Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Сабақтың басы І.Қызығушылықты ояту ІІ. Мағынаны тану Сабақтың ортасы 23 минут ІІ. Бағалау Сабақтың соңы 10 минут ІІ. Үйге тапсырмасын беру. ІV. Рефлексия | Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен сәлемдесу. - Психологиялық ахуал туғызу. - Оқушыларды топқа бөліп отырғызу Үй тапсырмасын сұрау: «Қоржын» әдісі арқылы. Қоржында жатқан асықтарды таңдау арқылы оқуышылар үй тапсырмасына жауап береді. Алшы- сабақ айтады; Тәйкі,бүк,шік- сұрақ қояды. Топқа бөлу. Оқушылар қатар бойынша үш топқа бөлінеді. 1-топ:«Еңбекқорлық» тобы 2-топ: «Адалдық» тобы 3-топ: «Бірлік» тобы - Адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлап отырсыңдар? Оқушыларды сабақ мақсатымен танысады. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, «Постер» арқылы қорғаңыз. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша берілген мәліметтерді жазып отыру. Сұрақтар құрастыру. 1-топ. Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы – есімі аңызға айналған егінші. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң, Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5-6 жылдың ішінде алған келіп қоныстанған он екі үй төрт жүзге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңіріне тарайды. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Ыбырай Алтынсарин егіншілік дәстүрді халық арасына кең таратып, насихаттау үшін «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін жазып, оқулығына енгізген. 2-топ. Шығанақ Берсиев 1881жылы Ойыл ауданының Ащыойыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Оның отбасында жеті адам болған. Шығанақ Берсиевтің әкесі аңшылықпен, балық аулаумен және диқаншылықпен, ал анасы – тігумен және зергерлікпен айналысқан. 1920-сыншы жылдардағы ауыртпалық кезеңінде Шығанақ отбасымен Қоңыратқа көшеді. Ол жақта Берсиев алғаш рет тары өсіреді. 1939 жылы тарының әр гектарынан 25,5 центнер өнім алса, 1940 жылы 155,8 центнер, 1941 жылы 165 центнер, 1942 жылы 175 центнер, 1943 жылы 201 центнер өнім жинайды. Мұндай жоғары дәрежеге Берсиев тары тұқымын қыс бойы әзірлеп-баптау, мұқият іріктеу, көктемгі егісті дер кезінде жүргізу, егінді баптап-күту арқылы жетті. Берсиев Ұлы Отан соғысы жылдары ұшақ жасау үшін Мемлекеттік қорғаныс қорына қаржы аударып, өз табысынан тары өткізіп отырған. 3-топ. Ыбырай Жақаев – 1981 жылы қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Ыбырай Жақаев саналы ғұмырының жартысын күріш өсіру саласына арнаған. Ерең еңбегі үшін екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, сонымен қатар бірнеше КСРО-ның медальдары мен ордендерін иеленген. Күріш өсіруді 1936 жылы бастаған. Ол кезде бір гектардан 10-15 центнер күріш өнімін шығару өте жақсы көрсеткіш болып саналған екен. Соған қарамастан ол өзінің күріш өсіру технологиясын ойлап тауып, әр гектардан мейлінше жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылған. Алғашқыда бір гектардан 20-30 центнер өнім алып, соғыс жылдары 160 центнерге жеткізген. Ал 1949 жылы 171 центнерге жеткізіп, әлемдік рекорд орнатқан. Осы рекордтық жетістігі үшін алғаш рет Ыбырай Жақаевке Социолистік Еңбек Ері атағы табыс етілген. Ыбырай Жақаевтің күріш өсіру технологиясы сол кездегі басқа да Кеңес Республикасы агрономдарының қатты қызығушылығын тудырған. Тіпті күріш тағамын ұнатушы Шығыс елдерінен де Ыбырай Жақаев феноменімен танысуға ынтық жандар көбейеді. Дескриптор: -мәтінді оқиды, өзара талдайды; -басқа топтарға түсіндіріп, мәліметпен бөліседі; 2-тапсырма Топтық жұмыс. 1-топ: 5 жолды өлең; 2-топ: 5 сөйлемнен тұратын шағын мәтін. 3-топ: Қыпшақ Сейітқұлды үлгі ете отырып, шығармадан алған әсерлерін қоса өлең жазу. Сейітқұлдай болайық.... ҚБ. «Бас бармақ» әдісі 3-тапсырма. Жеке жұмыс.Сейітқұлға хат жазу. 4-тапсырма. «Үш пікір» әдісі Әр топқа бір тақырып тасталады.Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мұмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша немесе майда заттар беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын қорапқа салып отырады. «Адал еңбек мұратқа жеткізер» тақырыбында эссе жазу. «3+2+1» әдісі. Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 тілек. | Оқушылар амандасып орындарына отырады. Сабаққа назарларын аударады. Кезекшімен сұхбат. Қоржында жатқан асықтарды таңдау арқылы оқуышылар үй тапсырмасына жауап береді. Алшы- сабақ айтады; Тәйкі,бүк,шік- сұрақ қояды. Топқа бөлініп, сабаққа кіріседі. Адамның асыл қасиеттері бойынша 3 топқа бөледі. Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп,, тірлік жасайды. Мәтінді оқып, түртіп алу стратегиясымен өздеріне керек мәліметті дәптерлеріне түсіреді. 1 – топ 2 – топ Шығанақ Берсиевтің отбасы туралы не білесің? Әкесі кім болған? Шығанақ Берсиев Ұлы Отан соғысы кезеңінде қандай жұмыстар атқарды? 1920 жылы Шығанақ Берсиевтің өмірінде қандай өзгеріс болды? 3 – топ Ыбырай Жақаев қай елді - мекенде дүниеге келген? Ерен еңбегі үшін қандай марапаттарға ие болған? Күріш өсірумен нешінші жылдан бастап айналысқан? 1-топ: 1. Еңбек 2.Адал,жомарт 3.Еңбектенеді, көркейтеді, байытады. 4.Сейітқұл- заманның озық адамы. 5. Кәсіп. 2-топ: Шағын мәтін жазады. 3-топ. Өлең жазады. Сейітқұлға хат жазады. 1-топ. Қыпшақ Сейітқұл 2-топ. Ыбырай Жақаев 3-топ. Шығанақ Берсиев Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 тілек беру тапсырмасын орындайды. | Қоржын, асықтар Қима қағаздар |