«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Аққұдық негізгі мектебі » ММ
XXI ғасыр көшбасшысы
Математика – 8 - 9 сынып
Құрастырған : Ермекбаев Б. Ә . Математика
пәнінің мұғалімі
Бәйге
Көкпар
Жұмбақтар әлемі
Жорға
Мақсаты:
1. Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын арттыру және алған білімдерін тереңдету.
2. Ой –өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа, бірлікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру
«Математика - ақыл , ой гимнастикасы»
М. В. Ломоносов
I. Бәйге
1. Бұрышты өлшейтін құрал. ( Транспортир)
2. Екі нүктенің арасындағы түзу. ( Кесінді )
3. Шеңбердің центрінен өтетін түзу. ( Диаметр )
4. 100 жылдың басқаша атауы. ( Ғасыр )
5. Ең кіші үш таңбалы сан. ( 100 )
6. 50 санының бөлігі. ( 12,5 )
7. bx c = 0 теңдеуі қалай аталады? ( Квадрат теңдеу )
8. Қиылыспайтын түзулерді қалай атайды ? ( Параллель )
9.Қарама - қарсы сандардың қосындысы неге тең ? ( 0 - нөл )
10. 16 санының квадраты ? ( 256 )
11. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма ? ( тең болады )
12. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыштар. ( Ромб , квадрат )
13. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер ол екі аяғымен тұрса қанша тартады ? ( 12 кг)
14. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып , бірақ баспаға шығармаған кім ? ( Қ. Сатпаев )
15. Төртбұрыштың қарама - қарсы төбелерін қосатын кесінді . ( Диагональ )
16. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасын атаңдар. ( Гипотенуза)
II. Көкпар
1. 80 санының 25 - тын табыңдар. (20 саны)
2. Поезд тұрақты жылдамдықпен бірқалыпты жүріп 2 сағатта 144 км жол жүрді. Поезд 5 сағатта қанша жол жүреді ? (144: 2 = 72, 72 · 5 = 360 км)
3. Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себеттегі алма оның - бөлігіндей. Екі себетте неше алма бар ? ( 48 · 5/8 = 30, 30+ 48 = 78 алма)
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 28 см. Оның бүйір қабырғасы 6 см болса , табанын табыңдар. ( 28 – ( 6+6) = 16, Ж : 16 см. )
III. Жұмбақтар әлемі.
1. Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді ( - шексіздк)
2. Бірдей санды бірнеше рет , көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң , қандай атау болады ? (Дәреже)
3. Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді.
Бірін - бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді. ( параллель түзулер )
IV. Жорға
1. 180 - қа тең бұрыш қалай аталады ? ( жазыңқы)
2. 121 саны қандай санның квадраты ? ( Ж: 11 )
3. - ке кері сан ? ( саны)
4. - неге тең ? ( 64)
5. Биссектриса деген не ? ( Бұрышты қақ бөлетін сәуле)
6. Ең үлкен екі таңбалы сан ? (99)
7. Жай сандар - ол қандай сандар ? ( 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар)
8. Ең алғашқы әйел - математик ? ( С. Ковалевская )
9. 50 – ді 0,5 - ке бөліңдер. ( 100)
10. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларын атаңдар. ( Катеттер)
11. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (Радиус )
12. Екі қатынастың теңдігі ? ( Пропорция )
13. 90 – ның 30 - ты неге тең ? ( 27)
IV. Жорға
1. Тік бұрыштың өлшемі неге тең ? ( 90 )
2. 10 –ға қарама - қарсы сан ? ( 10 )
3. 14 – тің квадраты ? ( 196 )
4. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең ? ( Табанының жартысына тең және оған параллель болады )
5. Үшбұрыштың медианасы деген не ? ( Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғасының ортасына дейінгі кесінді)
6. Екі санның бөліндісі басқаша қалай аталады ? ( Бөлшек )
7. 40 – ты 0,4 – ке бөліңдер. ( 100)
8. неге тең ? ( 81)
9. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не ? ( Бөлшектің алымында , бөлімінде бірдей натурал санға бөлу )
10. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. ( Жанама )
11. Хорда деген не ? ( Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді )
12. 60 – тың 20 - ті неге тең ? ( 12 )
13. Ең кіші екі таңбалы сан ? ( 10 )