Просмотр содержимого документа
«Білімді ?рпа? - ел болаша?ы»
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 5оқушыдан.
Әр топтың ұраны, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
1-жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз.
Кешікендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика ғылымы жайында
Бәйгемізді бастаймыз.
2-жүргізуші:
Жас достары,
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептеусіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
1-жүргізуші:
Математика ғылымы – ермек емес балалық.
Математика ғылымы көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімге тансық емес жаңалық.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен аяулы шәкірттері!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың!
Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ-қазы алқасымен таныстырып кетуге руқсат етіңіздер:
Біздің «Білімді ұрпақ – ел болашағы» төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең «Математикалық спринт». Бұл кезең шарты бойынша әр команда белгілі уақыт ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беруге ұмтылады.
Екінші кезең «Математика және …». Командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмаларды таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
Үшінші « Үй тапсырмасы » кезеңінде сіздерге әр команда дайындап келген сұрақтарын қояды.
Төртінші кезең « Сиқырлы әріптер».
Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!
Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін.
Викториналар шешу үшін.
Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.
жүргізуші.
Сайыс бізге сын болсын,
Білмегенге мін болсын.
Командаларды қолпаштап,
Қол соғыңдар кім болсын.
Ал, енді сөз кезегін, өздерін таныстыру үшін команда мүшелеріне береміз.
жүргізуші. Кезекті өздерін таныстыру үшін топ мүшелеріне берейік.
жүргізуші. Сөз кезегі 7 сынып оқушыларына беріледі. 1-топ.
1-жүргізуші. Сөз кезегі 8 сынып оқушыларына беріледі. 2-топ
Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. «Математикалық спринт». кезеңінің шартын еске түсірейік, әр команда белгілі уақыт ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беруге ұмтылады.
1-топ:
Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады? 20 тг
7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42
Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1
25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1
Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)
Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)
Айнымалысы бар теңдік. Пропорция
2-топ:
Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат
282 саны 3-ке бөлінеді ме? Иә
Сызықтық функцияның графигін атаңыз. Түзу
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12
Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 6
Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50
289 нешенің квадраты? 17
Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3
Екінші кезең «Математика және …». Командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмаларды таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
Математика және биология
20: Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді? (10 күн)
30: Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты.30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады? (15 тәулікте)
40: Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады? (30 минутта)
50: 9 бірдей торғай 1001 ден аз дәнді шұқиды, ал 10 торғай 1100- дн артық дән шұқиды.Әр торғай қанша дәннен шұқып жейді? (99 торғай)
Математика және тарих.
20: Ертеден ұзындық өлшеміне не алынбады десеңші: қадам, оқ жетер жер, шынтақ және алақан. Аз қашықтықты өлшеуге бармақтың буыны қолданылған. Бұл өлшемнің атауы голланд тілінен аударғанда «бармақ» дегенді білдіреді. Бұл қандай ұзындық өлшемі? (3см)
30: Бұл есепті тарихи деп қарауға болады, себебі қазір ондай таразы қолданылмайды. «бір таразыға дөңгелек ірімшікті салды, ал екіншісіне дөңгелек ірімшіктің ¾-ін және килограмдық кірді салды. Сонда теңбе-тең болды. Дөңгелек ірімшік қанша тартады?і» (4кг)
40: ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы математик Карл Гаусс жас кезінен математикаға қабілеті зор болды. Ол үш жасында әкесінің есептеуден жіберген қателерін түзеткен,- дейді.Жеті жасынан ол мектепке барды. Ол кезде бір сынып бөлмесінде бірнеше сынып оқушылары дайындалатын. Үшінші сынып оқушыларымен жұмыс істеу керек болғандықтан, бірінші сынып оқушыларына 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосуды тапсырады.Мұғалім тапсырманы айтып болмастан, кішкентай Карл өзінің парағына жауапты жазып мұғалімнің үстеліне қояды.Сендер 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез таба аласыңдар ма? (5050)
50: Біз қазір қолданып жүрген цифрларды арабтар Үндістаннан әкелген. Ежелгі Грецияда цифрлар үшін арнайы белгілердің орынына әріптер қолданылған. Ежелгі грек цифрлары тарих қойнауында қалды, ал ежелгі рим цифрларын біз әлі күнге дейін қолданып жүрміз. Рим цифрларын I, C, X, M, V, D, L араб цифрларымен 1, 5, 10, 50 , 100, 500, 1000 сәйкестігін табыңдар. (І-1, V-5, X-10,Д -50, С-100,L-500,М-1000)
Ребустар.
20: Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.
30: Сіріңке шиінен істелген шаян жоғары өрмелеп барады (суретті қара). Үш шиді қозғау арқылы төмен қарай қалай жылжытамыз.
40: Тоғыз сіріңке шиінен жасалған таразы теңгерілмей тұр (суретті қара). Бес шиді қозғау арқылы, қалай теңестіруге болады?
50: Он сіріңке шиінен істелген екі стаканнан алты шиді қозғап, қалай үй жасауға болады?
Логикалық сұрақтар.
20: Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпі өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді?
(1-ешкіні, 2-қасқырды, 3-шөпті )
30: Торғайлар ұшып келді де , бұтаққа отырды.Егер әр бұтақта бір торғайдан болса,онда бір торғайға бұтақ жетпейді. Егер әр бұтаққа екі торғайдан қонса, онда бір бұтақта торғай болмайды. Қанша бұтақ және қанша торғай болған? (3 бұтақ, 4 торғай)
40: Торда қояндар мен тауықтар бар. Олардың 35 басы және 94 аяқтар бар.Торда қанша қоян және қанша тауық бар. (12 қоян, 23 тауық)
50: Бір үйде 5 қыз бар. Әр қыздың бір – бір інісі бар. Бір үйде сонда неше бала бар? (6 бала)
Үшінші « Үй тапсырмасы» кезеңінде сіздерге әр команда дайындап келген сұрақтарын қояды.
Төртінші кезең «Сиқырлы әріптер» Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.
С
І
Р
К
Б
Ы
И
Т
Ұ
Ш
Ү
Н
Е
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көрдіңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер, деп
Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
2-жүргізуші:
Осымен «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты ойынды аяқтауға рұхсат етіңіздер.