kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика пәнінен тест жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тест математика пәнінен 5 класқа арналған. Аталған тест жұмысы оқушылардың жұмысын тексеруге арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика пәнінен тест жұмысы»

Күні:02.03.17 Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Кесте.Кесте құру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.
4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
5. Алмасу буфері дегеніміз не?
6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
8. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
Жаңа сабақ
Назар аударатынымыз
1. Кесте құру;
2. Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;
3. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;
4. Кестенің жолын/бағанын қою;
5. Кестенің жолын/бағанын жою;
6. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;
7. Кесте ұяшықтарын форматтау;
Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалть – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки.
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.
Түсіну сатысы
Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат Шекара және Құю Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру............... Кесте Кірістіру Жол қосу
Сергіту минуты
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)

Практикалық жұмыс
1. Меню көмегімен Кесте Кесте қосу /Таблица Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.
5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.
«Менің сабақ кестем»
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.
Сабақтың қорытындысы
Бағалау:
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды. 
ҮІІ. Үйге тапсырма: Кесте.Кестені құру

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

Күні: 03.03.17 Сыныбы:7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Векторлық объектілермен қарапайым амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: (5 мин)
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді?
3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
4. Растрлық графика дегеніміз не?
5. Векторлық графика дегеніміз не?
6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліну әдісі векторлық және растрлық суреттер бойынша жүзеге асады.

ІІ. Өткен сабақты бекіту.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Тапсырма 1. (8 мин) Растр және Вектор топтары тақтада тұрған Венн диаграммасы арқылы растрлық және векторлық графиканың артықшылығы мен ерекшелігін жазып, түсіндіреді.
Венн диаграммасы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (7 мин. – Inkscape программасымен танысу)
Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы – Paint редакторымен, Вектор тобы – Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.
Жаңа ұғым. Безье қисығы – ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. – безье қисығын түсіндіру)
Тапсырма 2. Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
V. Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Фракталдық графика туралы мәлімет іздеп келу. Фракталдық графикамен жұмыс жасайтын программалар.




























Күні: 02.03.17ж Сыныбы: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар WordPad бағдарламасымен жұмыс істеуді меңгереді. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеп аралас құжаттарды құруды үйренеді.

Білімділік WordPad мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және

шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланыды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа сабақ.

  4. Бекіту

  5. Бағалау

  6. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі – Сәлемдесу .Сыныпты сабаққа дайындау.

2.Үй жұмысын тексеру

  • Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік беретін программа?WordPad мәтіндік редакторы

  • WordPad мәтіндік редакторы Пуск-Все программы- Стандартные- WordPad

  • WordPad мәтіндік редакторының терезесі неше элементтен тұрады? 9

  1. Жаңа сабақ.

Мәтін пернетақтадан символдық түрде енгізіледі. Кейбір пернелердің қызметін қарастыралық. 
Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек. 

Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады. Ал меңзерді құжат бойымен жылжыту үшін меңзерді экранда басқару пернелері қолданылады. 


Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады. 
Мәтінді пішімдеу (форматтау)
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады. 
Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы   батырмаларды қолдану.
Мәтінді туралау үшін    батырмалары қолданылады.
Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да,енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады. 
Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың параметрлерін беруге болады. Мысалы Ориентация тізімінен Альбомдық немесе Кітап опциясын таңдауға, беттің оң, сол, жоғарғы, төменгі өрістерінің өлшемін беруге болады.
Қаріп және оның өлшемін таңдау.
Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай алфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді  және  батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.
Бұрын сақталған файлды ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Ашылған терезенің Папкаөрісінен файл сақталған паканы таңдаған кезде , терезенің негізігі бөлігінде сол папканың мазмұны көрінеді. Сол папканың ішінен қажетті файлды белгілеп Открыть батырмасын шерту керек.
WordPad-та жұмыс жасау барысында жаңа құжат жасау керек болса, Файл – Создать командасын орындайды. Пайда болған диалог терезесінде жасайтын құжаттың типін таңдап, ОК-ді шерту керек. Сонда жаңа мәтін жазатын бос терезе пайда болады.
Талдау тапсырмалары (компьютерлеріне енгізіп кою керек)
Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып , компьютерде орындаңдар

  1. Өнер алды-.............. (қызыл тіл)

  2. ..................., қол батыр. (көз қорқақ)

  3. Аяз .......... , құмырсқа .......... біл. (әліңді, жолыңды)

  4. .......... зор байлық. (денсаулық)

  5. Әке- ............ тау , ......... –шалқар көлің. (асқар, ана)

  6. Бекіту

Қолдану тапсырмалары

Тест тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.

  1. Келесі жолға өту батырмасы - Enter

  2. Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма - Caps lock

  3. Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек? - Shift

  4. Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап- Delete , Backspace



  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма тақырып
    Материалды қайталау . “Менің досым” тақырыбына шығарма жазып келу

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.













Күні:28.02.17 Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы:Сынақ жұмысы Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік Оқушыларды MS Excel кестелік редакторында қолданылатын формулалармен таныстыру.

Дамытушылық MS Excel бағдарламасында формулалармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Өмірде қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнектілері: MS Excel бағдарламасы, тесттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Математика, физика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру.

Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Жаңа сабақ

  1. Берілгендерді енгізудің қандай жолдары бар?.

  1. Сан түрінде.

  2. Мәтін түрінде

  3. Формула түрінде

ІІІ. Қорыту.

Оқулық пен интерактивті тақтамен жұмыс. MS Excel терезесі 8.1 сурет

MS Excel бағдарламасының негізгі элементтері.

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Формуланы енгізу.

  2. Автоқосынды құралы.

  3. Функция шеберін пайдалану.

  4. Формулаларды көшіру.

  5. Салыстырмалы және абсолют сілтемелер.

  6. Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру.

Негізгі ұғымдар.

Электрондық кестедегі формула -кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.

Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.

$ символын пайдалана отырып, формуланы енгізуде индекстері өзгермейді сондықтан оны абсолютсілтемелер дейміз.нгізген кезде Ғ4 батырмасы арқылы сілтемелер цикл қалай өзгеретінін көрсетіңіз.уде қолданыладыҚ ұсыныңыз

іру кезінде ұяшық баға

Мысалдар арқылы сілтемелердің өзгеруін көрсету.

2 тапсырма құжатын ашу. 100 беттегі

Қызметкерлерге берілетін сыйақы мөлшерін үш айлық еңбекақы мөлшерінде есептеу.

Оқушы шығармашылығына негізделген тапсырмалар.

Компьютерде MS Excel бағдарламасында жеке жұмыстар жасау арқылы. «Тапсырмалар» құжатын ашу.

1- тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

28

26

41


V. Қорыту.

1.     Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді?

a) ұяшықты; b)сызықтық кестені;

c) тіктөртбұрышты кесте;.

2.     Бастапқы деректермен қайсібір операцияларды орындаудың нәтижесі болатын ақпараты:

a)алғашқы ақпарат; b) туынды ақпарат; c) формулалық деректер;

3.     Қазіргі компьютерлерде қандай кестелік процессор кең тараған?

a) SuperCalc  b) Microsoft Excel; c)VisiCalc

4.     Электрондық кестеде дерек сақтауға арналған ең кіші элементі:

a)баған; b)ұяшық; c)жол; .

5.     бесінші жол мен үшінші бағанның қиылысуында  тұрған ұяшықтың адресі:

a)5С;  b)С5; c)3Е;

6.     Электрондық кестедегі іргелес  ұяшықтар тобы:

a) жол; b) блок;  c) кесте;

7. Бес жолдан және бес бағаннан тұратын кесте берілген. Екінші мен үшінші жолдардың және бірінші мен екінші бағандардың қиылысуларында тұрған ұяшықтар диапазоны қандай адреспен анықталады?

a)А2:В3 ;   b) В2:А2 ;c) А3:В2 ;

8.А4: Д6 адресімен анықталған блокта неше ұяшық бар?

a) 2;   b)4;    c) 12.

VI. Үйге тапсырма § 28

VII. Бағалау.

Рейтингілік жүйемен MS Excel бағдарламасында.























Сабақтың тақырыбы

Күні:28.02.17 Сыныбы: 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы:Деректер қоры,деректер қорының кестесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтау

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып, деректер қорын құру тәсілдерін меңгереді, деректер қорымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады. Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.

Логикалық қабілеті дамиды.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, суреттер арқылы топқа бөлу.

Бағалау парағын таратады

2 минут


Үй тапсырмасын тексеру

«ИЯ-ЖОҚ» кестесін оқушыларға таратады.

«ИЯ-ЖОҚ» кестесіне жазбаша жауап береді және бірін бірі тексеріп, бағалайды. Тақтаға дұрыс жауаптарды жазады.


5 минут

«ИЯ-ЖОҚ» кестесі

Негізгі бөлім

Оқушыларға жаңа тақырыпты презентация арқылы баяндап, өзара талдайды.

Деректер қоры, олардың түрлері тақырыбы бойынша оқушылар тақырыпты ашады.

Деректер қоры және олардың түрлерін талқылап, деректер қорын ұйымдастыру түрлерін анықтайды.

Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.

Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар

  1. Сақталатын ақпараттың сипатына қарай

Факто-графиялық , Құжаттық

  1. Ақпаратты сақтау әдісі бойынша

Орталықтандырылған, Бөліктелінген

  1. Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша

Реляциялық, Иерархиялық, Желілік

Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, күнделік, үлгірім табелі және т.б.

Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер жиыны реляциялық деректер қоры болып саналады.

Реляциялық немесе кестелік ДҚ өзінің бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған.

Мысалы, “Сыныптағы оқушылардың тізімі” деректер базасы мына кесте түрінде ұсынылады.

8 минут

интерактивті тақта, презентация

Компьютермен тәжірибелік жұмыс.


Берілген тапсырманы компьютерге жеке отырып жұмыс жасайды

№1. «Мұғалім» деректер қоры мынандай өрістерден тұрады:

 Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні,

Әр өрістің типін анықтай отырып 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.

  №2. «Пациент» деректер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, туған күні, мекен-жайы, дәрігерге көрінген күні. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.

№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. 

№4. «Оқушы» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.

Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы, туған күні. «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.

  №5. «Кітапхана» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.

Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, баспахана аты, бет саны. «баспахана аты" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.

 №6. «Сабақ кестесі» ДҚ құр.

Мынадай өрістерден тұрады: сабақтың реттік нөмірі, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.

«Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.


Бағалау Орындаан тапсрымалары бойынша бағалау
Оқушылар стикерлерін толтырып, стендке іледі.
Үйге тапсырма Өз сынып оқушылары туралы толық мағлұматты қамтитын деректер қорын ұйымдастыру









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Математика пәнінен тест жұмысы

Автор: Болатбекқызы Гүлсезім

Дата: 04.01.2019

Номер свидетельства: 493692

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "математика п?нінен  тест ж?мысы 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(43) "matiematika-p-ninien-tiest-zhu-mysy-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "231712"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1442596873"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Озерный ОМ бастауыш сынып м??алім Бельгубаева Сауле Балтаевнаны?   4 - сынып?а арнал?ан олимпиада тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(117) "oziernyi-om-bastauysh-synyp-mu-g-alim-biel-ghubaieva-saulie-baltaievnanyn-4-synypk-a-arnalg-an-olimpiada-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "283234"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1453807218"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Математика п?нін о?ытуды? ?дісі "
    ["seo_title"] => string(32) "matiematika-p-nin-ok-ytudyn-disi"
    ["file_id"] => string(6) "189131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426827319"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "тест жина?ы: Ана тілі, математика п?ндерінен."
    ["seo_title"] => string(41) "tiestzhinagyanatilimatiematikapndierinien"
    ["file_id"] => string(6) "300976"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1456831323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "5-ке к?бейту ж?не б?лу математика п?нінен "
    ["seo_title"] => string(47) "5-kie-kobieitu-zh-nie-bolu-matiematika-p-ninien"
    ["file_id"] => string(6) "127245"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415284766"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства