Просмотр содержимого документа
«"Ұстаздар мерекесі"»
1-жүргізуші:
Армысыздар жиналған қауым,қадірлі ұстаздар!
Міне,жадырап жаз өтіп,алтын күз де келіп жетті.Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен,мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас,сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті.Мектеп қарбырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де,бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп,білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя -мектебін әрдайым үлкен сағынышпен,құрметпен еске алып отырады.Жаныңызға шуақ шашар,сәулелі мерекеңізбен шын жүректен құттықтап,сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір,қажымас-қайрат,еңбектеріңізге табыс,отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз!
2-жүргізуші:
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай сөзі маржан,үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.Әрине ұстаз жүгі- ауыр жүк.Ұстаздардың әсерлі үнімен,асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,аналық,әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.Иә адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей,қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе?
1-жүргізуші:
Ажырамай мектебімізден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз деп
Алғашқы құттықтау сөз тілегі мектебіміздің директоры:Өтес Шығанбайұлына беріледі.
Қадыр тұтсын еліміз дей келе тәрбие мен білімді,талап пенен талғамды ұштастыра білген,іргесі берік киелі ақ ордамыздың кіші қызметкерлері яғни «Бухгалтерлер,Кадрлар бөлімі,Лобаранттар сонымен бірге Ақ қалатты медбикелерімізді»қошеметпен тост кезегіне шақырамыз________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________