Әр топқа жекелей ортақ тапсырма беріледі.Постер қорғайды. Мұғалім:Қазіргі таңда кез келген адамды алаңдататын мәселелер-банкке бірнеше төлемдерді төлеу. Ендеше сіздерге қолдарыңыздағы ақшалардың аз пайызын банкке төлеу керек. Тапсырма әр оқушыға жекелей беріледі, мұғалімнің бағыт беріп, бақылауымен жұптық, топтық болып бірігіп, қорытып топ болып постер қорғайды. 1-топ «5 теңгеліктер»тапсырмасы: Берілген санның пайызын табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар. Есеп: Қолдарыңыздағы тиындардың қосындысының 10%-ын банкке төлеулеріңіз керек. Қолдарыңызда неше теңге бар? Неше теңгесі банкке төленеді? 2-топ «10 теңгеліктер» тапсырмасы: Пайызы бойынша санды табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар. Есеп:Қолдарыңыздағы тиындар қосындысы -сіздер банкке төлеу керек ақшаның 10%-ы ғана. Қолдарыңызда барлығы қанша теңге бар? Банкке негізі неше теңге төлеулеріңіз керек? 3-топ «20 теңгеліктер» тапсырмасы:Екі санның пайыздық қатынасын табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар: Есеп:Осы топтағы әр оқушы 1 теңгеден бергенде барлық жиналған ақшаның неше пайызы жиналар еді? Қорғалған постерлер арқылы мұғалімнің нұсқауымен мына кестені толтырып, есепті шешу алгоритмін құрады. Әр топ алдына жүйелігі сақталмаған формулалар жазылған үлестірме парақшалар таратылады. Топ оқушылары ақылдасып, формула орнын тауып сәйкесін слайдтағы кесте орнына іледі. Тексеру үшін дұрыс толтырылған кесте ашылады. Формула жазылған қызыл түсті қағазды -5 теңгеліктер, сары түсті қағазды-10 теңгеліктер, жасыл түсті қағазды -20 теңгеліктердің ілгендігі бірден анықталады. Әр топ бақылаушысы смайликпен бағалап отырады. Есептің типі | Санның пайызын табу | Пайызы бойынша санды табу | Проценттік қатынасты табу | Есептің қысқаша жазылуы | | | | Пропорция | | | | Пропорцияның белгісіз мүшесін табу | | | | Есептің типі | Санның пайызын табу | Пайызы бойынша санды табу | Проценттік қатынасты табу | Есептің қысқаша жазылуы | а -- 100 х -- р | х -- 100 в -- р | а -- 100 в -- х | Пропорция | а/х=100/p | x/b=100/p | a/b=100/x | Пропорцияның белгісіз мүшесін табу | Х=(a*p):100 | Х=(b*100):p | Х=(b*100):a | Бағалау кретерийі: -Пропорцияны пайдаланып, берілген санның пайызын таба алады; -Пропорцияны пайдаланып, пайызы бойынша санды таба алады; -Пропорцияны пайдаланып,екі санның пайыздық қатынасын таба алады. 2-оқу мақсатына сәйкес, оқушыларға шамаларды берілген қатынаста бөлу алгоритмі жазылған парақша мен барлық топтарға ортақ бір есеп жазылған парақшалар таратылады. Есепті «Тақтайша» әдісін қолдану арқылы жұптасып, берілген алгоритм арқылы шығарады. Алгоритм: Шамаларды берілген қатынаста бөлу үшін: 1.Берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек; 2.Санды табылған қосындыға бөлу керек; 3.Шыққан нәтижені (бөліндіні) қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек. №27 есеп:23 бет «Атамұра»-2018 Мыс пен мырыштан даярланған құйманың массасы 720 грамм. Құйма құрамындағы мыстың массасының мырыштың массасына қатынасы 7:5 қатынасындай. Құйма құрамында неше грамм мыс, неше грамм мырыш бар? Шығарған есептерін тақтайшаға жазып, слайдта көрсетілген есептің дұрыс шешімімен салыстырады. Мыс: х Мырыш: у 7+5=12 720:12=60 7*60=420 5*60=300. Жауабы: 420гр мыс, 300гр мырыш бар. Өз қателерін жөндейді. Бақылаушы тексеру арқылы смайликпен бағалап отырады. |