Просмотр содержимого документа
««К?ктем аруы» бай?ауы (8 наурыз сценарий)»
«Көктем аруы» байқауы (8 наурыз сценарий)
Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!
Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыp!
2- Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
1-Жүргізуші
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін, Бақыт пен астастырып әр күндерің Босатып қара жердің тұла бойын Келдің бе, сегізінші наурыз күнім. 2 - жүргізуші: Ана деген бұл өмірдің мәні ғой, Ана деген бұл өмірдің сәні ғой Ән жырымен дүниені тербеген, Ана деген бұл өмірдің жаны ғой. 1 - жүргізуші Ана біздің жарқыраған нұрымыз, Ана біздің солмас мәңгі гүліміз. Анамызды аялай біз білейік, Ана біздің жазып бітпес жырымыз. 2 - жүргізуші: Арулар - аяулылыр, ардақтылар, Өмірге жылу болып қалмақ болар. Арулар – тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір - біріне жалғап тұрар. 1 - жүргізуші: Сұлулыққа қарап көз тоймайды Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды Естілер құдіретті бүгінгі сөз Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы. 2 - жүргізуші: Ананың құтты болсын, мерей тойы Бүгінгі айтылатын көптің ойы Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда Ауылымның арта берсін абыройы- дей келе құттықтау сөзін шаңырағымыздың басшысы Садвокасов Серғазы Уәлиұлына беріледі.
1 - жүргізуші Той пердесін ашайық Жырдан шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз. Ән: Анаға сәлем Орындайтын: Балтабаев Дәулет Бәшімұлы
2 - жүргізуші Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ендеше, «Ару қыздар – 2014» байқауына қош келдіңіздер!. Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса бастайық!
1 - жүргізуші Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Аруларды кезекпенен ортаға шығарайық
2 - жүргізуші Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
Аяжанның сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1 – ші талапкеріміз 5-сынып оқушысы Дулат Аяжанды ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші
Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан Айдана қыз
2– ші талапкеріміз 6- сынып оқушысы Мадимарова Айдананы қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
– ші талапкеріміз 11- сынып оқушысы Дәнебаева Динараны қол соғып қарсы алайық, халайық!
1-Жүргізуші
Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
2- Жүргізуші:
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)
2) «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан шығарма оқу)
3) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
4)Үй тапсырмасы. Бір салат дайындап келу, оның құрамын, атын, дайындау тәсілін айту
5) . «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету) 6) «Зерделінің ойы озық» (Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.
1- Жүргізуші:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. Бекмурзенова айгүл Базархақызы – директордың оқу ісінің меңгерушісі 2. Умбетова Жайнагүл Макенқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 3. Қыйлажева Алтынгүл амантайқызы – технология пәні мұғалімі 4. Жанғазина Айгүл Әділханқызы – Музыка пәнінің мұғалімі
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
2-Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1-Жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын». Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
2- Жүргізуші:
Құтты болсын мейрамы аналардың Қуанышын көрсінші балалардың Сіздер үшін бүгінгі орындаулар Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Музыкалық нөмер сынып_______________________________________________
Әділ – қазыларданарулардыңбағасынкүтеміз
1-Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.
2-Жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз! Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз! Таңғажайып әлемі - өнер аты, Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
ІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады (Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан үзінді оқу)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1-Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші,
ІІІ кезең: «Кім жылдам?» (Әр ару өзінің шеберлігін, икемділігін көрсетеді). 1 мин ішінде Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
2-Жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап Аққайың да ұрлана таңырқамақ Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай Ес еркінді әкеткен барымталап. Музыкалық нөмір__________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
ІV кезеңде Үй тапсырмасы
1-Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып.
Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді
2-Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді,
Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.
Музыкалық нөмір_________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
V кезең
1-Жүргізуші:
Сұлу қыздар, ару қыздар Шашты кеспей күтіп оны қараңдар. Қыздың көркі шаш екенін түсініп, Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсетуде сынға түседі.
Музыкалық нөмір_____________________________________-
1-Жүргізуші:
6 кезең :Зерделінің ойы озық
Зерделінің ойы озық Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі сұрақ – жауап сайысында Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар
1. Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз… Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл сөз көнсеңіз.
3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)
4. "Байғазы" деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)
5. Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Үш ғайып - ажалғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. 6. Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел). Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. 7. Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті. Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақ. Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық.
1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық
10. Алты игілік
1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)
11. Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып). 2. Шақырса – бару. 3. Кеңес сұраса – ақыл қосу. 4. Сұрағына – жауап беру. 5. Ауырып қалса – көңілін сұрау. 6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)
12. Жеті жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ел жетім, Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Нәзік жандар қашанда ел еркесі Отбасының отанның берекесі О, қош жарқырап ортамызға Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік сәлем Ғалия Серікқызы жолдайды. Ән: Қыз сынып Орындайтын: Исмакова Ғалия
1 - жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар Адастырмас оң жолдан үлгісі бар Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 - жүргізуші Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы Ержігіттің бірінші ізгі арманы Тіршіліктің жылуы, сұлулығы Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
1 - жүргізуші Көркемдікке көмілген келбетіне Көз тимесін деп достым сен де тіле Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды Айна көктен жететін жер бетіне.
1 - жүргізуші Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем аруы - 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын - дей отырып, балаларыңыздан гүл шоқтарын қабыл алыңыздар бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,.
Осымен концертіміз аяқталды.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!