kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикалық пойыз бөлшектер елінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан туралы анықтамаларын білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикалық пойыз бөлшектер елінде»

Оқытудың жаңа технологиясын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру басты мақсатым. Мен сабағымда оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатыммен жұмыс істеймін. 5 сыныпта «Жай бөлшектер» тақырыбында өткізген сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан туралы анықтамаларын білу. Көбейту, бөлу амалдарына ережелерін қолдана отырып есептер шығару.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету. Өзара көмегін қалыптастыра отырып өз білімі емес басқа оқушының да білімі үшін жауапкершілікке дағдыландыру, өзін – өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, тест.

Бүгін бізде қорытынды сабақ, біздер күрделі, үлкен «Жай бөлшектер» тарауын өттік. Математикалық пойызбен жай бөлшектер еліне саяхатқа шығамыз.

Пойызға екі вагон тіркелген. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ басшысы сайланады.


Біздің маршрутымыз

«Бақылаушылар бекеті»

«Көңілді бақылаушылар»

«Есте сақтау»

«Көңілді балықшылар»

«Соңғы бекет»


Пойызға отыру үшін билет сатып аламыз. Билет алынған болып саналады егер сұрақтарға дұрыс жауап берсе.


1 топқа (І бөлікте орналасады)

Қандай бөлшектер дұрыс деп аталады?

Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда дұрыс бөлшек.

Аралас сандар дегеніміз не?

Бүтін бөлшектен және жай бөлшектен тұратын сан – аралас сан.

Натурал санды аралас сан және бұрыс бөлшек түрінде қалай жазамыз?

Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?

Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.


2 топқа (ІІ бөлікте орналасады)

Қандай бөлшек бұрыс деп аталады?

Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда ол бөлшек бұрыс бөлшек.

Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?

Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек. Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек.

Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдырамыз.

Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз?

Алымды бөлімге қалдықпен бөлу керек. Толымсыз бөлінді бүтін бөлік болады, қалдық бөлшек бөлігінің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады.

Бөлшекті бөлшекке қалай бөлеміз?

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.

Билеттер алынды барлығы орналасты. Келесі бекетке дейін уақыт өткізу үшін екі топқа тест беріледі.

І топ

  1. Бөлшектің алымы 0-ге тең болуы мүмкін

А) ия Б) жоқ

  1. 13 + 1/65 қосындысын тап

А) 131/65 Б) 13/65 В) 1/65

  1. Натурал саннан бөлшекті азайтыңдар: 2 - 3/17

А) 13/17 Б) 114/17 В) 23/17

  1. Көбейтуді орындаңдар: 3/4 8/9

А) 2/3 Б) 1/4 В) 1/3

  1. Бөлуді орындаңдар: 6/7 : 3

А) 18/7 Б) 6/21 В) 2/7

  1. Теңдеуді шешіңдер: х 2/3 1

А) 2/3 Б) 1 В) 3/2


ІІ топ

  1. Бөлшектің бөлімі 0-ге тең болуы мүмкін

А) ия Б) жоқ

  1. 14 + 1/97 қосындысын тап

А) 14/17 Б) 141/97 В) 1/97

  1. Натурал саннан бөлшекті азайтыңдар: 1 - 1/10

А) 101/10 Б) 9/10 В) 109/10

  1. Көбейтуді орындаңдар: 2/5 7/8

А) 7/12 Б) 7/20 В) 14/20

  1. Бөлуді орындаңдар: 8 : 2/3

А) 16/3 Б) 12 В) 2/24

  1. Теңдеуді шешіңдер: х 3/4 1

А) 3/4 Б) 1 В) 4/3


Топ басшылары неше оқушы дұрыс жауап бергенін анықтайды.

«Есте сақтау» жұлдызшаның орнына сандар қойыңдар.

31/5 * 1/5 103/4 */4

*/5 13/5 23/* 43/5

29/* 9*/3 17/* **/5

Ертеде Египетте дағдылы (*; :) белгілері орнына мынадай белгілер қолданылған

Берілген есептердің біреуі қате, қалғаны дұрыс екенін анықтап беріңдер. Есептерде қандай амал таңбалары қолданылған.

33/5 11/9 4 32 11/2 6

101/3 22/3 31/8 13/18 51/2 35/7


Келесі бекет «Көңілді балықшылар».компьютерде балықтар суреттері көрсетіледі. Таңдаған балықта есептер, теңдеудерді шешу керек.

«Соңғы бекет» оқулықпен жұмыс № 697, 698

№ 697.

Х-барлық ақша

Х*1/2-2/5х 18


Қорытындылау, бағалау.

Үйге: № 707, № 733 (1,2)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Математикалық пойыз бөлшектер елінде

Автор: Есмурзин Нұржан Меңдібайұлы

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 405029

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) ""Қызықты сағат""
    ["seo_title"] => string(16) "k_yzyk_ty_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "407488"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491560045"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства