Екі та?балы сандарды? ??рылуымен таныстыру. екі та?балы сандарды о?и, жаза салыстыра білу. Логикалы? ойлау есте са?тау шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту ?шін ауызша ж?не жазбаша есептеу да?дыларын ?алыптастыру. Барлы? сандар заттарды санау?а ж?не неше зат деген с?ра??а жауап беруге к?мектеседі б?л сандар натурал сандар.Цифарлар ?те ертеде ?І ?асырда ойлап таптты. Б?л ?нді жерінде бол?ан, біра? цифрларды араб цифры деп атайды.?йткені ол Еуропа?а ?нділерден ?йренген арабтар ар?ылы келген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1. Қазір біз «Математика патшалығына» саяхатқа шығамыз.
Онда ақылды, білгір, математика тұрады.
Ендеше сол математика деген сөздегі дыбыстарды сөйлетейікші.
Кел, балалар, ойнайық
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық - деп барлық тапсырмаларды орындайық.
Ендеше бүгінгі сабақта осы деңгейде жұмыс жасауға тырысайық.
М- миға шабуыл
А – ақылдасу
Т – танымымызды кеңейту
Е – еңбектену
М – мүмкіндігімізді көрсету
А – ақпарат алу
Т – түсіндіру
И – икем қалыптастыру
К – көп ойлану
А- ақылды бала болу
II. Қане балалар өз топтарымыздың атын анықтап алайық.
1. тапсырма.
Сіздердің алдарынызда толық ондықтар саны жатыр
I топ - сол сандарды тура қойыңдар.
II топ - сол сандарды кері қойыңдар.
Топтардың аттары анықталды .
III. «Кім жылдам» ойыны ойнау.
Слайд № 7.
Балалар тапсырмаларды орындау үшін сұраққа жауап беруге сіздерге қандай сандар көмектесті?
Натурал сандар.
Дұрыс бұл сандарды натурал сандар деп атайды.
Барлық сандар заттарды санауға және «неше зат» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Бұл сандарды натурал сандар. Егер оларды кіші саннан үлкен санға дейін орналастырсақ натурал сандар қатары шығады.
Аида: Цифрлар әріптерге қарағанда аз. Олар бар болғаны он – 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ұлан: Цифрларды өте ертеде – VІ ғасырда ойлап тапты. Бұл Үнді жерінде болған, бірақ цифрларды араб цифры дер атайды. Өйткені ол Еуропаға үнділерден үйренген арабтар арқылы келген.
Біз 20 – ға дейінгі екі таңбалы сандарды және толық ондықтарды білеміз. Енді қалған екі таңбалы сандармен танысу үшін мынадай тапсырмаларды орындаймыз.
ІV. Жаңа сабақ
Санның аталуы
Санның жазылуы
Ондықтар
Бірліктер
Слайд №7
Слайд № 8 сандарды дөңгелекке алу 68 – бет. Оқулықпен жұмыс.
+1; - 1, және – 10, +10. ауызша
V. Шығармашылық тапсырма
Сандарды ата және жаз.
Слайд № 10
VІ. Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
VІІ. Оқулықпен жұмыс.
№ 3. № 4 68-бет
VІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. «Кім шапшаң?» ойыны
№6, 58-бет
Х. Логикалық тапсырмалар.
І топ
1) Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеу қалды? (Біреуі, өйткені қалғаны ұшып кетті).
2) Сегіз асықтың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (8 – 1= 7)
ІІ топ.
1) Қосарлап жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді. (12 км жол жүрді)
2) Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы да алдым екеуін
Алдым сонда нешеуін? (5 + 2= 7)
«Киелі сандар»
Үш көз: Су анасы – бұлақ
Сөз анасы - құлақ
Жол анасы – тұяқ.
Үш тұл: Қайратсыз ашу тұл
Тұрлаусыз ғашық тұл,
Шәкіртсіз ғалым тұл.
Бес жаратылыс: Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
Бес қатер: От, жау, борыш, ауру, сөз.
Бес өсиет: Топасқа сенбе. Жауға иілме. Әрқашан сақ жүр. Аш үйге қонба. Жарлыдан сый алма.
Жеті жұт: Құрғақшылық. Жұт (мал қырылу). Өрт. Оба (ауру). Соғыс. Топан су, Зілзала (жер сілкіну).
ХІ. Бекіту. Біз нені білдік, не үйрендік?
Екі таңбалы сандарды жазуға, оқуға, жіктеуге үйрендік.
Олай болса екі таңбалы сандарды құрастырыңдар және оқып жіктеңдер.