Просмотр содержимого документа
«разработка логопедия»
Тақырып: «Т-Д» дыбыстарын салыстыру
Мақсаты:Т-Д дыбыстары туралы балалардың білімдерін қалыптастырып, оларды дұрыс айтуға, басқа дыбыстардан ажырата білуге үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, балаларды ұқыптылыққа, сабақта әдептілік сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, сөздер жазылған карточкалар, буындар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1) амандасу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жаңа сабақ.
Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді (түтін)
Екі құлақты
Он екі таяқты (домбыра)
Түтін сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? \Т\
Домбыра сөзінде \Д\
Осы дыбстарға сөздер айтамыз \тауық, доп, тал, дыбыс, терезе т.б\
«Т» дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. «Д» ұяң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында кездеседі, сөз соңында келмейді.
Т – Д дыбыстарының артикуляциясын қою.
Т дыбысын айтқанда ерін сәл ғана ашылады, дыбыс тіс арасынан шығады, тіл үстіңгі тіске тіреліп тұрады. Дыбысты айтқанда қысқа қысқа дем (жел) үрленеді.
Д дыбысын айтқанда т дыбысындағы жағдай қайталанады, тіл ұшы астыңғы тіске тіреледі.