Екі өрнектің қосындыларының квадратын қолданып есептер шығаруға дағдыландыру
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту. Теориялық білімді практикада қолдануға дағдыландару.
Сабақтың түрі: өтілген материалдарды пысықтау
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, түгендеу, топқа бөлу)
Ән бойынша бөлу. (Оқушылар топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, карточкаларда келтірілген әндерді бірлесіп орындайды.)