Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту – білім берудің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай күнделікті сабаққа электронды оқулықтар, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Бүгінгі күн инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып табылады. САбақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының сабақта өз бетімен жұмысы;
Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
Шығармашылық есептер шығару;
Қажетті ақпараттарды жедел түрде алу мүмкіндігі;
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқу процесінде жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты болып келеді. АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, қалған материалды іріктеуге, талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни, мұғалім алдын ала математика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде электронды пошта арқылы немесе SMS-пен жібереді, оқушылар тапсырманы топпен, жұппен, өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану"»
Саркытбаева Гүлім, Турарова Малика
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту – білім берудің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай күнделікті сабаққа электронды оқулықтар, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Бүгінгі күн инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып табылады. САбақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының сабақта өз бетімен жұмысы;
Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
Шығармашылық есептер шығару;
Қажетті ақпараттарды жедел түрде алу мүмкіндігі;
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқу процесінде жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты болып келеді. АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, қалған материалды іріктеуге, талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни, мұғалім алдын ала математика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде электронды пошта арқылы немесе SMS-пен жібереді, оқушылар тапсырманы топпен , жұппен, өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.
Сондықтан да математика пәні мұғалімі бұл технологияларды біліп қана қоймай, өз сабақтарында да қолдануы тиіс. Оқушылардың пәнді игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген оқушылардың қызығушылын оята білуінде болып табылады. Жаңа технологиялар ол педагогтың мүмкіншілігін арттыратын болғанымен, ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны және ерекше өткізу тәсілі болады. Мысалға алғанда барлық сабақты компьютермен өткізе беруге келмейді. Мынандай тақырыптарды өткізуге болады:
Арифметикалық, геометриялық прогрессияның n-ші мүшесін және қосындысын табу;
Квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
Квадраттық функцияға мысал келтіріп кетсек, сабақта оның графиктерін интерактивті тақтамен көрсеткен ыңғайлы және тиімді болады.
f(x)=x²-x-2 түріндегі функцияның графигі. f(x)=ax²|a={0.1,0.3,1,3}
Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер жазылған бейне материалдар,слайдтар, суреттер, сызбалар,кестелер, диаграммалар, аннимацияларды қолданып,мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол болып табылады. Бұл жан-жақты дарынды, бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің керемет бір баспалдағы деуге келеді. Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:жаңа материалдарды түсіндіргенде, сабақты бекіткенде, қайталағанда. Мұғалімнің оқушылардың әрқайсының жұмыстарын бақылауда, бағалауда тиімді. Тағы да бір мысал келтіре кетсек: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану ол біріншіден, оқушылардың танымдық ұмтылыстарын күшейтеді,екіншіден, олардың ойлау қабілеттерін, математикалық логикаларын дамытады. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін әлемдік деңгейдегі зерттеулердің нәтижесі бойынша оқушылар: естіген материалдың 25-ы, көрген материалдың 33-ы, көрген және естіген материалдың 50 –ы, ал оқушы оқу процесінде тікелей қатысқан материалдың 75-ы оқушының есінде қалады деп көп жерде кездеседі де. Бірақ та, математика сабағының негізгі құралы тақта мен бор екенін естен шығармауымыз керек.
Интернет ресурстарын математика сабағында қолданудың тиімділігі неде?-деген сұраққа былай жауап берейік:
оқу материалдарын жаңа мәліметтермен тез толықтыру қамтамасыз етіледі;
сабақтар қызықты,сапалы,нәтижелі болады;
оқушының бағасы мұғалімнің ойына тәуелсіз және әділ болады;
оқушыда оқуға деген құлшыныс артады.
Сонымен қатар, интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетт арқылы оқушы өзінің білмеген нәрсесін тез тауып, оны түсінуге деген мүмкіншілігі артады.
Қорыта келгенде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болашақ ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазір Еліміздің барлық мектептері жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп келе жатыр. Болашақ жастардың қолында дейді ғой,сондықтан біз артқан, келешек ұрпаққа деген үмітті ақтайық!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Математика және физика №6.2009., №4.2008.
2. Математика және физика №3.,№5.,№2.2004., №4.2006.