны да жеті санына ұқсас, киелі мәнімен өзге сандардан ерекшеленіп, рухани мәдениетіміздің әр қырынан көрініс тапқан. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан – адам ғұмырының пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған. Тоғыз санының негізгі мағынасы – «ұзақ өмір». Тоғыз санына қатысты пайымдар:

• Ағасы аға болғанның қолы тоғыз болар • Тойған үйге тоғыз кел • Үйірімен үш тоғыз • Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз • Тоғыз сөздің тоғысы

• Тоғыз жолдың торабы

• Тоғыз тұрып, тоқсан толғанды



6.оқушы: 12- Саны. Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қоса отырып келесі мүшел шығады. Сондай-ақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылған ұлағатты ұғымдары өте көп. Мәселен, «он екі саққа жүгіртті», «он екі құрсау жез айыр», «он екі қарыс», «он екі мүше». Шындық он екі қабат шынжырда.Сонымен, он екі саны «табыс», «тоқтық», ұғымдарын білдіреді.


7.оқушы:32-саны. Күннен туған ұрпақпыз немесе «32» санының құпиясы.

Қазақстанның Мемлекеттік Туына мұқият қарасаңыз, назар аударатын бір жайт бар. Ол – бұл қасиетті байрақтағы КҮН бейнесінен 32 шапақтан тұратындығы. ҚАЗАҚ атты ел «32 руға бас болған Қызыл Арыстан ханнан », яғни «Күннен» туған Алаштың ұрпағынан тараған. Ендеше, Қазақстанның Мемлекеттік Туында «отыз екі шапақты» Күннің бейнелеуінде құдіретті тылсым, ғажайып мән бар деген ойға келтіреді.


8.оқушы:40-саны. Салт – дәстүрімізде мызғымастай орын тепкен киелі саналатын сандардың бірі – «қырық». Қазақта қырық санына байланысты кәде – ырымдар, наным – сенім, тағылым – тыйымдардың басым көпшілігіне тән көзге ұрып тұратын ортақ мағына ретінде олардың «көптік», «молдық», «сан салалық», «алуан түрлілік» сияқты ұғымды білдіретінін айтуға болады.

Қырық санының қасиеттілігі де, киелілігі де баланың ана құрсағында қырық апта болуынан бастау алған. Қырқынан шығару тұрақты тіркесі баланы қырқынан шығару ғұрпынан, наным – сенімнен өрбіген. Сәби дүниеге келгеннен кейінгі қырық күнге дейінгі уақыты қауіп-қатерлі кезең деп есептелген. Қырық күн өткен соң, ыдыстың түбіне күміс салып, қырық қасық суға түсіріп, қарын шашын алады. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер кең көлемде тараған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасады деген сөз қолданысы бар. Ер – азаматтарға байланысты «Отызда орда бұзған, қырқында қамал алған» дейді. «Қырықтың бірі – қыдыр» деп үйге келген қонақпен бірге ырыс, құт келеді деп түсінген.


Жүргізуші: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»-деп Абай атамыз айтқандай.

Келесі айдарымыз «Ақылдың кілті» :

Көрініс қойылады.(Шарықтау шегі)

Қазақ отбасындағы киелі сандарға байланысты салт-дәстүрлер көрінісі.

Санамақ.

Балалар: Әже, әже ертегі айтып беріңізші!

Әже: Балалар бүгін біз санамақ үйренеміз.

Балалар: Әже санамақ деген не?

Әже:

Айтар болсам саралап,

Көп қой түрлі санамақ.

Бір дегенім-бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі деген-елім,

Далам,тауым,көлім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт ақтар жігіт.

Төрт дегенім-төзу,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім –бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген-ақыл,

Тындағаның мақұл.

Жеті деген-жалау

Жүректегі алау.

Сегіз деген-сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген -тоқтау

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім –Отан,

Қорға оны, ботам!



Баласы: Санамақ демекші,әкей! Осы сандарға байланысты айтқан Бұқар жыраудың Қазыбек биге айтқан жұмбағы бар екен ғой.

Әкесі: Мақұл, балам.

Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.

Төрт дегеніңіз - төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.

Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.

Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.

Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз-деп жұмбақтың жауабын осылай шешкен екен.

Бала: Еее бәрекелді әке.Бұл ойға түйіп алар дүние екен.

Келін: Амансыз ба әке?! Немереңіз сізбен амандасып келіп тұр.

Әкесі: Әкелші құлынымды маңдайынан бір иіскейін.Үлкен бір азамат келіпті ғой. Өркенін өссін, құлыным.

Баласы: Әке сізден тағы бір сұрарым бар.

Әкесі: Мақұл балам! Қалған әңгімемізді қырда жалғастырайық.

Келін: Әже бүгін балаңызды қырқынан шығаратын күн екен.

Әже: Еее, дұрыс айтасын келін шырақ! Суды дайындай ғой деп ( баланы қырық қасық суға түсіреді)

Әже: Ал енді бесікке бөлейік.(келіні бесікке бөлеуге қажетті заттарды алып келеді. Қырқынан шыққан баланы бесікке бөлейді)

Жүргізуші:Келесі кезекте «Сен білесің бе?» айдары.

Көрермендермен жұмыс: 7 сұрақ қойылады, Қазақтың қасиетті сандарына байланысты. Сұрақтар:

1. Қазақ халқының жеті кереметі?

Жауабы:

1) Қожа Ахмет Йасау кесенесі;

2) Тайқазан;

3) Айша бибі кесенесі;

4) Алтын адам;

5) Домбыра;

6) Киіз үй;

7) Күлтегін ескерткіші.

2. Үш тұл?

Жауабы:

1) Қайратсыз – ашу тұл;

2) Тұрлаусыз – ғашық тұл;

3) Шәкіртсіз ғалым – тұл.

3. Үш биік?

Жауабы:

1) Билік;

2) Дәулет;

3) Даналық.

4. Жеті жоқ?

Жауабы:

1) Ханда бауыр жоқ;

2) Таста тамыр жоқ;

3) Жерде өлшеуіш жоқ;

4) Аспанда тіреу жоқ,

5) Тасбақада талақ жоқ;

6) Аққуда сүт жоқ;

7) Жылқыда өт жоқ.

5. Жеті ата:

Жауабы:

1. Тек ата

2. Түп ата

3. Баба

4. Арғы ата

5. Ата

6. Әке

7. Бала.

6. Үш бәйтерек ?

Жауабы:

1) Сәкен Сейфуллин

2) Ілияс Жансүгіров

3) Бейімбет Майлин

7. Үш жүз?

Жауабы:

1) Ұлы жүз

2) Орта жүз

3) Кіші жүз;


Жүргізуші: Келесі кезекте «Сыр сұхбат» айдары.Колледжіміздің оқытушыларының сандарға қатысты берген сұхбатына назар аударсақ. Бейне сұхбат қойылады.


Жүргізуші:

Өнерлі өрге бастар,

Қазағым төрге бастар.

Сапалы саралы оймен,

Бар өнер елге бастар.

Әрбір журналдың бетінде оқырмандарға жаңа әндер ұсынылады. «Өнер» айдарында ұсынылатын жаңа ән «Қазақтың қасиетті сандары». Сөзін жазған: Айтмұқаш Алмас. Әні:

(Арнайы жазылған ән)

Қазақтың қасиетті сандары

Қасиетті сандары бұл қазақтың

Мұрасы мол ұрпақ үшін ғажаптын

Күмбірлетіп ән мен жырға қосайын

Көк байрағым желбіреген азат күн



Өнегелі үш санында байламдар

Құдіретін қанат қылып жайғандар

Үш жүзі де,үш тоқтамда,үш қуат

Атар болсам әлі талай байлам бар



Қастерлейді төрт санында ерекше

Төрт тұлғасы:от,су,жел,жер бөлекке

Төрт кітабы,төрт құбыла тең болған

Төрт асылы қайбір ұлттан кем болған



Бес саны бұл бекем жолға бастайды

Ерлік, қайсар,жігеріңді ұштайды

Бес аспанмен,бес сайыста, бес қару

Батыр елдің батырлығын ұстайды



Қасиетті сандардың бұл төресі

Шоқтығы да қиын бұның бөресі

Жеті саны,жеті қазына, жеті күн

Құдіретті заңғар биік белесі



Тоғыз жолдың торабында тоғысқан

Тоғыз саны өрелі боп тоғысқан

Тоғыз саны болмыстың да шыңы бұл

Салт-дәстүрмен құндылыққа толыққан



Бабалардың күннен туған ұрпағы

Қасиетті сандардың бұл жыртағы

Отыз екі шапақтан құралған

Күн бейнесі ашылмаған сыр тағы



Қыз балаға қырық үйден тыйым бар

Ұлы елімде ұлықтайтын жиын бар

Қырық күнде той-тойлайтын өр елім

Қазақ елім міне осындай сыйым бар



Сандардың бұл қасиетті сырлары

Қазағымның дәстүріде нұрланды

Көне болып,көзе болып қалмады

Бұл сандардың ашылғандай гүл бағы



Қорытынды: Құрметті оқырмандар, үш бақытымыз жанымызда, төрт тереземіз тең болып, тек бестік бағаға ғана оқып, жеті қазынамыз түгел, тоғыз болмысымыз толық, әрқашан «қырықтың бірі-қыдыр» қолдап, отыз күн ойын, қырық күн тойымыз тарқамай, ұлы қазақ еліміз мәңгі жасай берсін! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!!!













Қолданылған әдебиеттер:

Кәріпұлы Ө.Тұғыр: Ұлттық тәрбие сағаты. – Астана: ҚҚ

«Елорда Жастары», 2011. – 400 бет.

Кейкин Ж. Қазақы атаулар мен байламдар. – Алматы: «Өлке»

баспасы. 2000. – 256 бет.

Кенжеахметұлы С. Жеті қазына (бірінші кітап). – Алматы:

«Ана тілі» ЖШС. – 2007. 136 бет.

Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт – дәстүрлері мен әдет -

ғұрыптары. – Атамұра, 2010. – 384 бет.

«Дәстүр» журналы. – 2014. – №1 (32), қаңтар – ақпан. Б,3.

Сайбирова Т. Киелі сандар сыры (зерттеу). Жұлдыз. – 2009.

№8. – Б. 180 – 183.

Шүленбаева Ұ. Мақал – мәтелдердегі киелі сандар. – Ана тілі. –

2004. – 5тамыз. – Б.8.

Интернет материалдары.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?асиетті сандар сыры

Автор: Жунусова Ляззат Байботаевна

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 333930

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? ??ымында?ы ?асиетті сандар сыры"
    ["seo_title"] => string(34) "kazakugymyndagykasiiettisandarsyry"
    ["file_id"] => string(6) "333928"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465551045"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Сандар сыры" ?ылыми ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(27) "sandar-syry-g-ylymi-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "151109"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420636888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""Сандар сыры" тақырыбына арналған презентация"
    ["seo_title"] => string(45) "sandar_syry_takyrybyna_arnalgan_prezentatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "642825"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1703046036"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Сандар сыры" презентация"
    ["seo_title"] => string(25) "sandar_syry_prezentatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "642824"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1703045675"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Сандар ??пиясы"(интеллектуалды? ойын)"
    ["seo_title"] => string(35) "sandarkupiiasyintielliektualdykoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "329535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463947850"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства