kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рефлекциялы? есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

         ?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011–2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасыны? басты ма?саттарыны? бірінде «білім беруді? б?секеге ?абілеттілігін арттыру, сапалы білімге ?олжетімділікті ?амтамасыз ету»  деп  баса назар аударылып к?рсетілген. Міне, ?азіргі білім беру ж?йесіне еніп жат?ан «Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ?йымы мен Кембридж университетіні? білім беру факультеті бірлесіп ?зірлеген ?шінші де?гей ба?дарламасы бойынша курсымен» т?жірибе  ?сынып отыр?ан о?ытуды? ?діс-т?сілдері осы ма?сатты к?здегендей. Б?л ба?дарламаны? талаптарына сай о?ытуда?ы басты ма?сат-алдымен о?ушыларды? ?здігінен ойлауын, ?зіне сенімді, д?рыс шешім ?абылдай алатын, ал?ан білімін ?мірде ?олданатын ??зыретті т?л?а ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан. Ба?дарламаламаны? жеті  модулы  ар?ылы ж?зеге асады.                                                                                                                                     Мерсер мен Литлтон ?з е?бектерінде, диалог саба?та о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырумен ?атар, оларды? білім де?гейіні? ?суіне ?лес ?осатынды?ын атап к?рсетті.                                                                                                                                    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рефлекциялы? есеп »

Тогайбаева Динара Табигатовна Мұғалім портфолиосы А есебі

“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы

3-деңгей

Алматы облысы

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп. 2000 сөз




Зерттеушінің пікірі

Бағалаушының пікірі


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірінде «білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» деп баса назар аударылып көрсетілген. Міне, қазіргі білім беру жүйесіне еніп жатқан «Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курсымен» тәжірибе ұсынып отырған оқытудың әдіс-тәсілдері осы мақсатты көздегендей. Бұл бағдарламаның талаптарына сай оқытудағы басты мақсат-алдымен оқушылардың өздігінен ойлауын, өзіне сенімді, дұрыс шешім қабылдай алатын, алған білімін өмірде қолданатын құзыретті тұлға қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаламаның жеті модулы арқылы жүзеге асады. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Диалог арқылы адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас құрып, рухани мәдени байланыс орнатып, күнделікті тіршілігінен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Тіл- тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Оқушыларға әр түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуіне жол ашады.(Нұсқаулықтан,48-бет)
Мен тізбектелген сабақтар топтамасында "диалогтық оқыту" тәсілін қолдандым. Өйткені, оқушыларды сабаққа тарту, бір-бірімен ашық сөйлесу, идеясын ортаға салу тілін үйретуде бұл тәсіл өте қолайлы болып табылады. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Қарапайым тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға көшу арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайтуға болады. Мектепте тәжірибе жүргізу барысында "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді" басшылыққа ала отырып, "Топтық жұмыстарда диалог негізінде оқытудың маңызды" екенін ескеріп, өз сабағымды үнемі диалогтық оқыту әдісін пайдаландым. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді (МАН 12-бет). Жеті модульдің ішінен оқушыларға сабақта диалогтік оқыту маңызды екенін ескеріп, баланың тіл байлығын дамыту мақсатында осы модульді жүзеге асыруды жоспарладым, тақырыптық тапсырмаларды жүйелі түрде Бұл әдіс-тәсілдер қазіргі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер әкелуде, бұлай дейтінім үш айлық курстың «Бірінші бетпе–бет» кезеңінде бағдарламаның жеті модулін үйрене отырып, өзімнің оқыту жүйемде осы модульді тәжірибеге енгізуді жөн көрдім. Себебі математика сабағында осы аталған модулді пайдалану өте тиімді деп санадым.Математика алған білімді болашақта пайдалануды талап ететін пәндердің бірі.Оқушылармен әңгімелесу барысында өз ойларын ортаға салды.Математика сабағында теңдеулер құруға,мәселе есептерде,логикалық есептер шығару барысында қиналатындарын айтты.Мен мектептегі тәжірибемді 6 сыныптарды математика пәнінен алдым.Мектептегі іс тәжірибемді бастамас бұрын тізбектелген төрт сабағымның жоспарларын құрып алдым.Өз жоспарыма бағдарламаның жеті модулін кіріктіруге тырыстым.Жоспарлау барысында менің түсінгенім модулдерді бір бірінен бөліп жару мүмкін еместігіне көз жеткіздім себебі,оқушының сапалы білім алуы үшін модулдердің әрқайсысының ролі ерекше.Бұл арада Мерсер мен Литлтонның 2007 еңбектеріндегі диалог сабақта оқушының қызығушылығын арттыру мен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады деген ұғымға сүйене отырып,оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулін енгізе отырып Диалогтық арқылы оқытуды негізге алдым.Нұсқаулық 36 бет

Aлександер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылыды. Мен осы пікірлермен толық келісемін. Себебі оқушылар топтық жұмыс барысында диалогқа түседі, яғни бірімен бірі қатынасқа түседі. Пікірлерін тыңдайды, ой бөліседі. Oртақ шешім шығаруға үйренеді, өзгелердің пікірін тыңдап талдауға үйренеді. Осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып өзіме 6 сыныптың математика пәнінен орта мерзімді жоспар құрып алдым.Математика пәнін оқытуда диалогтың маңызы өте зор.Көптеген есептер шығару барысында пайдаланатын формулаларды еске түсіру арқылы оқушылар бір -бірімен,оқушы мұғаліммен диалогқа түсіп отырады.Сұрақтар қою және соған жауаптар алу арқылы диалог жүреді.Менің тізбектелген төрт сабағым Оң сандар және теріс сандар, Қарама-қарсы сандар,Санның модулі,Рационал сандарды салыстыру тақырыптарына арналды.Сабақтың мақсаты оң сандар және теріс сандарды ажырата білу,есептер шығару барысында тиімді тәсілдерді пайдалана білу.Әр бір сабақты жақсы көңіл күймен бастау мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрумен бастадым.Себебі осы тілектер айту арқылыда оқушылар бір-бірімен диалогқа түседі . Бірінші күні мұндайға үйренбегендіктен оқушылар тілектерін қысқа қайырып және тілектер қайталанып жатты. Ал келесі сабақтарда оқушылардың бір-біріне ыстық лебіздерін білдіруде біраз дағдыланып қалғандықтарын байқадым. Осылайша оқушылар бойында диалогтік қарым қатынас орнады.

Оқытудың негізгі мақсаты мұғалім бағыт -бағдар беруші ,оқушы өз бетімен білім алушы болғандықтан осы ұстанымға сүйене отырып сабақтарымды өттім.

Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама- жауап- кейінгі әрекет» үлгісінде болатыны анықталды. Бұл модель әңгіме сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетті. (Мерсер, 1995) Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 38- бет) Балаларды диалог пен ойларын дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады (Нұсқаулық, 47 бет).

Бұрынғы алған білімдерін , дағдыларын ,сезімдерін жаңа білімге деген құштарлықтарын дамыту үшін жеке, жұптық , топтық жұмыстарды қалыптастыру керек. Сабағымның мақсатына байланысты жүргізілген оқу үдерісінде оқушыларға бірнеше тәсілдерді қолдана отырып топтарға бөлдім.. Үшінші және төртінші сабағымда топқа бөлуде , бірінші және екінші сабақтарымдағы топқа бөлуге қарағанда жақсырақ болды. Өйткені оқушылар шашыранқы болмай бөлінгендерін байқадым. Оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуде өздерінің білімдерімен сол мүмкіндіктерді байланыстыру , белсенділіктерін арттыру оқуға деген алғашқы қадамдары болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту ұзақ, әрі тиімді оқытудың қажетті психологиялық негізінің бірі болып саналады.

Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі(нұсқаулық 50-бет).

Осы сабақта берілген өзіндік мысал постер жұмысын оқушылар бірлесе отырып жасап, топ арасында қорғады және топ арасында бағаланды.Жұпта және жекелей тапсырмаларды канверт сұрақтары арқылы бердім.Осы тұста жұптаса отырып тапсырмаларды орындау барысында диалог көрініс тапты.Осы тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ерекше қызығушылығын байқадым,әйткенмен топта белсенділік танытпай жатқан оқушыларда болды.Бұл тапсырмаларда диалогтік оқыту көпіршелер арқылы көрініс тауып отырды, оқушылар бір біріне көмектесіп жатты.Әр топтан оқушылар жаңаша қырынан көріне бастады.Екінші топтағы Ұ есімді қыздың көшбасшылығы топбасшыға қарағанда топта басым екендігі көрініс тапты.Сематикалық карта толтыруда тапсырманы дұрыс жауаптарымен сәйкестендіре отырып,жұпта тексеру жүргізді.Сабақтың соңында топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстарына тоқтала отырып ұпай саны бойынша бағалады, өз тарапымнан салыстырмалы түрде жиынтық бағасын қойдым.Сабақ соңында екі жұлдыз бір тілек

Екінші сабағымды шаттық шеңберімен бастадым бір бірімізге сыйлық сыйлау арқылы.Топқа дорбашадан алынған кубиктегі жануарлар бойынша үш топқа бөлдім.Өткен сабақты пысықтау ретінде Хан тағы стратегиясын қолдану негізінде диалогтік оқыту көрініс тапты.Сабақтың негізгі бөлімі ой қозғауда Айналмалы бекет стратегиясы бойынша үш топқа үштүрлі тапсырмалар берілді .Бүтін сандар,рационал сандар ,қарама қарсы сандар бойынша ой түйіндеп келесі топқа барып , өз ойын ортаға салып,ой бөлісіп отырды.Осы тұста А,В,С,Д атты оқушылар сандар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды Венн диаграммасы бойынша қағаз бетіне түсіріп өте жақсы түсінік берді.Мағынаны тануда Кубизм стратегиясын қолдандым кубикті топ басшысы топ ортасына тастады,түскен жағындағы цифрге сәйкес жасырылған тапсырманы яғни есепті топта орындады.Жауаптарын бір бірімен салыстыру арқылы тексеру жүргізді.Оқулықпен жұмыс барысында зерттеушілік әңгіме орын алғаны көрініп тұр.Айта кетсем бірінші топтағы Е оқушы Б оқушыға қарама қарсы сандарды сан түзуіне кескіндегенде сандардың орналасу реттілігін көрсете отырып,бірнеше мысалдар келтіру арқылы талдау жасады.Сөздер банкі әдісін қолданған кезде оқушылар арасында тапсырмалар орындау барысында қызу талас орын алды.Мысалы шығын,кіріс,табыс,алыс,биік,ыстық секілді оң сандар мен теріс сандар және осы тақырыптарға ешбір қатысы жоқ тапсырмалар болды.Осы тапсырмалар ішінен тиісті ғана есептерді жинақ банкісіне орналастырулары тиіс.Осы тұста топтық жұмыстың ұйымдастырылуының тиімділігін байқадым,себебі үлгерімі нашар оқушылар белсенділік танытты.Мысалыға С оқушым сәйкестендіру тапсырмаларын орындаған кездерде неге жауабың солай деп ойлайсың деген сұрағыма өте орынды және нақты жауап берді.Осы тұста оқушыларға үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар берілді осы сәтте оқушылар арасында көпіршелер орын алды,Б,Р ,Н оқушылар А,Д,Т секілді үлгерімі төмен оқушыларға көмек қолын созып отырды.Сабақтың соңында Аспазшы әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алдым.Үшінші сабағым санның модуліжәне геометриялық мағынасы тақырыбында болды.Сабақ шаттық шеңдерінде жүректен жүрекке арқылы тілектер білдірумен басталды.Оқушылар таратылған конфеттердің түсі бойынша үш топқа бөлінді.Өтілген материалдар мен үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтарға топ арасында келісемін,келіспеймін әдісін пайдаланған кезде А оқушы өзінің үй жұмысында орындап келген есептердің жауаптарын оқыған кезде топтағы әр оқушы келісемін десе көк фишканы,келіспеймін десе қызыл фишканы көрсету бойынша диалогтік қарым қатынасқа түсті.