Түзету-дамытушылық: Балалардың ұсақ моторикасын саусақ жаттығу арқылы дамыту
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
- Салем Алим. Бүгін сабақта біз « Азық түліктер» тақырыбы бойынша әңгімелесеміз.
Сабақты массаж жасаудан бастаймыз.
I I. Артикуляциялық жаттығу
"Пароход гуілдейді"
тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдынғы жағының қимыл қозғалысын жетілдіру.
"Піл"
Кішкене құбырмен еріннің алға керіп қойып , құрастыру " кішкене піл тұмсығы "," суды теріп алу ", сәл мыналар жанында тамсана
"Күрке тауық"
Тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдіңалдыңғы жағынан қимыл-қозғалысын жетілдіру.-" ба - ба - ба - ба ...",-деп дыбыс шығару.
"Жаңғақтар"
Ауыз жабық
Тіл ұшы күштенумен алма-кезек тіреліп жатыр беттің
Жақтарда қатты түйіршіктер құрылып жатыр -" жаңғақтар "
I I I. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.
1.Азық түліктің маңыздылығы жайында әңгімелесу.
Адам өсіп,даму үшін оған тамақтану қажет. Ол үшін дұрыс және пайдалы тамақтарды жеу қажет.
Мысалы: сүтті тағамдар, етті тағамдар,жеміс және жидектер.
Саусақ жаттығуы
Көңілді саусақтар
Бас бармағым - атам,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен,
Міне, менің барлық отбасым!
2. Азық – түліктердің түрлері жайында әңгіме.
Біз азық түліктерді бірнеше топқа бөле аламыз.
Мысалы:
Сүтті тағамдарға сут, айран, қаймақ , май, ірімшік және т.б жатады.
Етті тағамдарға ет, шұжық, тұшпара және т.б жатады.
Ұнды тағамдарға нан, макарон, печенье және т.б
3.Сурет бойынша жұмыс.
1) Берілген суреттен сүтті тағамды көрсет.
2)Суреттен көкөністі тап.
3)Суретте етті тамақ көрсет.
IV. Қорытынды:
Бүгінгі сабақта бала артикуляциялық,саусақ жаттығуларын жасап, ұсақ моториканы және тілін дамытты. Азық түлік туралы білімін кеңейтіп, азық түліктін қажеттілігін түсінді.