| Мектеп: |
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: | 5.1 А Натурал сан және нөл |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
5-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны |
Сабақ тақырыбы | Санды және әріпті өрнектер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Оқушылар орындай алады: 5.2.1.1 қосу мен азайтудың қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру |
Сабақ мақсаттары | Санды және әріпті өрнек туралы ұғымды енгізу; өрнектердің мәндерін табуды үйрету; өрнектерді жазуды және оқуді қайталау; қосу мен азайтудың компоненттерін атау; есептеу дағдыларын бекіту; зейінін дамыту; есептеу қабілеттерін, логткалық ойлауларын, қорытынды жасауды және талдай білуді үйрету; басқалардың пікірлерін мұқият тыңдай білуге тәрбиелеу; сыныптастарының жауабына құрметпен қарауды; топта жұмыс жасай білуге үйрету. |
Бағалау критерийлері | Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер қосу мен азайтудың қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіруді орындайтын болса. |
Құндылықтарды дарыту | Академиялық шыншылдық. ынтымақтастық. Өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет: Құндылықтар жұппен және топпен жұмыс барысында дарытылады. |
Пәнаралық байланыстар | Геометрия, физика |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация |
Бастапқы білім | «Цифр», «сан», «жұп» және «тақ,» ұғымдарын білу; натурал сандармен арифметкалық амалдар орындай білу; Санды және әріпті өрнектермен жұмыс жасау дағдысы; сандарға байланысты амалдардың қасиеттерін білу. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
Басы 3 мин | I. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, оқушылардың назарын ұйымдастыру. Оқушыларға стартерде өрнектерді олардың көз қарастарына қарай екі топқа бөлу ұсынылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Ұсынылған өрнектерді екі топқа бөлу керек. Осы арқылы сабақтың тақырыбына кіреміз. Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын құрастырамыз. | Презентация |
Жаңа тақырыпты түсіндіру 5-7 мин | II. Жаңа сабақ 1 Мұғалім сұрақтар қояды: Біз сіздермен көңіл-күйімізді, тілектерімізді қалай білдіреміз? Оқушылар сөздермен, мимикамен, қозғалыстармен жауап берулері керек және т.б. Математикада да өзінің өрнектері бар, сөйлемдер ретінде санды және әріпті өрнектер қолданылады. Мысалы: Үшбұрыштың периметрін қалай табуға болады? Оқушылар сұраққа жауап береді. Мынадай ұғымға келеді: Санды өрнек – бұл сандардан, арифметикалық амалдардан және жақшалардан тұратын өрнек. Презентацияда санды өрнектерге мысалдар келтіріледі. | Презентация |
Жаңа тақырыпты түсіндіру 5-7 мин | Оқушылар мұғаліммен есепті бірге шығарады. Есеп: Цирктің билеті үлкен адамға 1200 теңге, ал кішкене баланыкі – 800 теңге. Бір көрініс үшін қанша ақша түседі? Одан кейін мұғалім оқушылармен мына анықтаманы береді: Әріпті өрнек – бұл сандардан, әріптерден, арифметикалық амалдар мен жақшалардан тұратын өрнек. Әріпті өрнектерді оқу. | Презентация |
Топпен жұмыс 8-9 мин | III. Топтық жұмыс Әрбір топ екі есептен жазылған кеспеқағазды алады. Әрбір есепке өрнек құрастыру қажет. Әрбір топ өздері таңдаған түрлі-түсті параққа өрнекті жазады, талдау кезінде бұл өрнекті қай топтың құрастырғаны көрініп тұрады. Топтың өкілі өрнектер жазылған парақты тақтаға магниттің көмегімен орналастырады. Кеспеқағаздағы мысалдар: 1-топ Есептерді шығару үшін өрнек құрастыр: 1. Болат 10 жаста, ал әкесі Болаттан 25 жасқа үлкен. Әкесі неше жаста? 2. Екі жүк пойызында n вагон бар. Олардың біреуі 116 вагоннан тұрады. Екінші пойызда қанша вагон бар? 2-топ Есептерді шығару үшін өрнек құрастыр: 1.Кітап 275 теңге ртұрады, ал қаламсап одан 180 теңге арзан. Қаламсап қанша теңге тұрады? 2. Бір пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ, ал екіншісі одан – x км/сағ ақырын жүреді. Екінші пойыз қандай жылдамдықпен жүреді? 3-топ Есептерді шығару үшін өрнек құрастыр: 1. Бірінші балабақшаға 48 кг жеміс әкелді, ол екінші балабақшаға әкелгеннен 18 кг кем. Екі балабақшаға барлығы неше кг жеміс әкелді? 2. Жанат балық аулауға барғанда 13 балық, ал Самат a-ға артық балық ұстады. Жанат пен Самат екеуі бірге қанша балық ұстады? Тақтада жазылған өрнектерді талдаймыз.. Оқушыларға қойылатын сұрақтар: – Жазған жазбалардың арасындағы ортақтық қандай? Алған өрнектерді сен қандай топтарға бөлер едің? Әрбір топтың өрнегінде не ортақ? Олар неден тұрады? Әрбір топқа сен қандай атау берер едің? Оқушылар өрнектердің атауларын және әрбір топтың өрнегін дәптерлеріне жазады. – Қандай өрнектерде жақшаны жазбауға болады?Ал қандайларда міндетті түрде жазу керек? – Санды өрнектердің мәні неге тең? | Презентация Таратпа материал Оқулық Математика 5 сынып: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған / Абылкасымова А.Е. |
Сергіту сәті 1 мин | Оң қолымды көтерем, Оң қолымды түсірем, Сол қолымды көтерем. Сол қолымды түсірем. Оңға қараймын, Аяқты топ-топ басамын, Солға қараймын. Біраз сергіп аламын . | Презентация |
Жаңа тақырыпты түсіндіру 10-12 мин | IV. Жаңа тақырып Қосу мен азайтудың қасиеттерін әріппен жазу | Презентация |
Алғашқы білімдерін бекітуге бағытталған өз бетінше жұмыс 5-6 мин | V. Есептер шығару Оқушылар өз беттерінше есептер шығарады. №297-298 | Оқулық Математика 5 сынып: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған |
Қорытынды шығару 2 мин | VI. Сабақтың қорытындысы Әрбір оқушы қандай өрнектің болатынын, оларды қандай түрлерге бөлуге болатынын, санды және әріпті өрнектердің мәнін қаншалықты таба білетінін өзі бағалайды. Үй тапсырмасы. №297-298 Рефлексия. Оқушылар келесі сөйлемдерді толықтырады: Менің бүгін білгенім ... Қызықты болды … Қиын болды … Мен тапсырмаларды орындадым … Мен енді орындай аламын … | Оқулық Математика 5 сынып: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған |
Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Сілтемелер Денсаулық жағдайын тексеру АТ құндылықтар |
Бірлескен жұмыс ол мұқият жоспарланған басты жұмыс, сондықтан оқушылар өз деңгейіндегі оқушалармен сенімді түрде жұмыс жасайды, ал өз деңгейімен болмаса онда сенімсіз болады. Серіктестер арасындағы диалог кезінде, екеуі де бірдей үйренеді, біреуі екіншісіне тәуелді болмайды. | Бақылау Сұрақ қою Түсінуге сұрақтар Өзара бағалауе Өзін-өзі бағалау Рефлексия | Денсаулықты қорғау технологиясы. Сергіту сәттері және іс-әрекеттің белсенді түрлері. Осы сабақта қолданылған техника қауіпсіздік ережелерінен бөлімдер. |
Рефлексия Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді? Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды? Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме? Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме? Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос орынды Сіздің сабағыңызды бағалау үшін пайдаланыңыз. Сол жақтағы кестедегі Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағалау Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде) 1: 2: Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде) 1: 2: Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім |