Тәуелсіздік – бұл Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қасиетті күн. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік –мәңгілік Ел мұраты»»
Эссе тақырыбы: «Тәуелсіздік –мәңгілік Ел мұраты»
Авторы: Камиленова Диана Аллабергеновна
Тәуелсіздік – бұл Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қасиетті күн. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай жылдар бойғы еңбек пен ерліктің арқасында тәуелсіздіктің таңы атып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның көшіне еліміз осыдан жиырма бес жыл бұрын ілескен еді. Міне, сол жылдардан мемлекетіміздің әрбір басқан қадамына гүл бітіп, жарқын болашаққа қарай ұмтылысы үдей түсуде.
Осы жиырма бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамып, саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Қазіргі Қазақстан – ата-бабамыздың орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Қанында қайсарлық пен тектіліктің, жанында жалындап намыс ойнаған иісі қазақтың бүгінгі егемен, еркін өмірің шын мәнінде «ұлы» деп атауға лайықты ерен ерлердің ерлігі. Сол батыр бабаларымыздың өрен рухымен қанаттанып, қазақтың жаңа Қазақстаның бастаушысы болып келе жатқан елбасымыз да бүгінгі күннің ерен тұлғасы, батыр баласы. Қасиетті қазақ топырағы қашаннан елім деген текті ұлдарды өмірге әкелген. Өткен ғасырдағы өр бабаларымызды айтпағанда, 21 ғасырдың өзінде тұғырлы тәуелсіздігімізді қастерлеп қанатына алып, халықтың биік белестерге, даму мен қарыштаудың шыңына жетелеп келе жатқан Н.Ә. Назарбаевтың орны бір төбе. Артқа тастаған жиырма бес жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Талай іс тындырылды және жүзеге асырылды. Егемен еліміз сындарлы саясаты, дамушы экономиясы бастамашыл ғылымымен ғана емес, көп ұлтты бірлігі жарасқан берекелі ел ретінде кеңінен танылған. Бірлік пен тұрақтылық бар жерде ғана болашақ болары сөзсіз.
Қазақстанның дархан даласын мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің ел мен оның халқына айтқан шексіз алғысын, оларды жатсынбай өз бауырына салған біздің елге деген махаббатты көргенде кеудеңде мақтаныш сезімі кернеп, марқайып қалатынымызда рас. Әсіресе, тәуелсіздік жылында өмірге келген біздер үшін бұл жыл ғұмырымыздағы ең ұлы оқиға. Сондай жастардың ортасынан мен өзімді көремін. Себебі мен тәуелсіздіктің жарқыраған таңында жарық дүниенің есігін ашқанын ұрпақпын, Тәуелсіздік құрдасымын. Жиырма бес жыл бойы Тәуелсіздік таңымен бірге өсіп, ел тәуелсіздігімен бірге жетістіктерге жетіп келемін. Тәуелсіз елімде алаңсыз балалық шағым өтіп, сапалы білім алып, сүйікті мамандығымның иесі болдым. Еліміздің одан әрі қарыштап дамуына ұстаз ретінде өз үлесімді қосудамын. Өйткені, жас ұрпаққа саналы тәрбие, жаңа заманға сай сапалы білім беруде ұстаздардың алатын орыны ерекше. Білім, өнер қуған жастарға елімізде еш шектеу жоқ. Демеу беріп, болашақта білікті маман болуға көмек зор. Осының барлығы - Қазақстанның тәуелсіз ел болуы мен Елбасымыздың кемеңгер саясатының арқасы. Осы жасалып жатқан елеулі еңбектердің арқасында еліміз әлі де алға қарай алып адымдармен жылжитындығы бесенеден белгілі. Ұлт қамын ойлайтын ұрпақ болса, мемлекетіміз дамыған елдердің үлкен көшінен қалыспайды. Керісінше көш басына барып орын теуіп, жаһандануға бастайды. Тек еліміздің ертеңіне елеңдеген жастардың қарасы қалың болса екен.
Сондықтан кейінгі ұрпақ, яғни, біздер ата-бабаның қанымен, терімен келген тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ретінде табыстауымыз керек. Бұл – шындық, Қазақ қоғамының бойына сіңген ерлік, адамгершілік, рухани қасиеттердің арқасында ұрпақтың осы аманатқа адал қарайтындығына еш күдік жоқ. Бүгінгі жарқын да бейбіт күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу біздің жас ұрпақтың алға қойған мақсатымыз болуы тиіс. Осы жолда аянбай еңбек етіп, білімді жетілдіру Қазақстан азаматының басты міндет. Бүгінде қарттары қадірлі, жастары жалынды, ел бастаған елбасының соңынан ерген мәңгілік елдің болашағы біздердің басты мұратымыз-ата-дәстүрді қастерлеп, ата жолын өшірмей, елімізді әлемге әйгілі ету. Елбасымыздың мәңгілік елі астында шаңырағымызды құлатпай шарықтай берсек ұрпақтар сабақтастығы мәңгіге жалғасары хақ.