kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық мазмұндағы есептерді шешу жолдары математика сабағында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлттық мазмұндағы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, оқушылардың нақты өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы математикалық білім сапасын арттыру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық мазмұндағы есептерді шешу жолдары математика сабағында»

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Өдіріс Гүлмира Асланқызы. Нүрпеисов Қ.С.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті талдықорған қаласы

g[email protected]


Математика сабағында оқушылардың ұлттық таным-дағдысын қалыптастыру арқылы өз ұлтының даналығын терең таныту және патриоттық сезімін ояту, шыншылдыққа, дәлдікке, еңбекқорлыққа,төзімділікке тәрбиелеу , шығармашылыққа баулу.
Ұлттық мазмұндағы есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту , өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, оқушылардың нақты өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы математикалық білім сапасын арттыру.
Математика пәнін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын математика-физика пәндерінің мәні зор.

Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі–математика пәніне этнопедагогика элементтерін негізге отырып оқыту.

Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет–оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.

Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз “сана берсін!” деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.

Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану–тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.

Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі–қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал–мәтелдер, өлең–жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.

Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:

- мақал–мәтелдер;

- жұмбақтар;

- ойлан тап отауы;

- халық есептері;

- ертегі есептер;

- санамақтар;

- жаңылтпаштар;

- матемаикалық сиқырлар;

- тоғыз құмалақ ойыны;

Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.




Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.

Халықтық дәстүрлі ойындар: “Бәйге”, “Ақсүйек”, “Қазақша күрес”, “Сақина салу”, “Қыз қуу”, “Арқан тарту”, “Тоғызқұмалық”, “Хан ойны” бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.

Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл аудару керектігін ескерейік.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің жолдары.

Математика пәніне қызығушылықты арттырудың негізгі бір жолы –ұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару-бұл адамның ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару үшін:

•Есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратып, қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке толық талдау жасау;

•Берілген есепті схема түрінде жазу;

•Есепті шығару тәсілін іздеу;

•Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;

•Есептің нәтижесін тексеру;

•Есепті зерттеу;

•Есептің жауабын тұжырымдау керек.


Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығына дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет.

Логикалық есептерді шешудің жолдары:

• Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу

• Ребус түрінде шешу

• Сіріңке шырпысын қолданып шешу

• Әр түрлі есептер

Есте сақтау-жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі-адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.


Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

Әдебиетпен байланысы: көз алдымыздағы логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын аса жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғалармен логикалық түрде ұштастыра алады. Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.


ҚОРЫТЫНДЫ

Этнопедагогикалық элементтерін қолданып деңгейлік оқыту мақсаты - әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай жалпы білім беру.

  • болашақ математикалық білімдермен қатар ұрпақ ұлттық дәстүрде тәрбие алады;

  • дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәрежеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады.

  • мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға ерекше назар аударуға мүмкіндігі болады.

  • оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.

Математика пәнін оқыту әдістемесінде этнопедагогика элементтерін қолдану және ұлттық ерекшеліктерді есепке алу маңызды проблемаларлдың бірі болып саналады.

Математикалық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Математикалық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Математикалық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Математикалық білім берудің басты мақсаты «дүниетану заңдарын түсіндіру», қисынды пайымдауға үйрету алға қойылған міндеттің мәнін түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.

Математика адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі бола отырып, өнер сияқты адамның рухани жан дүниесінің қалыптасуына ықпал етеді. Математика адамда ақыл-ой адалдығын, шындыққа ұмтылуды тәрбиелейді.

Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Құрсабаев М.Қ.,- Ғұламалар ғибраты және ұлттық тәрбие // Ұлт тағылымы, № 4/ 2005, 28-31 б.

  2. Құрсабаев М.Қ, - Мектептегі оқушылар ұйымының тәрбиелік моделі. Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика, 2005/6, 62-64 б.

  3. Құрсабаев М.Қ.,- Оқушылар ұйымында ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін кешенді пайдаланудың жолдары // Вестник университета «Қайнар», №4/1, 2005, 34-45 б.

  4. Құрсабаев М.Қ., - Ұлттық тәлім-тәрбиенің тарихи кезеңдері // Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспективы. Сб.материалов республиканской научно-практической конференции (Астана, 21-22 апреля 2005, 291б), 226-231 бет

  5. Құрсабаев М.Қ.,- Жаћандану кеңістігіндегі ұлттық тәрбие және неопедагогика ћәм неопсихология ғибратнамасы // Халықаралық «Шоқан тағылымы-10» ғылыми-практикалық конференция материалдары.-Көкшетау,2005, т 2А.,282 б.

  6. Құрсабаев М.Қ.,- Асанқайғыдан Абайға дейінгі этнотағылым кеңістігі // Қазақстан жоғарғы мектебі, № 1/2006, 88-92 б.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ұлттық мазмұндағы есептерді шешу жолдары математика сабағында

Автор: Өдіріс Гүлмира Асланқызы.

Дата: 26.04.2018

Номер свидетельства: 467742

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу жолдары"
    ["seo_title"] => string(73) "matiematika_sabag_ynda_u_lttyk_mazmu_ndag_y_iesieptierdi_shieshu_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "467740"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1524723193"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(93) "dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary-1"
    ["file_id"] => string(6) "125939"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415098531"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Логикалы? есептер (факультативтік курс) 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(49) "loghikalyk-iesieptier-fakul-tativtik-kurs-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "186054"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426267909"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства