kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және теңдеулер жүйесі тарауын қайталау (сайыс сабақ)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері»

Мектеп: «Шежін орта мектебі» кмм

Күні:16.05.2017

Мұғалімнің есімі: Хуспан Лида

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны: 7

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және теңдеулер жүйесі тарауын қайталау (сайыс сабақ)

Оқу мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің түрлері, теңдеулер жүйесін және оны шешу жолдары бойынша білімдерін жетілдіреді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер мен теңдеулер жүйесін атап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің және теңдеулер жүйесінің шешу жолдарын пайдаланып есеп шығарады

Кейбір оқушылар:

  • Тарауға қатысты күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындайды

Бағалау критерийі

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді ажыратады

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу түрлерін атайды және формулаларын біледі

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу жолдарын пайдаланып, есептер шығарады

Тілдік мақсаттары

Квадрат, биквадрат, сызықтық, сызықтық емес, айнымалы, теңдеулер жүйесі

Құндылықтар

ға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

  • Жауапкершілік

  • Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

Алдыңғы білім

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу, теңдеулер жүйесі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/3мин/











/7мин/

  • Сәлемдесу.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

1-қадам: Екі қолдың саусақтарының ұштарын бір-біріне тіреп, қозғай отырып, бір, екі, үш, төрт, бес деп санайды.

2-қадам: Қолдарын сумен жуып жатқандай әрекет етіп «Біз екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді және және теңдеулер жүйесін білеміз» деп дауыстап айтады.

3-қадам: Алақандарын уқалап тұрып «Ал енді, сабаққа кірісейік!» деп аяқтайды.

  • Топқа біріктіру.

Түсті кеспе қағаздар алу арқылы екі топқа бірігеді. Қағазда бір және екі сандары жазылған.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Алдымен топ «Өзара тексеріс» әдісімен бір-бірін топ ішінде тексереді. Үйге берілген №554 (ә,в), 560 (а,ә) есептерді конверттерге салып, топтарға беріледі. Есептің жауаптарын стикерге жазып, конверттің сыртына жапсырады да келесі топқа береді. Топ өз жауаптарымен салыстырып, оның бұрыс және дұрыстығына талдау жасайды.







Интербелсенді тақта

Кеспе қағаздар





«Конверттегі сұрақ» әдісі



Конверт

Ортасы

Ғажайып алаң

/7мин/




Білімдерін жан-жақты тексеру.

Ұяшықтар таңдау бойынша оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топқа ұпай жинайды және өзін бағалайды.

1-ұпай. y = xтеңдеуі неге екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу болып табылады?

1-ұпай. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің бір ғана шешімі бола ма?

1-ұпай. ax = b формуласы қандай теңдеу?

2-ұпай. Бірдей түбірлері болатын теңдеуді ........ деп атайды.

2-ұпай. Егер теңдеудің айнымалыларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ге тең болса, бұл қандай теңдеу болады?

2-ұпай. Егер теңдеудің айнымалыларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, бұл қандай теңдеу болады?

3-ұпай. Екі айнымалы бар теңдеулер жүйесін шешу кезінде екі немесе одан да көп тәсілдерді тізбектей қолдануға бола ма?

3-ұпай. Теңдеулер жүйесін шешудің алгебралық қосу және алмастыру тәсілдерінің алгоритмдерінде қандай ұқсастық бар?

3-ұпай. Теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілі бар және оларды ата?


  • Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

№562

  • Сергіту сәті. Викториналық сұрақтар.

Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек) 
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 ) 
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат) 
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір ) 
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам) 
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен) 
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 ) 

  • Бекіту. «Кір жайғыш» әдісі.

Екі топқа бірдей есептер беріледі. Берілген теңдеулерді топпен шығарып, жауабын стикерге жазады және жіпке іледі. Есептің жауабының дұрыс немесе бұрыстығын тексеріп, бағалайды.


  1. x– 4x – 21 = 0 x1 = 7; x2 = - 3

  2. 1 – 2(5 – 2x) = - x – 3 x = 1,2

  3. – 2(5 – 3x) = 7x + 3 x = - 13







Интербелсенді тақта






Оқулық

Дәптер

Есептер





Стикер



Соңы

/4мин/





/1мин/

Кері байланыс. Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін «Блоб ағашына» есімдерін жазып жапсырады. Кейін қайсы деңгейге не себепті жапсырғанын түсіндіреді.







Үйге тапсырма.

№556

Бағалау.

Тақтаға оқушылардың аты жазылған плакат ілінеді. Әр кезеңге ұпай беріліп, сабақ соңында оқушылар ұпай саны бойынша бағаланады.

Оқушының аты

1

2

3

4

Балы

Бағасы



Барлығы

Бағалау шәкілі:

15балл -

10балл -

5балл -

0-5балл -


Бағалау парағы

Стикер



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?








Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Алдын-ала даярланған деңгейлік тапсырмаларды беремін

  • Кері байланыс жасау арқылы

Рефлексия





Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және теңдеулер жүйесі тарауын қайталау (сайыс сабақ).

Сабақтың мақсаты: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің түрлері, теңдеулер жүйесін және оны шешу жолдары бойынша білімдерін жетілдіреді.

Бұл соңғы сабақтың маңыздылығы жоғары болды. Себебі сыныпты екі топқа бөліп, сайыс сабақ ретінде жүргіздім. Әуелі сабақты бастамас бұрын сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында оқушыларды орындарынан тұрғызып, бірінші екі қолдың саусақтарының ұштарын бір-біріне тіреп, қозғай отырып, бір, екі, үш, төрт, бес деп санайды, екінші қолдарын сумен жуып жатқандай әрекет етіп «Біз екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді және теңдеулер жүйесін білеміз» деп дауыстап айтады, үшінші алақандарын уқалап тұрып «Ал енді, сабаққа кірісейік!» деп аяқтауларын түсіндірдім.

Ең алдымен топтардың бағалануын, тақтада арнайы екі топқа жасалған кесте арқылы әр кезеңге ұпай сандары қойылатынын, сол арқылы топтың ұпай санын есептей отырып, топ мүшелерін бағалайтынымды айттым.

Үй тапсырмасын «Өзара тексеріс» әдісімен топ ішінде өзара тексеріп, есептің жауаптарын сәйкестендірді. Кейін «Конверттегі сұрақ» бойынша топтарға конверттің ішіне үй тапсырмасын салып, конвертті таңдап алуға мүмкіндік бердім. Топтар өздеріне берілген конверттегі есептің жауабын стикерге жазып, оның сыртына жапсырады да келесі топқа берді. Топтар осылай өз жауаптарын сәйкестендірді. Бұл әдіс уақытты үнемдеуге аса қолайлы болды.

Білімдерін жан-жақты тексеру үшін интербелсенді тақтада тоғыз сұрақты ұяшыққа жасырып, ұяшықтар таңдаттым. Қайталау әрі сайыс сабақ болғандықтан топ мүшелерінің өткен сабақ туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік туғызды. Топтың ұпайын есептеп тақтаға жазғаннан кейін оқулықпен жұптық жұмыс жасады.

Сергіту сәтінде викториналық (логикалық) сұрақтар әзірледім. Бұл кезең оқушылардың ынтасын арттыра түсті.

Сабақты бекіту кезеңінде «Кір жайғыш» әдісін пайдаландым. Екі топқа бірдей тапсырмалар беріліп, жауаптарын жіпке іледі. Бұл тәсіл топпен жарыс кезінде ұпай сандарын санауға ыңғайлы болды. Кері байланысқа «Блоб ағашын» пайдаландым. Менің ойымша оқушылардың өзін- өзі бағалауы тым жоғары. Себебі ағашқа еімдерін қыстыру кезінде жоғарғы деңгейге жасырды. Сабақ соңында топтың ұпай санын есептеп, екінші топтың алда екенін хабарладым.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Конверттегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру


2: «Кір жайғыш» тәсілі бойынша топты жарыстыру

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Жұппен жұмыс


2: Сергіту сәті викториналық сұрақтар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақта оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасау барысында тапсырмаларды талқылай отырып, нәтижеге қол жеткізеді





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Автор: Мырзабарақова Қаламқас Әләуқызы

Дата: 15.10.2019

Номер свидетельства: 522773

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері."
    ["seo_title"] => string(68) "eki_ainymalysy_bar_syzyktyk_emes_tendeuler_zh_ne_olardyn_zhuieleri_1"
    ["file_id"] => string(6) "562081"
    ["category_seo"] => string(7) "algebra"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1604247675"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Логарифмдік  те?деулер ж?не оларды?  ж?йелері /есептер шы?ару/"
    ["seo_title"] => string(73) "logharifmdik-tien-dieulier-zh-nie-olardyn-zhuiielieri-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "264447"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449727541"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "К?нтізбелік  та?ырыпты? жоспар  алгебра  9 сынып "
    ["seo_title"] => string(50) "kuntizbielik-tak-yryptyk-zhospar-alghiebra-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "123471"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1414505806"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(7) "ОМЖ "
    ["seo_title"] => string(6) "omzh-1"
    ["file_id"] => string(6) "233763"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1443203512"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Жуықтап есептеу элементтері"
    ["seo_title"] => string(35) "zhuyk_tap_iesieptieu_eliemienttieri"
    ["file_id"] => string(6) "414413"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494491480"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства