kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара "К?ктем аруы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: "К?ктем аруы" ?ыздар арасында бай?ау.

Ма?саты: ?ыз балаларды? жан д?ниесіндегі к?ркемдік тал?амын ?алыптастыру, ?аза? хал?ыны? ?ыз т?рбиелеу салт - д?ст?ріне байланысты ?дептілікке, инабаттылы??а, ізеттілікке т?рбиелеу.

Б?л шара сынып арасында ?ткізілді. К?ктем аруы бай?ауы 7 турдан т?рады:

1 тур: "С?лем - с?зді? атасы" - деп аталады, ?р ару ?зін ?зі таныстырады.

2 тур: "?нерлі ?рге ж?зер", ?р ару ?з ?нерін к?рсетеді.

3 тур: "С?ндік ?нер"

4 тур: "Аспаз сыры"

5 тур: "Ою ой?анны? ойы ?ш?ыр" арулар ?а?аздан ою ойады.

6 тур: "Ма?ал - м?телдер сайысы" арулар ма?ал- м?тел айтып жарысады.

7 тур: "Білімді мы?ды жы?ар" с?ра?тар?а жауап беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "К?ктем аруы"»

Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, интерактивті тақта.
1-жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
2-жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
1-жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты конкурсымызды ашуға сынып жетекшіміз Айгерім Қайыржанқызына сөз берейік.
2-жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
2-жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1-жүргізуші:

1) Дильназ қызымыз білімді
Меңгерген бар ілімді
2) Даяна қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
3) Ақша бетті Алина
Ұқсайды хор қызына
4) Жанзита қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Шығады ол ортаға
Бұрымдары желбіреп.
2-жүргізуші:

5) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Аяулым да қатарынан қалмаған.
6) Атыңнан айналайын Айару деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
7) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Сауленің де алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.


1-жүргізуші:

5 «Б» сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма да тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Өнерлі біздің барлық қызымыз.

2-жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
(..., ..., )
1-жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді.

3 - шарт. «Сәндік өнер»
4 - шарт. «Аспаз сыры»
5 – шарт. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
6 – шарт. Мақал – мәтелдер сайысы

7 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
2-жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.


Ендеше І тур таныстыру.

2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- аруларымыздың сәндік өнерін тамашалайық.

4 тур: «Аспаз сыры»
5 тур: «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
6 тур: Мақал – мәтелдер сайысы. (Бір тақырыпты суырып, берілген тақырыпқа байланысты мақал мәтелдер айту)

Достық туралы мақал – мәтел.

Білім туралы мақал – мәтел.

Денсаулық туралы мақал – мәтел.

Отан туралы мақал – мәтел.

От басы туралы мақал – мәтел.

Еңбек туралы мақал – мәтел.

Табиғат туралы мақал – мәтел.


7 тур: «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
6. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
7. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
8. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
9. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
10. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
11. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
12. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
13. Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)


Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік. (Сайыскерлерді марапаттау)
Құрметті арулар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сыныптан тыс шара "К?ктем аруы"

Автор: Абдрахманова Айгерим Кайыржановна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310962


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства