Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Натурал сандар және нөл саны» бөлімі | Мектеп: Семей қаласы "№48 жалпы орта білім беретін мектеп"» КММ |
Күні: 19.09.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Мусалиева Ажар Муратбековна |
Сынып: 5 Математика | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Формула . Формула бойынша есептер шығару |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.11 Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып , мәтінді есептер шығару; 5.5.1.8 Әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып есептер шығарады |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданады,әріпті өрнектер құрайды. |
Кейбір оқушылар орындай алады: Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып әріпті өрнектер мен мәтінді өрнектер құрайды және оның дұрыстығын тексеріп шығарады |
Бағалау критерийі | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар : Мәтінді оқып,натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданады, мәтінді есептер шығарады.(оқылым, жазылым дағдылары) Формулаларды жатқа айтады,түсіндіреді( айтылым,жазылым дағдысы) Есептерді бірлесіп талқылайды(тыңдалым,жазылым дағдысы) |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Аудан, периметр,формула, шаршы, параллелепипед, айнымалы,куб,төбе,жақ,қыр. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы бірліктер Талқылауға арналған сұрақтар: Параллелепипед пен кубтың айырмашылығы бар,себебі....? Сіз неліктен ..... екенін айта аласызба? Ереже ,формула арқылы неге берілетінің айта аласызба? Жазылым бойынша ұсыныстар Кубтың көлемін калай табамыз? Арифметикалық амалдарға мысал жазыңыз? |
Құндылықтарға баулу | Математикалық тілде сауатты сөйлеуге, ұқыптылыққа, дәлдікке,сыни ойлауға тәрбиелеу.Оқушыларға математикалық дағдының шынайы өмірлік мәселелерді шешуде құндылығынын зор екендігін сезіндіру. |
Пәнаралық байланыс | Геометрия , физика |
Алдыңғы оқу | Фигуралардын периметрін ,тік төртбұрыштың ауданың параллелепипед пен кубтың көлемін таба біледі. |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин. | Сабақты ұйымдастыру Амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру, түгендеп алу. 1. Білім алушылардың сабақ басындағы көңіл- күйлерін анықтау,жылы лебіздерін білдіру 2 Білім алушыларды топқа жинастыру мақсатында геометриялық фигураларды таратамын.Топ ережесін хабардар ету,бағалау парағын тарату. | Оралган шар тәріздес жіп |
7 мин 3 мин | Мақсаты:білім алушылар ЖАДА арқылы қарым қатынас орнату. Геометриялық фигуралар айырмашылығын сұрау арқылы және олардың периметрін, ауданын, көлемін қалай анықтауға болатынын білім алушылардың ойын жинақтап, жаңа тақырыптың мазмұнын ашылады. Тапсырма 1 Топтық жұмыс «Адасқан әріптер» сабақта қолданылатын терминдерді құрастыру Унаад | Аудан | Лмөек | Көлем | Убк | Куб | Рпиретем | Периметр | Ормлаум | Формула | Вкрдтаа | Квадрат | Зұынқды | Ұзындық | Мақсаты : тақырыпқа сай терминдерді анықтау,қосымша деректермен танысу. Кері байланыс: Сонда балалар бүгінгі біздің өтіп жатқан тақырыбымыз : Формула . Формула бойынша есептер шығару деп тақырыпты айтып жіберемін Бағалау: «Сұқ саусақ» стратегиясы бойынша Дескриптор: Білім алушы терминдерді оқып айтады. Сабақ барысында қолданады. | Үшбұрыштар, Төртбұрыштар, Куб,Квадрат пішіндері әр түрлі Математика кітабы 5 сынып ,тарататын қағаздар. |
Сабақтың ортасы. 4 мин | Тапсырма 2 Жұптық жұмыс (білім алушылар жұппен жұмыс жасайды) Білім алушылар әрбір формулаға сәйкес аттарын табады S=a*b Параллелепипед көлемі V=a*b* c Шаршының көлемі C=a*n Жолдың формуласы Р= a+b+c Тіктөртбұрыштың периметрі S = а2 Тіктөртбұрыштың ауданы Р= 2* (a + b) Заттың құны Р=4*а Кубтың көлемі S=V*t Шаршының ауданы V=a3 Үшбұрыштың периметрі Мақсаты: Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Дескриптор: Білім алушы формулаларды жазады,жатқа айтады. Бағалау: Мадақтау,қолпаштау(ауызша) арқылы жүреді | Оқулық 5 сынып математика |
3 мин 20 мин Сабаққтың соңы Рефлексия 5 мин | Сергіту сәті . «Көңілді күн» музыкамен қимыл жасау арқылы сергіту. Тапсырма 3 Жекелеген жұмыс Оқулықтағы 61 беттегі №124, №125 есептерді шығару. ( жұптарымен дәптер алмасып, есепті тақтада көрсетілген жауаппен тексереді. ) Мақсаты: Білім алушылардың жауапкершілігін және алған білімдерін өз бетінше қолданылуын қамтамасыз ету. Дескриптор: Білім алушы тапсырма арқылы өз бетімен формулаларды қолданып есеп шығарады. Сабаққа қорытынды «Бесбармақ» әдісі арқылы оқушыларға қорытынды жасату Үйге тапсырма № 124 (2), №126. Есеп шығару | Аудио таспа,флешка Үлестірме қағаздар Бесбармақ суреті |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Сараланған тапсырмалар арқылы , жекелеген оқушылырға қолқанат болу | Мадақтау ,бағдаршам әдісі , смайликтер,қалыптастырушы бағалау «Сұқ саусақ» стратегиясы.Оқушылардың кері байланысы арқылы. | Циркуль ,қарандаш , ручка ұстағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау . Сергіту сәтінде абай болу. |
Сабақ бойынша рефлексия | «Бес саусақ» арқылы өз жұмысына рефлексия жасау Үйге тапсырма № 102. Есеп шығару |
Жалпы бағалау |
Сабақта ең жақсы болған екі нәрсе (оқу мен оқыуға қатысты) 1. 2. |
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқытуға да оқуға да қатысты) 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |