5.1А Натурал сандар және нөл | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану (бекіту сабағы). |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар: 5.1.2.3 санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану |
Сабақ мақсаттары | - есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолданады; |
Бағалау критерийлері | Оқушылар: Есептеулерде натурал сандарға қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана біледі; Есептеулерде натурал сандарға қосу мен көбейтудің терімділік қасиетін қолдана біледі; Есептеулерде натурал сандарға үлестірімділік қасиетін қолдана біледі; Арифметикалық амалдарды орындау ретін сақтай біледі. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады; Пәнге тән лексика мен терминология: - арифметикалық амалдардың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік және үлестірілімділік); - өрнекті ықшамдау; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - есептеуді тиімді тәсілмен орындау; - көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы ...; - қосындыны (айырманы) санға көбейтуді орындау үшін ...; - өрнекті ықшамдау үшін ... керек; |
Құндылықтарды дарыту | -Өмір бойы білім алуға бейімделеді; -Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру; |
Пәнаралық байланыстар | Физика |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану |
Бастапқы білім | «цифр», «сан», «жұп сан» және «тақ сан» туралы түсініктері бар; Натурал сандарға амалдар қолдана алады. Сандық және әріпті өрнектермен жұмыс жасау дағдылары; Сандарға амалдар қолдану қасиеттерін білу. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақ басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Бір-біріне тек қана дауысты әріптен басталатын комплимент айтындар. Мысалы: Сен бүгін әдемісн. Сен бүгін ажарлысын...... | Презентация |
Сабақ тағырыбы және мақсатты анықтау 6 мин | Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға жекелей келесі тапсырма ұсынылды. Оқушыларға келесі өрнектердің мәндерін тиімді қалай табуға болатыны сұрақ ретінде қойылады : Күтілетін нәтиже: оқушылар есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдана білу қажеттігін түсінеді; Тақырыпты ашу кезеңінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында INSERT техникасын қолданамын. Оқушылар жұпта тақырыпты ашады, білімдерін тақырып бойынша жүйелейді. INSERT техникасының қолдану кезендері: Оқушылар «Санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттері» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жауап береді: I – interactive Мен нені бұрын білдім? N – nothing Мен нені білмедім? S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім? E – effective Бұл қаншалықты тиімді? R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет? T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін? Күтілетін нәтиже: Нәтежесінде оқушылар осы тақырып бойынша өзіне жоспар құрастырады. | Презентация Ақ қағаз |
Топтарға біріктіру 2 мин | «Пазл» стратегиясы. Мұғалім 5 ашық хаттарды (топтар санына қарай) бөліктерге бөледі. Оқушылар осы ашық хат бөліктерін алады. Топтар дұрыс құрылған ашық хаттар бойынша біріктіріледі. | |
Топтық жұмыс 6 мин | Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларда топта келесі тапсырмаларды орындау ұсынылды. Тапсырма№1. Келесі өрнекті тиімді тәсілмен шешіңдер: Осы тапсырманы орындау барысында қандай қасиетті қолдаңдыңыздар? Оқушылардың жауабы: қосудың және көбейтудің ауыстырымдылық заңы Жетістік критерийлер: Тексеру: оқушылар топ ішінде бір-бірін тексереді, сұрақтар туындаған уақытта бір-біріне түсіндіреді; Тақырыпты тексті есептерде қолдануын тексері мақсатында оқушыларға жұпта келесі тапсырма орындау ұсынылды | Презентация Таратпа қағаз |
Жұптық жұмыс 6 мин | Тапсырма №2. Әуежайда барлығы 5 бригада жұмыс істейді. Бір бригада бір ауысымда 8 ұшақты жанармаймен қамтамасыз етеді. Әр ұшақ үшін 24 т жанармай қажет. Бір ауысымда барлығы қанша жанармай жұмсалады? Үшбұрыш периметрі 63 см. Оның бір қабырғасы 18 см және ол екінші қабырғадан 7 см-ге кіші. Үшінші қабырғаны табыңдар. Бағалау критерийлер: Есеп мазмұнына сәйкес дұрыс санды өрнек құрастырылды; Көбейтудің терімділік қасиеті қолданылды; Дұрыс жауап алынды; | Презентация Таратпа қағаз |
Жұптық жұмыс 6 мин | Тексеру: оқушылар топ ішінде бір-бірін тексереді, сұрақтар туындаған уақытта бір-біріне түсіндіреді; Тақырыпты физика пәнімен байланысын көру мақсатында және тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға жұпта келесі тапсырмаларды орныдау ұсынылды. Тапсырма №3 Келесі сөйлемді екі түрлі санды өрнек түрінде жазыңдар: Екі автомобиль бір уақытта бір жерден қарама қарсы бағытта шықты. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 50 км/сағ, екінші автомобильдің жылдамдығы 60 км/сағ. 2 сағааттан кейін олардың ара қашықтығы қандай болады? Бағалау критерийлер: Есеп мазмұнына сәйкес санды өрнектер дұрыс құрастырылған; Үлестірімділік қасиеттің дұрыстығы көрсетілген; Тексеру: оқушылар басқа топтың мүшесінің жұмыстарын тексереді, әр сұрақтар туындаған уақытта бір-біріне түсіндіреді; | Презентация Таратпа қағаз |
Жекелей жұмыс 6 мин | Амалдарды орындау ретін еске түсіру және тақырыпты түсіну деңгейін тесеру мақсатында оқушыларға жекелей келесі тапсырмаларды орындау ұсынылды. Тапсырма №4. Келесі өрнектер үшін амалдарды орындау ретін анықтаңдар және өрнектің мәнін табыңдар: Бағалау критерийлер: Амалдарды орындау реті дұрыс анықталған; Өрнекті мәні дұрыс табылған; Егер санды өрнек тек қана көбейту мен бөлу амалдардан тұрса, онда қандай амалдарды орындау реті қандай болмақ? Тексеру: оқушылар топ ішінде бір-бірін тексереді, сұрақтар туындаған уақытта бір-біріне түсіндіреді; | Презентация Таратпа қағаз |
Бекіту ФБ 2 мин | Оқушылардың сабақ мақсатына жету деңгейін тексеру мақсатында келесі тапсырманы жеке орындау ұсынылады. Келесі өрнектердің мәнін тап: Бағалау дескрипторлары: Тапсырма талданып, тиімді санау тәсілі таңдалды; | Таратпа қағаз |
Reflection 9 мин | «Кластер» тақырыпты жүйелеу тәсілі. Кластер — бұл ақпаратты графикалық түрде жинақтау формасы, бұл жерде кілттік идеялардың арасындағы байланыс схема түрінде көрсетіледі. Оқушылар топтарға бөлініп, ақ қағазға «Санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттері» тақырыбы бойынша постер жасайды. Постерде төмендегі жағдайлар көрсетілуі тиіс Бағалау критерийлер: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті; Қосу мен көбейтудің терімділік қасиеті; Үлестірімділік қасиеті; Арифметикалық амалдарды орындау реті ұғымдары постерде көрсетілген. Күтілетін нәтеже: Оқушылар санды өрнектердің мәнін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдана алады Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Ақ қағаз мен түрлі түсті маркерлер немесе ноутбук |
Homework | Ең тиімді тәсілмен есептеңіз: 100+200+300+...+900+1000 6+12+18+...+90+96 150+250+350+...+950 5+10+15+...+90+95 | Таратпа қағаз |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Дифференциалдау- бекіту тапсырмасында алынған, арнайы оқушылардан нәтиже күту және олардың қабілеттеріне сәйкес жеке көмек көрсету. | Оқушыларды өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Келесі өрнектер үшін амалдарды орындау ретін анықтаңдар және өрнектің мәнін табыңдар: