Білімділік Оқушыларға қосу және азайту амалдары ұғымдарын қалыптастыру. Олардың негіізінде топтарды біріктіру және бөліп алу әрекетін білдіретінін түсіндіру. Қосу, азайту амалдарын жазуды үйрету. Әдемі жазуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Сандар», «Амалдар» кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Үлестірмелі материалдар арқылы заттарды қосу және бірнеше заттан бір затты бөліп алу әрекеттерін көрсету. Бұл әрекеттерді жазып көрсету үшін «қосу», «азайту» амалдарын қолданамыз. Тақтаға:
1+1 2–1 – деп жазып көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
1. Сурет бойынша 1+1, 2–1 өрнектеріне сәйкес әңгіме құрастыру.
Бұтақта 1 торғай отыр еді. Оған тағы 1 торғай ұшып келді. Енді бұтақта 2 торғай болды.
2. Геометриялық фигураларды ата. Сурет арқылы 1+1, 2–1 өрнектерін түсіндіру.
3. Тақырыпты пысықтау мақсатында суретті түсіндір.
Біріктіру ме, әлде бөліп алу ма?
Логикалық тапсырма.
Геометриялық фигураларды қандай бөліктерден құрауға болады?
Дәптермен жұмыс.
Көрсетілген үлгі бойынша іздерді бастыра жүргізу және әрі қарай жұмысты жалғастыру.