Просмотр содержимого документа
«?ызы?ты математика»
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ «№273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Қызықты математика»
(18.02.2016 жылы 1 «В» сыныбында өткізілді)
Өткізген Қиымова Л.
Байқоңыр қаласы, 2016 жыл
Бекітемін Күні: 18.02.2016 ж.
Директордың оқу ісі Пәні: математика
жөніндегі орынбасары: Сыныбы: 1 «В»
–––––––– Жұбатқанова Р. Мұғалім: Киымова Л.
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
Математикадан алған білімдерін тереңдету
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, шығармашылық қабілетін, логикалық ойын дамыту
Бірлікке, ұлтшылдыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: топтық
Көрнекіліктер: кеспе цифрлар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 4 топқа бөлу
Топ жетекшілерін сайлау
ІІ. Сайыс жоспарымен таныстыру
«Бәйге» сұрақтарға жауап беру
Аптада неше күн бар?
Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Неше қоян тығылып отыр?
Балалар білім алатын орын
Аптаның 5-і күні?
Құста-қанат, ал адамда-...
3 бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура?
Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?
6 пен 8 арасында қандай сан бар?
Алфавиттегі 7-ші әріп?
Дуалдың астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді. Дуалдың сыртында неше мысық? Неше тауық?
«Жұбыңды тап» Оқушылар цифрлар жазылған карточкалар таратылады, қосындысы 10,9-ға тең болатындай жұптарын табу тапсырылады/
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Санай біл: үш тілді 1-ден 10-ға дейін санау.
Есептей біл: тізбектей мысалдар шығару.
Жоқ санды тап. Осы сандарды пайдаланып тура теңдіктер құр.
6 3 6 4
Ойлана біл: өлең есептер шығарту.
Алма ағашта 7 алма
Қандай жақсы жесе алма.
Үшеуінде жеп қойдым
Қалды сонда неше алма? (4)
Дүкенге кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
2 дәптер 4 қалам,
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (8)
Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (6)
Қолыңда бар 10 асық,
10 асықтың 3-еуін досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады? (7)
Көреген бол: сұрақ- жауап
(30 секундта заттарды көру арқылы әрбір заттың ерекшеліктерін сұрақ-жауап арқылы анықтау)
Тапқыр бол : артық затты табу
Кім жылдам? ойыны: 4-топтан бір-бір оқушыдан шығып, мысалдарды шығару арқылы қызықты математика сөзін шығару.
6+222
7 - 3
3+3
5+3
8 –2 2222
4 – 2
9 - 1
6 – 2
8+2
7+3
Ұйқасын тап: Не қымбат?
Түйеге..........
Ешкіге...........
Қойға..........
Сиырға.....
Анаға баласы
Бәрінен қымбат.
ІІІ.Қорытындылау