І Ұйымдастыру Топтастырудың 4 амалы. (От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу) От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар Су.Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар Күн.Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ Ай. Ойшыл да арманшыл,қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар Психологиялық сәт. От, Cу, Күн, Ай - таңдаймыз. "От бол!"- дедің, от болып жанбадым ба? "Су бол! "-дедің, су болып ақпадым ба? "Күн бол!"-дедің,күн күндесе күлмедім бе? "Ай бол!"- дедің, ай болып жүзбедім бе? -деп Мағжан ақын жүрегімен сырласқандай,таңдауларыңа байланысты балалар,бүгінгі сабақ барысында,от болып жанып,біліміңді көрсет.Су таңдаған - судай мөлдір тазалықты білдіріп, сабақта біліміңмен шыңдаларсың.Күн таңдағандар - күндей жылу шашып, білген, үйренгенін достарына үйретеді екен.Ай болғандар,айдай жүзіп,барлығымызға жарық сыйлайды екен. Бүгінгі сабақта таңдап алған табиғат белгілеріне орай,білім нәрі мен сусындайды деген сенімдеміз, оқушылар! Оқушыларға бағалау парақшасы таратылды. Сағат тілі бағытымен оқушылар қасындағы оқушыны бағалап отырады. ІІ Үй тапсырмасын тексеру "Жұбыңды тексер!" әдісі арқылы топтағы оқушылар дәптерлерін ауыстырып , бір -бірін тексереді Әрбір тапсырма соңында ауызша мадақтаулар жүргізіліп отырады Оқушыларды жинақтау мақсатында Ширату жаттығулары берілді "Ой - жүйрік!" 1) 1 мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады. (110) 2) Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды. (4) 3) Санның бөлігі? (пайыз) 4) Ең алғашқы әйел математик ( Гипатия) 5)Санның стандарт түрінің формуласы? а*10n (1 ≤ а ˂10) Дұрыс жауап берген оқушыларды топ қол шапалақтау арқылы мадақтап отырады |