Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 7 мин. | 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1.Мұғалім оқушыларды түгендейді. 2.Амандасады және тілектерін білдіреді. | 1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
Жаңа сабаққа кіріспе | «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Сұрақтар: 1.Берілген санның пайызы қалай табылады? 2.Берілген санның пайызын табу үшін пайызды қандай бөлшекпен өрнектеген тиімді? 3.Микрокалькуляторда берілген а санының Р%-ын табу үшін, оның клавиштерін қандай реттілікпен басу керек? | 1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. 2. Өзгенің пікірін толықтырады. Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Дескриптор: 1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі. 2. Өзгенің пікірін толықтырады. Жалпы- 2 балл. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы 31 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады. | Слайд Кітап |
| 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1-тапсырма Проценті бойынша санды табыңдар: 1)1%-і 8-ге тең; 2,6-ға тең; 2)2%-і 6-ға тең; 3,4-ке тең; 3)10%-і 0,8-ге тең; 2,2-де тең. | Дескриптор: 1.Тиісті сандарды табады. 2.Жауабын жазады. Жалпы- 5 балл. | ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
| 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 2-тапсырма Шебер 295 бөлшек дайындап, жоспарды 18%-ке артық орындады. Шебер неше бөлшек дайындауды жоспарлаған еді? | Дескриптор: 1.Есептің мазмұнын түсінеді. 2.Бөлшегін есептейді. 3.Жауабын табады. Жалпы- 3 балл. | ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
Сабақтың соңы 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Үйге тапсырма: №1140 есеп. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |