kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассная работа. Ойнайы? та ойлайы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

а) о?ушыларды ауызша есептей білуге, логикалы? есептерді шешуге да?дыландыру;

?) о?ушыларды тап?ырлы??а бауылып, ?р п?н бойынша ал?ан білімдерін бай?ампазды?ын арттыру, танымлы? ?абілетін дамыту;

б) о?ушыларды? топпен, ?жыммен ж?мыс істеу, жауапкершілікке, шапшанды??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа. Ойнайы? та ойлайы? »

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАЛАС АУДАНЫ, ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫ

«ҮМІТ» ҚИМЫЛ-ТІРЕК АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫНЫҢ

МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


ЧОМАЕВА АРДАҚ ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: « Ойнайық та, ойлайық»


Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру;

ә) оқушыларды тапқырлыққа бауылып, әр пән бойынша алған білімдерін байқампаздығын арттыру, танымлық қабілетін дамыту;

б) оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс істеу, жауапкершілікке, шапшандыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын сабағы.


Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың қанатты нақыл сөздері,

1. «Білім алу- әрбір мұсылманың басты парызы.»(Ұлықбек)

2.« Математиканың өзіне тән тілі бар, ол-формулалар.» (С. Ковалевская)


Сабақтың өту барысы:


Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар-халқызмыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын,білімді анықтайтын «Ойнайық та, ойлайық» атты сайсымызды бастаймыз.



Жүргізуші: Ал, оқушы, ұстаздар,

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа,

Қол соғып қарсы алайық.


Мұғалім: Бүгінгі ойынның коркіне айналғалы отырған екі топты ортамызға шақырайық.


Жүргізуші: Бүгінгі кеш қызықты кеш,

Көрермендер,халайық.

Ой-түйсікті қозғап көр,

Биік қанат қақсын ол.

Мәңгілікке есте қалар

Қызықты бұл ойын болсын,


Мұғалім: Білімді шәкірт озар,- дей отырып, кешіміздің негізгі турларын айтып өтейін:


І. Сәлемдесу- екі топ бір-бірімен сәлемдеседі.

ІІ.«Математика» жайында тақпақтар оқу-оқушылар өлеңдер оқиды.

IІІ. Бәйге-викториналық сұрақтар қойылады.

IV. «Тіл өнері»-мақалдарды толықтырады.

V. «Математикалық лото»-логикалық сұрақтарға жауап береді.

VI. «Тапқыр болсаң тауып көр!»-жұмбақтар шешу.

VII. Қорытынды-мұғалім сөзі.


Жүргізуші: Шеберлік пен білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділқазы алқалары,

Әділ баға беріңіздер.

І. Сәлемдесу.

І топ- «Көкбөрі» тобы

Ұраны:

«Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз»


ІІ топ- «Сұңқар тобы»

Ұраны:

«Сұңқардай қалықтаймыз,

Ізденуден жалықпаймыз!»


ІІ. Математика жайында тақпақтар оқу.

1-оқушы: Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың бәрінде,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

2-оқушы: Математика төрт амал негізінде.

Туындатқан талай заң келбетінде,

Жұмбақ әлем болағанмен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.

3-оқушы: Математика, математика қандай қиын,

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.

Ал өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық, байлам дүйім.

4-оқушы: Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғалым жер шарында,

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.

5-оқушы: Мақтауға математика лайықты да,

Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та.

Парақтаумен әр ғалым, әрбір пәнді,

Байланысын ашық айтып тұрайық та.

6-оқушы: Елімнің үміт артар ұл-қызымыз,

Дарынды әр оқушы жұлдызымыз.

Математика кешінде бәрің достар,

Ән боп енді шырқалар ғасырымыз.


Жүргізуші: «Мектебім менің» әні шырқалады.


Жүргізуші: Судай тасып әр бесік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып ұлылардың жолын қуған,

Әрбір адам өмірде өрге басқан.


IІІ. Бәйге

1-ші топ. Көкбөрі тобы

1. Ең кіші жай сан?(1)

2.Тәуліктің1/24 бөлігі(сағат)

3.Жүз жылдың басқаша атауы?(1ғасыр)

4. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

5. Қарама – қарсы сандардың қосындысы ( 0 – ге тең)


2-ші топ. Сұңқар тобы

1.Ең кіші үш таңбалы сан?(100)

2.Қазақ тілінде кандай әріп цифрға ұқсайды?(3)

3.Ереженің әріп түрінде жазылуы?(формула)

4. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады (түзу)

5. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар )


IV «Тіл өнері»

Жүргізуші:

1. Ел құлағы.....(елу)

2. Білгенің бір тоғыз, білмегенің .... (тоқсан тоғыз)

3. Мың қосшыға....басшы.(бір)

4. ... кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. (қырық)

5. Батыр бір өледі,

Қорқақ......өледі (мың)

6. ... бармақ жиналса, жұдырық болады (бес)

7. ... рет өлшеп, бір рет кес. (жеті)

8. Ер жігіттің....сөйлегені өлгені(екі)

9. Адамға келген....пәленің тоғызы-тілден(он)

10. ...аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас (алты)


Жүргізуші: Жемісті,жақсы иісті бұл бәйшешек,

Аралайық,пайдасын көркем десек

Ұғымды,милы жастың ойын қозғап,

Ұқтырар талай тәлім, талай есеп.


V. «Математикалық лото».

1. Қайсысы көп:

1+2+3+4+0 немесе 1•2•3•4•0?

Жауабы: ()

2. 4 шығу үшін 2-ні нешеге бөлу керек?

Жауабы: 0,5

3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: 3 стакан қалды

4. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда, үш таңбалы сан шығады?

Жауабы: 99 бен 1

VI. «Тапқыр болсаң тауып көр!»

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)

Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда,

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң, теріс сан бәрі сонда. (рационал сан)

Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

Үлкен, кіші сандарды сен

Ажыратқың келсе егер,

Қандай таңба қояр едің

Кәне, ойлан куәгер. (теңсіздік)

Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады,

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)

Екі бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату,

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар қаңқу. (сыбайлас бұрыш)




VII. Қорытынды:

Мұғалім: Көңілді тапқырлар,білгіштер,

Бар өнерін алдыға салды тағы.

Кім білімді,ақылды болса егер,

Бүгінгі күннің жеңімпазы атанады.


Ойын соңында әділқазылар алқасы қортындысынан соң ойын жеңімпазы мен қатысушылар марапатталады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Внеклассная работа. Ойнайы? та ойлайы?

Автор: ЧОМАЕВА АРДА? ?УАНЫШБАЙ?ЫЗЫ

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207736

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Внеклассная работа на тему: Денсаулы? - зор байлы? "
    ["seo_title"] => string(49) "vnieklassnaia-rabota-na-tiemu-diensauly-zor-baily"
    ["file_id"] => string(6) "107294"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1403201116"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства