Просмотр содержимого документа
«"Көктем аруы!" байқауы.»
«Көктем аруы!» байкауы.
Құрметті әріптестер, балалар бүгінгі «Көктем аруы!» атты байкауға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қыздарымыздың өнерін тамашалап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы ақ – қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді бар әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап , әділдікпен шеше біл – дей отырып әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Медицина бөлімі меңгерушісі:К.О.Құдайбергенова.
Мәдении іс шара ұйымдастырушысы: Б.Ж.Тоқтыбаева.
Кадр бөлімінің бастығы: Қ.Аманбай.
Қойма меңгерушісі: С.Үйсімбаева.
Аға медбике: Ш.Жуасбаевна.
Жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (қатысушы қыздар дайын көйлекпен шығып, өздерін ертегі үзіндісін қолдану арқылы немесе т.б қойылым арқылы таныстырады)
2. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би).
3. «Қолөнер» – құмырадағы гүлді жапсыру( алдын ала дайындалған, кесілген кағаз т.б заттардан жасау,сахнада жапсыру).
4. «Сән үлгісі» – қолдан тігілген, көктем мезгіліне сәйкес көйлекпен музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен жүріп көрсетеді;
5. «Үй тапсырмасы» –А3 форматқа берілген тақырып бойынша дайындау.
1.Ұлы отан соғысына 70 жыл;
2.Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл.
3.Конституцияға 20 жыл: Ата Заң – Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы!
4.Қазақ хандығына 550 жыл;
5.Біз бақытты балдырған.
Жүргізуші:Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата - салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І кезең «Таныстыру».
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.
1. Бакирова Лаура (раушан гүл)
2. Клочкова Алена (сарғалдақ)
3. Мамаева Аружан (таушымылдық-пион)
4. Тебякина Анастасия (қызғалдық)
5. Нысанова Әдемі (бәйшешек)
Ән: «Аппақ гүлдер» Волоскова Кристина.
ІІ. кезең. «Өнер сайысы»
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Арулардың өз өнерлерін тамашалайық
Балдырғандар биі: «А ты меня любишь?»
ІІІ. кезең. «Қолөнер».
Қыздар жаны гүлдей нәзік тым биік
Қыздар жаны-түбі терең тұңғұйық
Жабырқаған жігіттердің көңіліне
Жанап өтіп, жүреді әркез нұр құйып -деп қолөнер сайысын тамашалайық.
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында -деп қолөнер сайысын тамашалайық.
Сұлулық пен нәзікті білгізер -деп қыздардың шеберліктерін, үй тапсырмасын көрсетеді.
Би: «Кемпірқосақ».
Жүргізуші:
Әділқазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша Молдабаева Ұлбаланың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік ./Марапаттау/