Просмотр содержимого документа
«Аралас сандар презентация»
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру ережесін білу. Оқушыларға тақырыпты меңгерту. 2) Дамытушылық: Ережелерді есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 3) Тәрбиелілігі: Аралас сан, жай бөлшекті дұрыс жазу дағдысын қадағалау, таза, көркем жазуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, электронды оқулық, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, сандықша
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру - 5мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қар көшкіні» – 5 мин
ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин
ІV. Сергіту сәті – 5мин
V. Есептер алаңы – 10мин
VІ. Сабақты бекіту «Сиқырлы сандықша»- 5 мин
VІІ.Үйге тапсырмасы - 2мин
VІІ. Бағалау,қорытындылау -3мин
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру - 5мин.
/оқушылармен амандасу, сурет бөліктері бойынша топқа бөліну, ынтымақтастық ортасын құру, топ басшысын ,ережесін айту/
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру– 5 мин.
Сағат тілімен үй тапсырмасын тексеріп, баға қояды
№128 Мына бөлшектердің бөлімін 35-ке келтіруге болама?
ІІІ. Жаңа сабақ – 10мин.
1.Өткен тақырыпты еске түсіру кезеңі «Қар көшкіні»
/Жай бөлшектер тақырыбы бойынша елдер бір біріне сұрақтар қояды/
2.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу кезеңі.
2,, 6, ,
/ Әр түрлі бөлшектер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу/
3.Жаңа сабақты бейнетаспа арқылы түсіндіру. / bilimland.kz сайтына қосылу/
Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды қарастырайық:
А) Электрондық оқулықты пайдалана отырып, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды тыңдау. (оқушылар тындайды)
Енді келесі мысал арқылы ережені қорытып шығарайық:
1-мысал: Мына шеңбер неше бөлікке бөлінген және неше бөлігі боялған? Боялған бөлігін бөлшек түрінде жазыңдар. (интерактивті тақтада көрсетіледі, бір оқушы жауабын жазады)
Ал енді осы жазылған жай бөлшектерге және суретке назар аударайықшы. Қай шеңберде боялған бөлік көп? Сонда қай бөлшек үлкен?
Ендеше қандай қорытындыға келеміз?
Анықтама:Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады
2-мысал. Мына шаршы неше бөлікке бөлінген және неше бөлігі боялған? Боялған бөлігін бөлшек түрінде жазыңдар.
Ал енді осы жазылған жай бөлшектерге және суретке назар аударайықшы.Қай шаршыда боялған бөлік көп? Сонда қай бөлшек үлкен?
Сонымен қорытындылайық:
Анықтама: Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысының бөлімі кіші болса, сол бөлшек үлкен болады.
Енді сіздермен аралас сандарды салыстыруды қарастырайық: (аралас сан аныөтамасын қайталау)
3-мысал: Ал балалар мына фигураларды санмен өрнектеп жазайықшы:
Анықтама: Аралас сандарды салыстырғанда бүтін бөліктерін салыстырамыз,бүтін бөлігінің қайсысы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
Тең бөлшектер координаталық сәуле бойында бір ғана нүктемен кескінделеді. 2. Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады. 3. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады 4. Координаталық сәуле бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделеді.
4. Тапсырмалармен пысықтау. /билим ланд/
ІV. Сергіту сәті – 5мин
/Танграмм бойынша қай топ бірінші құрап болады екен /
V. «Есептер алаңы» дамыту кезеңі – 10мин
1.Оқулыкпен жұмыс №129.
2. Жұмыс дәптері
І деңгей
4-тапсырмасы
А) Ә) Б) В)
ІІ деңгей
1 тапсырмасы
А) Ә)6 Б)5 В)1
ІІІ деңгей
2-тапсырмасы
Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, жеке дәптеріңе салыстырыңыз
А) Ә) Б) В)
VІ. Сабақты бекіту «Сиқырлы сандықша»- 5 мин
1./Сандықшада әр елге есептер бар, есептерді шығарып, келісіп, келіспейтінін айтады/
2. Тұжырым кезеңі
1. Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысының алымы кіші болса, сол жай бөлшек кіші, қайсысы үлкен болса, сол жай бөлшек үлкен болады. 2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді салыстыру үшін, ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру ережесін қолданамыз. 3. Егер аралас сандардың бүтін бөліктері бірдей болса, бөлшектерді салыстыру ережесі бойынша олардың бөлшек бөліктері салыстырылады. 4. Егер аралас сандардың бүтін бөліктері әртүрлі болса, онда бүтін бөлігі үлкен аралас сан үлкен, ал бүтін бөлігі кіші аралас сан кіші болады.