Жаңа тақырыпты ашу барысында Ойлан ,жұптас,бірік әдісін қолдана отырып тапсырмаларды жұпта орындауды басшылыққа алдым.Әр топ өзіне тиесілі есептерді шығару барысында өзара талқылаулар жүріп жатты.Оқулықпен жұмыс барысында әр топқа әр түрлі есептер беріп.топта талқылап шығарылуының шыққан жауаптың дұрыстығына өздері топта көз жеткізгеннен кейін,тақтаға әр топтан үш оқушы шығып есептерін шығарылу жолдарынынан басқа топтарға түсінік бере отырып тақтада орындап шықты.Сыныпта тағы бір қызу пікір таластың орын алған сәті Мозайка әдісі бойынша өздері есептерді құрастырады және кеспе қағаздарындағы сөздерді пайдаланып ережені құрастырып шығады.Осы тапсырманы орындау барысында топ бірлесе отырып,ақылдаса отырып шешті.Топ арасында өз тапсырмалары мен ережемен таныстыру кезінде әрбір топтан шыққан оқушылар әрі дұрыс,әрі орынды талдау жасағаны барлығы топта белсенді диалог құра білгендерін байқадым.Міне осы тұста оқушы мен оқушы арасындағы диалог өте үлкен роль атқарады.Осы сабағымда оқушылардың өзара пікір алмасуын ,бір бірінің ойларын тыңдай білулерін қалыптастыру үшін Шеңбер бойында сурет салу деген сергіту сәтін ұйымдастырдым.Жаңа тақырып,есептер шығару барысында бойларын сергітіп,шаршағандарын басу мақсатында.Төртінші күнгі сабағымда сібір бұғыларының амандасуы бойынша ынтымақтастық атмосферасын құрдым.Түрлі түсті стикерлер бойынша үш топқа бөлдім.үй тапсырмасын Дауылға қарсы тұру стратегиясын пайдаланып әр топқа жеке жеке, әрі жылдам сұрақтар қойдым және сұрақтарыма жауап алдым.Осы тұста оқушы мен мұғалім арасында диалогтік оқыту орын алды.Келесі жаңа тақырыпты ашу үшін әр топқа Домино ойыны бойынша координаталық түзуде нүктелерді координатасы бойынша орналастыру берілді.Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында сандардың орналасу реттіліктерін ескере отырып бірінші топ РАЦИОНАЛ,екінші топ САНДАРДЫ,үшінші топ САЛЫСТЫРУ деп сабақтың тақырыбын өздері ашты.Осы тапсырманы орындау барысында ұйымдасқан жұмыс орын алғаны көрініс тапты.Кім жылдам математикалық эстафета ойыны бойынша оқулықпен үздік үштік деп үш оқушы жұмыс жасады .Сабақ соңында оқушылар екі жұлдыз бір тілек арқылы кері байланыс жазды.Балалар келесі сабақтан өзгешелікті,қандайда жаңалықты күтетіндіктерін көрсеткенде оқушыларда болды. Осы сабақтардан байқағаным, тіптен кері байланыс кезінде де оқушылар өзара ой бөлісе отырып жазатындығын білдім. Себебі үшінші сабағымда даналық ағашына оқушылар тек қана «жақсы, ұнады, өте жақсы, түсіндім» деген сияқты ойларын қысқа ғана білдірді. Осы сабақтарда диалогтік оқыту әдісін пайдалану жақсы нәтиже беретініне көзім жетті. Себебі соңғы сабақтарда кері байланыс арқылы оқушылар ойларын, тілектерін, сабақтағы кедергілерін ашық айтып, сабақтан кейін де менімен ашық талқылау жасай бастады. Мысалыға, «бүгінгі сабақ ұнады, әсіресе сергіту сәті жақсы, ұтымды болды» деген ой бір оқушының жазғаны болатын. Сонымен қатар топта жұмыс жасаған кезде постер жұмыстарында уақыттың өте аз берілгендігін ашық жаза білген.Бұндай кері байланыстағы ашық ойлар үшінші, төртінші сабақтарда көрініс таба бастады. Сондай-ақ тізбектелген сабақтар топтамасынан диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың бір-бірлерінің пікірлерімен санаса отырып, топтық талқылау жүргізудегі белсенділіктері артқанын, сонымен қатар өзара достық, сыйласымдылық, ұйымшылдық қасиеттері одан әрі дамығанын байқадым.

Диалогтік қарым-қатынаста сұрақ қоюдың маңызы зор, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады, оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытуда сұрақ қою арқылы мұғалім:

  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • оқушылардың бір – біріне үйренуіне , басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға ықпал етеді;

  • әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41-б.).

Міне осы курстың «бірінші бетпе-бет» кезеңінде мені мазалаған сұрақтардың жауабын іс-тәжірибеде көру арқылы жауабын тапқандай болдым. Шындығында осыған дейінгі дәстүрлі әдісте сабақ үстінде мұндай белсенді диалогтік қарым-қатынас орнамағандықтан оқушы мен мұғалім арасында ашық пікір алмасу болмайтын еді. Осы орайда менің оқушыларға, оқушылардың маған деген көзқарастарында өзгерістер байқалғанын көрдім.

Алайда кемшліксіз адам болмайтын шығар. Менде де мектептегі іс-тәжірибе кезінде сабақтар өткізу барысында сәтсіздіктер орын алды.

  1. Алғашында топтық жұмысқа барлық оқушының қатыспауы, үлгерімі төмен оқушылардың дәстүрлі сабақтағы сияқты үндемей отыруы, оқушылардың топтық жұмысқа дағдыланбауы;

  2. Кейбір оқушылардың менмендігі, жақсы оқитын оқушыларда үлгерімі төмен оқушылардың олардың арқасында жақсы баға алып кетеді деген қорқыныш сезімінің болуы;

  3. Оқушылардың ортаға шығып өз ойларын айтуда қиындық тудыруы;

  4. Сабақ жоспарындағы тапсырмалардың көптігі және оқушылардың тапсырмаларды орындау кезінде регламентті сақтай алмауы кедергі келтірді. Сондықтан тапсырмаларды оқу процесіне сай таңдап алу керек. Өйткені, тым қиын тапсырма болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады. Сол себепті тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Болашақта мен мына төмендегі қағиданы ұстанамын:

  1. Кері байланысты қамтамасыз етемін;

  2. Оқушыларды диалог құру арқылы Оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді үнемі қолданамын.

  3. Тәжірибелі ұстаздармен тәжірибе алмасып, оқулықтардан үнемі ізденіп білімімді толықтырып отырамын.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. (2012). «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Рефлекциялы? есеп

Автор: Тогайбаева Динара Табигатовна

Дата: 28.10.2015

Номер свидетельства: 244890

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Industry in Kazakhstan"
    ["seo_title"] => string(22) "industry-in-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "292267"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455259278"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Математика ханшайымы" "
    ["seo_title"] => string(23) "matiematika-khanshaiymy"
    ["file_id"] => string(6) "189100"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426812641"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Сурет салу:Аққала"
    ["seo_title"] => string(18) "suret_salu_akk_ala"
    ["file_id"] => string(6) "497684"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1548781238"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства