Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математикадан дидактикалық ойындарды пайдалану»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қызылopдa қaлaсы
Әлия Молдағұлова атындағы №173
орта мектебінің математика
пәнінің мұғaлімі
Ахметова Гүлжан
МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жоспар.
1. Ойын туралы ұғым. 2. Ойынның түрлері мен рөлі. 3. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.
1. Ойын туралы ұғым.
Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б. Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол – ойын. Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ» , «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған. Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады . М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады. ' 7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі. Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.М.Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім
2. Ойынның түрлері мен рөлі.
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты. Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы. Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады. Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор. Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды. Осыдидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған
1. Қарапайым түсінтер. 2. 10 көлеміндегі сандар. 3. Кестелік қосу және азайту. 4. Толық ондықтар. Жуз. 5. Біз нені үйрендік ?.
Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады. Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді. Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды . Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады. Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады. Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды. Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі. Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім 1-сыныпты оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрады. Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек . Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды. Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым
- Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер? - Құстарды . - Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы. - Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық . Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім. - Балалар, мына суреттегі құстар нешеу? - Барлығы бесеу. - Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер. Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті орындарын белгілеттім. - Үйрек нешінші орында ? - Бірінші. - Тауық ше? - Екінші. - Қораз ше? - Үшінші. -Қазше? - Төртінші. - Күркетауық ше?
Бесінші. Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды. Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін. Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне үялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң , ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.
«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін қолданған жөн. Мысалы : бір дегенім білеу —.
екі дегенім егеу үш дегенім үскі төрт дегенім төсек бес дегенім бесік алты дегенім асық жеті дегенім желке сегіз дегенім серке тоғыз дегенім торқа он дегенім оймақ он бір қара жұмбақ
Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті. Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз . Енді әр бағдарламалық тақырыптар бойынша ойын түрлерін қарастырайық . «Поезд құрастыру». Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру . Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар. Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады «Кім жылдам ?»
Дидактикалық мақсаты . Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін».
Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар. Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орайтүрліше ұйымдастыруға болады. Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.
Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет. 2. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж.Зббет. 3. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.40бет. 4. Амоношвили Ш.А. «Алты жастан мектепте» . 5. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар» . 6. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет.