Мен өскенде кім болам?
Мақсаты: 1.Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу.
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, есте сақтау, тез шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.Сөз бен сөзді дұрыс байланыстырып сөйлеуге, сұрақтарға нақты әрі толық жауап беруге дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру.
Түзету жұмысы: дыбыстарды анық, қатесіз, түсініп, дыбыстауға, сөйлеу ережесін үнемі есте сақтап сөйлеуге, ойларын ашық, еркін жеткізуін қадағалау.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық.
2.Сөйлеу ережесі.
- Балалар, қане орнымыздан тұрып, келген апайларымызбен амандасып, өз жылы лебіздерімізді білдірейікші.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті апайлар!
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
2. Сөйлеу ережесін еске түсірейікші.
Дыбыстарды дұрыстап,
Сөйлейміз біз анықтап.
Жұрнақ жалғау жалғаймыз,
Сөзбен сөйлем құраймыз.
- Жарайсыңдар, орындарыңа отырыңдар.
Бүгінгі сабағымыз кәсіби шығармашылық тақырып бойынша, яғни мамандықтар жайлы.
Ой қозғау.
- Балалар, мамандық дегеніміз не?
- Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Дәрігер, ағаш ұстасы, аспазшы, ұстаз құрылысшы, психолог, логопед, тігінші, есепші, журналист т.б.
- Ия, дұрыс айтасыңдар. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі, яғни әртүрлі салада қызмет етушілерді айтамыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандықты әркім әртүрлі таңдайды. Біреулер кішкентайынан армандаған мамандықтарын таңдаса, ал біреулері өз отбасындағы мүшелерінің мамандық саласы бойынша, яғни ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мамандықтар, ал енді біреулері лауазымына, атағына қызығушылықтарымен барады. Солай таңдауға бола ма?
- Жоқ, әрине, өйткені бұл мамандық өмірде бір-ақ рет таңдалады және беріледі.Өмірде бақытты, дұрыс өмір сүру үшін дұрыстап мамандық таңдауларың қажет. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Мамандықты жүрек қалауымен таңдау керек. Жақсы маман болу үшін сабақты жақсы оқу керек. Сонда ғана сендерден жақсы маман иелері шығады.
- Балалар, сендер жылдан – жылға сыныптан-сыныпқа көшіп, ер жетіп келесіңдер. Әрбір адамның өз армандары болады. Ең алдымен арманға жету үшін дұрыс мақсат қоя білу керек. Сонда ғана армандарың орындалады.
- Сендердің армандарың қандай?
- Келешекте кім болғыларың келеді?
- Қандай мамандықты таңдар едіңдер?
- Алдарыңа алмаларды тарқатамын, сол алмаға өздерің қалаған бір мамандықты жазып, жеміс ағашына ілеміз.
Балалар оқиды.
- Неліктен бұл мамандықты таңдадыңыздар?
- Несімен ұнайды?
- Өмірде кімді үлгі тұтасыңдар?
Балалардың жауабы тыңдалады.
- Жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге үйге осы мамандық жайлы «Мен өскенде кім болам?» атты тапсырма берген болатынмын. Олай болса, сол шығарманы дауыстап, түсінікті етіп, қатесіз оқимыз.
Балалар оқиды, талдаймыз. Сұрақ - жауап арқылы пысықтау.
Жеке жұмыс: оқушыларға сурет бойынша әңгімелесу.
- Балалар, мамандықты – адамның еңбек қызметінің түрі деп айттық. Ал, енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде?
- Еңбек адамның қызметі, ал жақсы маман болу үшін білімді, білікті болуымыз керек екен.
- Қандай мамандық, еңбек туралы мақал – мәтел білеміз?
- Ердің атын еңбек шығарады.
- Түйір нан - тамшы тер.
- Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
- Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
- Шеберді саусағы асырайды.
- Диқан жерді анасындай сүйеді.
Жер диқанды баласындай сүйеді.
Балаларға сұрақ:
- Көз бізге не үшін керек?
- Көру үшін, оқу үшін.
- Қол не үшін керек?
- Еңбек ету үшін, жазу үшін.
- Ал мамандық не үшін керек?
- Белгілі бір салада қызмет ету үшін, еңбектену үшін, білім алу үшін.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Сабақ сендерге ұанады ма?
- Неліктен?
- Сабақ ұнады. Өте қызықты, әрі түсінікті болды.
- Біз нені үйреніп, нені білдік?
- Тәрбиелік мәні неде?
- Өмірде мамандықты дұрыс таңдай білу керек екендігін, жан – жақты білім алу керектігін, адал, мейірімді, жаңашыр, халыққа, елге пайдасы бар маман иесі болу керектігін ұғындық.
Абай атамыз айтқандай:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан, - демекші, өмірде өз қалаған мамандық иелері болып, Қазақстан Республикасының адал да, білімді, адамгершілігі мол азамат пен азаматша болуларыңа тілектеспін.
Бағалау. Балалар өз – өздерін бағалайды.