«Б дыбысы мен ?рпі » атты ??рыл?ан саба? жоспары жалпы білім беретін мектептердегі жалпы с?йлеу кемістігіні? 1 сыныбына арнал?ан.Саба?ты? ??рылымы жалпы ж?не жеке о?ыту ?дістемесінде ??рыл?ан.
Саба? жоспары о?ушыларды? тіл кемістіктерін т?зетуде жа?аша о?ыту ?дістемесі бойынша ??рыл?ан.Саба?ты? ма?саты: «Б» дыбысы мен ?рпін таныстыру. «Б» дыбысын бас?а буын, с?з, с?йлем ішінде д?рыс ажырата білуге ?йрету.
Саба?ты? міндеті:«Б» дыбысын жеке, буында, с?зде, с?з тіркесінде, с?йлемде аны? айту?а машы?тандыру, дыбысты? талдау да?дыларын дамыту. Ойын тапсырмалар ар?ылы ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту. О?ушыларды? ой – ?рісін, тілдерін дамыту, о?и білуге да?дыландыру. Білімділікке, сауаттылы??а т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Б дыбысы мен ?рпі»
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: «Б» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Б» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Сабақтың міндеті:«Б» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту. Ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ой – өрісін, тілдерін дамыту, оқи білуге дағдыландыру. Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу . Сабақтың түрі: топтық сабақ Көрнекілігі: «Б» дыбысының артикуляциясы , артикуляциялық жаттығулар суреттері, айналар, түрлі суреттер, ойын тапсырмалар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі а).Сәлемдесу.Бүгінгі күн ,айы, апта күні,мезгілі. б)Психожаттығу. - Балалар, күн шуағын шашқанда, біздің көңіл күйіміз қандай болады? (Қуанамыз) - Біздің түрімізден қалай бақылауға болады? - Біз жымиямыз, иә? Қане, бір-бірімізге жымиялық. - Ал егерде бұлттар пайда болып жатса? (Таң қаламыз) - Бір мезетте найзағай жарқылдады қорқып кеттік. - Енді жаңбыр жауып кетті, біз не істейміз? Көңілміз түсіп кетті. Барлығын мимикамен көрсетеміз. Ал енді біздің көңіліміз көтеріңкі болу үшін біз күнді құрастырамыз. Күннің пішіні қандай?( Дөңгелек) в)Артикуляциялық жаттығулар «Сылақшы», «Ине», «Құлыншақ», «Кеме» артикуляциялық жаттығуларды орындау. г)Саусақ жаттығуы Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Санап көрші қанеки? Бір, екі, үш Жинап алдым күш II.Өткенді қайталау. П дыбысына қатысты сөздерге мысал келтіру. Яғни ,П дыбысы сөздің басында ,ортасында,соңында болатын сөздерге мысал келтіру.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1)Жұмбақ жасыру.
Балта да бар Сиыр да жоқ Балға да бар Қиыр да жоқ (Б) әрпі
Ұзын мұртты сарылар Қойнында наны бар. (Бидай)
Иесі оның сәби Әрі төсек, әрі үй. (Бесік)
Жұмбақтың шешулері қай әріптен басталады? Б дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?
Бидай,бота, балапан, бақа, бөрік,Берік, т.с.с.
Б дыбысы қандай дыбыс? Қалай айтылады? 2)Айнамен жұмыс. - «Б» дыбысы. Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз дыбыс . Хормен айту. Мысалы: бор, басқа, барабан. «Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі. 3)«Дидактикалық ойын». «Б» дыбысынан басталатын суреттерді іріктеп алу. 4)Баспа, жазба түрлерін таныстыру. Балаларға бас әріптің 2-3 данасы ,кіші әріптің 3-4 данасы таратылады.Балалар мұқият қарап, жеке кеспе әліппесіне салып қояды.
IV.Сергіту сәті: «Бақа бақа» V.Талдау және жинақтау дағдыларын дамыту үшін жаттығулар жүргізу.
а) Б дыбысы бар буындарды оқу.( ба, бо ,бұ ,бү ,бө, бы, бі.) б) «Бал » сөзіне дыбыстық талдау жасау.Кеспе әліппеден сөз құрастыру. Ортадағы әрпін алмастыру арқылы сөз құрау. Мысалы:бол,бақ,бас,бал,бөл. в)Осы сөздерді кеспе әліппеден құрастыру,оқу. г)Берілген жолақшаларға ,текшелерге сәйкес келетін суреттерді атау.Мысалы: бас, бала, бұлт. д)Осы текшелерге сөздер ойлау , содан кейін текшелердің орнына тиісті әріптерді қойып ,сөздерді оқу. е) Сөздерден сөйлемдер құру. Сөйлемдерді текшелермен белгілеу, оқу.