Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама.
Шамалардың орташа мәнін табу үшін шамалар мәндерінің арифметикалық ортасын табу керек.
Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
1. берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек,
2. осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек,
Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу ( кему ) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан.
Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы осы сандарды өсу ( кему ) ретімен орналастырғанда ортада түрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады.
1. Мысал:Қараша айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы:
14˚ С, 15˚ С, 16˚ С, 14˚ С, 17˚ С, 17˚ С, 20˚ С болды. Қараша айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасын табыңдар ?
Шешуі :
өсу ретімен : 14˚ С, 14˚ С, 15˚ С, 16˚ С, 17˚ С, 17˚ С, 20˚ С ( қақ ортасындағы сан )
Жауабы : 16˚ С
2. Мысал: Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары :
Мақсаты: Сандар қатарының медианасын табуда алған білімдерін бекіту
А нұсқасы
В нұсқасы
С нұсқасы
9; 4; 5,1; 3,2; 7; 6,2; 8,9
жауабы; 6,2
3,5; 2,6; 3,5; 1,3; 2,6; 3,5
жауабы; 3,05
13; 21; 17; 12; 18; 20
жауабы; 17,5
19; 37; 41; 13; 14; 13
жауабы; 16,5
5; 7; 13; 6; 11; 17; 19
жауабы; 11
3,1; 5; 2,9; 3,5; 4,1; 3,9; 4,1
жауабы; 3,9
; ; ; ;
жауабы;
; ; ; ;
жауабы;
; ; ; ; ; ; ;
жауабы; 1
№2 тапсырма
Мақсаты: Сандар қатарының медианасын мәселе есептер шығару барысында алған білімдерін бекіту
А нұсқасы
В нұсқасы
С нұсқасы
Бір минутта бастауыш сынып оқушылары Сәуле 100 сөз, Айдын 70 сөз, Дархан 80 сөз, Марал 70 сөз, Болат 100 сөз, Қасым 90 сөз, Бақыт 60 сөз оқыды. Осы оқушылардан кімнің оқыған сөздерінің санын оқушылардың 1 минутта оқыған сөздерінің медианасы ретінде қабылдауға болады? жауабы; 80
Көңілділер мен тапқырлар сайысында Марат 7 ұпай, Айман 4 ұпай, Зарина 8 ұпай, Самат 5 ұпай, Дина 6 ұпай жинады. Кім орташа ұпайлар санын жинады? Орташа ұпайлар саны неге тең? (6) Балалардың алған ұпайларының медианасы неше ұпай? (6)
жауабы; 6
Айдың күнгей нүктесінде температура 130 градус, ал оған қарама-қарсы нүктесінде - 170 градус. Айдағы температураның өзгеріс ауқымы неше градус? жауабы; 300
№3 тапсырма. Шапшаңдық гимнастикасы
(Пайыздарды өсу ретімен жазып жасырылған сөзді табу керек, жауабы; медиана )