Просмотр содержимого документа
«Білекті бірді жығар білімді мыңды жығар»
Сабақтың тақырыбы: « Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын оята отырып,есептер шығару.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып,дүниетанымын кеңейту.
3. Тапқырлыққа,алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,тапсырмалар,суреттер,ойын т.б.
Барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
-Құрметті ұстаздар,оқушылар! Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында апталақ өтіп жатыр. Соған орай 3 сыныптың қатысуымен «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» тақырыбында сайыс өткелі отыр. Бүгінгі топтық сайысқа қош келдіңіздер!
Кіріспе.
Математика негізгі пәндердің бірі. Қандай маман иесі болсаңда математика қажет. Математика – қоршаған ортаның өлшемдерін,көлемдік,сандық бейнелерін көрсететін ғылым. Ғұлама ақын-жазушылар математика туралы айтқан мынадай сөздер бар.
Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге
(Абай)
Білім – адам баласының ортақ қазынасы.
(Жүсіп Баласұғын)
Білімді адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі күші.
(Н.Назарбаев)
Ортаға «Тапқырлар» мен «Алғырлар» топтарын шақырамыз.
Сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын таныстыру.
Сайыс шарттарын таныстыру.
Амандасу рәсімі.
«Тапқыр болсаң,тауып көр»
«Ойлан, тап»
«Ойынды жалғастыр»
«Математикалық эстафета»
«Кім шапшаң?»
Топбасшылар сайысы.
І -сайыс «Амандасу рәсімі»
«Тапқырлар» тобы
Ұраны: «Ақыл азбайды,білім тозбайды»
«Алғырлар» тобы
Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп»
ІІ-сайыс «Тапқыр болсаң,тауып көр»
«Тапқырлар» тобы
Бір жәшікте 9 кг алма бар. Осындай 6 жәшікте қанша кг алма бар?
Шешуі:9х6=54 кг алма
Бір көйлек тігу үшін 4 м мата қажет. 24 м матадан осындай неше көйлек тігуге болады?
Шешуі:24:4=6 көйлек тігуге болады.
«Алғырлар»тобы
Марат әр күні 4 есеп шығарды. Ол 8 күнде қанша есеп шығарады?
Шешуі:4х8=32 есеп шығарады.
Айзадаға 27 кг қиярды тұздау керек. Егер бір банкаға 3 кг қияр сиятын болса,оған қиярды тұздау үшін қанша банка керек?
Шешуі:27:3=9 банка керек.
ІІІ-сайыс «Ойлан тап»
«Тапқырлар» тобы
Кестені толтырады.
Берілген сандардың ішінен 5-ке,6-ға,7-ге бөлінетін сандарды тауып,астын сызады.
Өрнектерге тиісті амалдарды қою керек.
«Алғырлар»тобы
Кестені толтырады.
Берілген сандардың ішінен 8-ге,9-ға,10-ға бөлінетін сандарды тауып,астын сызады.
Өртектерге тиісті амалдарды қою керек.
ІV-сайыс «Ойынды жалғастыр» Мақал –мәтелдің жалғасын табу
«Тапқырлар» тобы
1). 2 жақсы қас болмас,
( 2 жаман дос болмас)
2). Ер бір рет өледі,
( Қорқақ мың рет өледі)
«Алғырлар»тобы
1). Ағайын алтау,
(Ана біреу)
2). Білгенің бір 9
(Білмегенің 99)
V-сайыс «Математикалық эстафета»
«Тапқырлар» тобы «Алғырлар» тобы
Логикалық жаттығулар.
Ребус шешу.
Тиісті санды қой.
Сәйкестікті тап.
VІ-сайыс «Кім шапшаң?»
«Тапқырлар» тобы
Тік төртбұрыштың ені
3см
2см
Тік тортбұрыштың ұзындығы
7см
4см
Периметірі
?см
?см
ауданы
?см
?см
«Алғырлар» тобы
Тік төртбұрыштың ені
3см
2см
Тік тортбұрыштың ұзындығы
5см
9см
Периметірі
?см
?см
ауданы
?см
?см
VІІ-сайыс «Топ басшылар сайысы»
«Тапқырлар» тобы
1км-де неше метр бар?
Кез келген санды 1-ге көбейткенде не шығады?
Азайту амалының компоненттерін атап шық
1 аптада неше күн бар?
1 тоннада неше кг бар?
1 ғасырда неше жыл бар?
Ұзындықтың өлшем бірліктерін атап шық
«Алғырлар»тобы
1 сағатта неше минут бар?
Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады?
Бөлу амалының компоненттерін атап шық
1 жылда неше ай бар?
1 кг неше грамм бар?
1 жылда неше мезгіл бар?
Массаның өлшем бірліктерін атап шық
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңіске жеткен топты құттықтап,дипломдармен марапаттайды.