Ша?ырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлерімізді? білімі мен ба?а беретін ?діл ?азыларал?асын орта?а ша?ырамыз. Б?гінгі сайысты? жоспары таныстырылады.
Кезекте амандасу р?сімі І топ «Тап?ырлар» тобы.
?раны: Білікті бірді жы?ар.
Білімді мы?ды жы?ар.
ІІ топ. «Ал?ырлар» тобы.
?раны: ?андай сына? болса да?ы беріспе,
?р?ашанда ?міткерміз же?іске.
ІІІ топ. «Білгірлер» тобы.
?раны: Жарыс десе жанамыз,
Б?гінгі к?н жарыста ал?ырлы?пен аламыз.
Ж?ргізуші: Танысып болса?, сайысымызды бастайы?.
І. Тап?ырлы? сайысы (?р топ?а логикалы? есептер беріледі).
І топ.
1. Егер тырна бір ая?ымен т?рса 3 кг болады, ал екі ая?ымен т?рса оны? салма?ы ?анша?(3 кг)
2. ?стел беті т?ртб?рышты, оны? бір б?рышын арамен кесіп алса?, неше б?рыш ?алады? (5 б?рыш)
3. Т?рт ?ойды? неше ая?ы бар? (16 ая?)
ІІ топ.
1. А?аш ?стінде 200 тор?ай отырады. А?шы 20 тор?айды атып алады. Тор?айды? ?аншасы ?алады? (20 тор?ай).
Просмотр содержимого документа
«Математика ж?не біз »
Тақырыбы: «Математика және біз»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
І. Тапқырлық сайысы
ІІ. «Математикалық сөзжұмбақ» сайысы
ІІІ. «Математикалық терминдер»
ІV. «Ребус шешу»
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы.
VІ. «Жұмбақ» сайысы.
VІІ. «Алғырлар» сайысы
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: «Математика және біз» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Тапқырлар», «Алғырлар», «Білгірлер» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайыстың жоспары таныстырылады.
Кезекте амандасу рәсімі І топ «Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
ІІ топ. «Алғырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
ІІІ топ. «Білгірлер» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Жүргізуші: Танысып болсақ, сайысымызды бастайық.
І. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
І топ.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ топ.
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)