№1 орта мектептің математика әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында атқырылған
жұмысының есебі
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
«Мұғалімнің кәсіби шеберлік деңгейін көтере отырып,сапалы білімге жету, интеллектуалды, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу»
Әдістемелік бірлестігінің жұмыс тақырыбы:
Математика пәні әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің
жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың
білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты:
Педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен ізденушілік, зерттеушілік ғылыми байланысын орнату арқылы шәкірт интеллектісін көтеру, білім сапасын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Әр оқушының білім деңгейін көтеру мақсатында жаңа педагогикалық технологиялардың тиімді әдістерін қолдану;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ыңғай туғызу;
- Уәжі төмен оқушылармен жұмысты тереңдету;
- Оқу – әдістемелік кешендерді жаңартып отыру;
- Оқу – тәрбие процесінде шығармашылық жұмыстарды кеңінен қолдану;
- Ата – ана, мектеп, қоғам, психолог арасындғы байланысты жетілдіру;
- Мектепішілік, аудандық, облыс көлеміндегі пәндік олимпиада, интеллектуалдық байқауларға қатысу,
- Оқушы бойындағы өзін – өзі дамыту, өзін – өзі тәрбиелеу, өзін өзі басқару, шешімін таба білу қабілеттерін қалыптастыру;
- Жаңа заман талабына сай ізденгіш, жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру
Жұмыс бағыттары:
- Әр оқушының интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін психологиялық жағдай туғызу;
- Оқушылардың сыни ойлауын дамытудың әдістері мен түрлері,
- Әр оқушының білім алудағы мотивициясына әсер ететін сабақтағы микроклиматтың қалыптасуы;
- Біріктірілген курстар бойынша авторлық бағдарламалар құру;
- Оқушылардың пәндер бойынша ҒІЖ ұйымдастыру;
- Білікті ұстаздардың жұмысын жинақтап, жалпылау.
Мектепте математика пәнінен 7 мұғалім дәріс беруде.
-біліктілігі бойынша: жоғары санатты - 3 мұғалім, I санатты - 1 мұғалім, II санатты - 3мұғалім, санатсыз - 0 мұғалім,
білімі бойынша: жоғары білімді-7 мұғалім,
оқылыту түрі бойынша : күндізгі-5 мұғалім, сырттай- 2 мұғалім,
педагогикалық өтілі бойынша: 0-5 жыл- 0 мұғалім, 6-10 жыл- 3мұғалім, 11-20 жыл-1, мұғалім, 21-30 жыл -1 мұғалім, 30-дан жоғары-2 мұғалім.